Бұдан біраз уақыт бұрын жарияланған Internews in Kazakhstan CAIIA бағдарламасы аясында жарияланған контент грант байқауына ArtKӧshe тәуелсіз театры «Jaqtaudağy Gül» спектаклінің концептін ұсынған екен. Спектакль араға бірнеше уақыт салып көрерменге көрсетіле бастады.
Драма балалар мен жасөспірімдердің өзекті мәселесі туралы. Анығырақ айтқанда балалар жайлы ересектерге арналған қойылым. Жасөспірімдердің ата-анасымен, мұғалімдермен, оқытушылармен, медиамен, қоғаммен, өзара қарым-қатынасы және сол қарым-қатынас барысында пайда болған түсініспеушіліктің салдары жайлы. Жас өлшемі 16 +.
Спектакльдің шығармашылық тобы оны «Жасөспірім балалары, туыстары бар, мектепте ұстаздық ететін, қоғамға дұрыс құндылықты таратамын дейтін әрбір адам көрсе дейміз», – дейді.
Расында қойылым ойлантады. Әрбір қарым-қатынастың нәзік тұсынан хабар береді. Қазіргі қоғамда әсіресе жасөспірімдерге батып жатқан ауыртпалық жайлы мәселе өте нәзік айтылады.
Спектакль 13 маусымда тағы болады. Барам-көрем деген кісілер тіркеліп, бара алады. жүзеге асып жатқан жоба болған соң, кіру тегін. Бірақ ұйымдастырушылар орын санын жоспарлауы үшін тіркелу керек
Парақшамызға жазылыңыз