///

Париж олимпиадасы: Қазақстан қоржынында бір алтын

1640 рет қаралды

Фото: Олимпиада Париж Казахстан телеграм каналынан

Олимпиаданың бірінші күні спортшыларымыз бір қола, бір алтын жеңіп алып, біраз елді қуанышқа бөледі. Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы Париж олимпиадасының алғашқы медалін жеңіп алды. Ал Франция аспанында көк туымызды желбіреткен Елдос Сметовтің жеңісіне қуанбаған адам аз болды.

Одан бөлек алғашқы жарыс күні дзюдошы қыз Абиба Әбужақынова бесінші орынға тұрақтады. Ал боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Үстел теннисінің шебері Кирилл Герасименко 1/16 финалға өтті. Жоғарыда аталған спортшыларға жарайсың деп айтуға болады.

Ал велошабандоз Евгений Федоров көптің көңілін қалдырды. Ол 21 орыннан көрінді. Нысана көздеген Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова, Константин Малиновский мен Арина Алтухова жұбы да іріктеу сындарынан аса алмай жарыстан шығып қалды. Академиялық есу шебері Владислав Яковлев те қарсыластарына ілесе алмай іріктеу сынынан кейін жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Бұл спортшылар ең болмағанда жарыс жолына шықты. Ал Елена Рыбакина болса, аяқ астынан ауырдым деп жарысқа келмей қалды. Одан үлгі алды ма? Әйтеуір енді додаға түседі-ау деп отырғанымызда Юлия Путинцева да жарақат алып қалдым деген желеумен жарысқа шықпай қалды. Александр Бублик бірінші айналымда жеңілді. Теннисшілердің “өнеріне” қарап отырып, сырттан спортшы алдыру онша жақсы идея емес екеніне көз жетті. Олимпиадаға аттанған теннисшілердің үшеуі ресейлік болса, біреуі Украинада туған.

Фото: Олимпиада Париж Казахстан телеграм каналынан

Бүгін қазақ елі бадминтоншы Дмитрий Панарин, нысана көздеуде бақ сынайтын Александра Ле, Арина Алтухова, Константин Малиновский және Ислам Сәтбаевқа, ескек есуші Владислав Яковлевке жанкүйер болады. Сондай-ақ дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов сияқты семсерлесушілердің тілеуін тілейді. Жарыс жолын боксшыларымыз Әйбек Оралбай, Асланбек Шымбергеновке және Назым Қызайбай бастайды. Теннисші Александр Шевченко да бүгін бақ сынайды.

Фото: Олимпиада Париж Казахстан телеграм каналынан

Бүгінгі күннің басты фавориті Ғұсман Қырғызбаев. Гранд слэм турнирлерінде бәр алтын, 4 медаль, гран при жарыстарында екі алтын жеңіп алған Ғұсман 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жеңіп алды. Екі мәрте Азия біріншілігінде қолаға қол жеткізді. Кеше мықты өнер көрсеткен мергендерге сенім артуға болады. Боксшыларымыз да бірінші жекпе-жектерін қатты қинала қоймасы анық.

Түгелбай Бисен, БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар