Ливиядағы қақтығыс:«Одиссей таңы» операциясына қашан нүкте қойылары белгісіз

698 рет қаралды
2

lӨтірік-шыны қаншалықты екені Аллаға ғана аян, әрине, Араб елдеріндегі төңкерістердің негізгі авторы АҚШ деген сыбыс тарап жүр. Қытайға кететін қара алтынның жолын бөгеп қалу мақсатында екен-мыс. Біріне-бірі жалғасып жүре берген, билікті аударып тастау миссиялары Араб мемлекеттерін баудай түсіріп жатқан жайы бар. Әзірге ең «көрнектісі» Ливиядағы жағдай болып тұр. АҚШ президенті Барак Обама Ливиядағы операциялар тұрғындардың өмірін сақтап қалды деп мәлімдеме жасапты. Дегенмен, әуе шабуылдары басталғалы бері 300-дей Ливиялық қаза тапқан. Бірақ, олардың қаншасы қарапайым тұрғындар, қаншасы әскерилер екені белгісіз. Әскери операция, Париж саммиті өткеннен кейін 3 сағаттан соң басталып кеткен. Бұл жағдай АҚШ-тың Ирактың шат-шәлекейін шығарғаннан кейінгі ірі қимылы болып тұр. Бұл мемлекетте қақтығыстар басталмас бұрын, күніне 1 млн 600 мың баррель мұнайды экспортқа шығаратын. Алайда, көтерілістер басталғалы мұнай өндірісі күніне 100 мың баррельге қысқарған. Көптеген мұнай алпауыттары өз қызметкерлерін елден әкетуі «қара алтынның» көлеміне ықпал жасап, өндірісті тоқтатуда.

L1Қазіргі таңда ірі БАҚ өкілдері өз тілшілерін Ливияға жіберіп, тікелей репортаж таратуда. Солардың бірі «Нью-Йорк таймс». Риа-Новостидің хабарлауынша сол газеттің төрт журналисі хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

L4ивиядағы операцияны Франция, АҚШ, Англия қостап, коалиция құрғанымен ҚХР және РФ басшылары БҰҰ мен аталмыш елдердің бұл қадамдарын құптамай отыр. Ресей прьемері Путин, басқа елдердің ішкі ісіне араласу АҚШ-тың сыртқы саясатындағы тұрақты тенденцияға айналып бара жатыр дейді. Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. БҰҰ – Каддафи күштерінің оппозицияға қарсылығын тоқтату үшін Ливия үстінен ұшуға тыйым салатын жарлық қабылдаған. Алайда Путин, БҰҰ-ның Ливияға «тәйт» деуіне дауыс та бермей, вето қою құқығын да пайдаланбаған. Айтпақшы, жақында Ресейге АҚШ вице-президенті Джозеф Байден қонаққа келді. Құр келіп ғана қоймай, Ресей саясатына доқ көрсетіп кеткен. «АҚШ келер жылы Путиннің сайлауға түсуін қаламайды. Егер Путин билікке келген жағдайда Ресейде Араб елдеріндегідей төңкеріс болуы мүмкін» деп бал ашыпты Байден. Бірақ, мұны бал ашты дегеннен гөрі, тікелей мінез көрсету деп түсінген дұрыс болар.

L6L5

Ливия көсемі Муаммар Каддафи үкімет жағына шыққандарға 400 доллардан сыйақы беремін деп мәлімдеп, қаруларын тастауға шақырған. Бірақ, Бенгази мен шығыстағы атыс-шабыстың әзір тыйылатын түрі жоқ. Ал Каддафидің ұлы Франция президенті Н.Саркозиден сайлауалды науқанына берген қаржысын қайтаруды талап еткен. Сайф әл-Ислам, тіпті Саркозиді «клоунға да» теңеп жіберген көрінеді. Каддафиге қарсы оппозиция қантөгістің тоқтатылуын талап етіп шеруге шығып жатыр. Жақында Обама мен Англия бас министрі Кэмерон телефон арқылы Ливия тақырыбын талқылаған. Ол тілдесуде Ливиядағы жағдай тым өршіп кеткендіктен де, соғыс өртінің алдын алуды сөз еткен дейді білетіндер. Әйтсе де қарапайым халықты бомбалап алып, кейін халықтың жағдайына алаңдаушылық білдіруі таңғалдырды. Каддафи өзін «Таяу шығыс елдерінің патшасымын» деп жариялаған-тын. Муаммар мырзаның да енді күні еңкейген сыңайлы. АҚШ-тың бұл жолы «ұяты келді ме», Ливия жауапкершілігін Германия мен Италияның да мойнына іліп қойды. «Одиссей таңы» операциясына қашан нүкте қойылары белгісіз.

 

Абай Аймағамбетов,

ҚазҰУ-дің студенті.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Мақалаң жақсы шығыпты. 81-жылы сол кездегі Египеттің презденті Садат әскери парат кезінде қастандықпен өлтірілгенде президенттің орынбасары Мүбарак оның қасында отырған болатын. Бұл ретте Араб әлемі өзіндерін жоғалтты ғой. Соңғы уақыттағы толқу мен қарулы қақтығыстардың бәрі сен айтқандай перде артында АҚШ от көсеп тұр. Осы сияқты сұмдықтан қанша жамандасақ та біздің елдегі ұзақ уақытқа жалғасқан “нұрлану” сақтануы керек. Ал, орыс мүддесі мен қытай мүддесі қақтығысқа түсіп тұрғанда оған АҚШ пен Еуропа елдері киліге қоймас деп ойлаймын. Килікпеді екен деп бағана атаған екі мүддені елемеуге болмайды.

  2. Осының барлығы мұнайға балама болатындай қуат көздерінің табылып жолға қойылмауынан. Әмбе ол тіптен қымбатқа түсер дүние. АҚШ ақымақ емес, соқтығатын елді біледі.. 17 мил. болатын Ирак, ат төбеліндей Сирия, Араб әлемінің жалғыз сүйеніші болған Мысыр… тағысын тағы. Ал Иранға тісі батпайды… 100 млнды басып алу баланың ойыны емес…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар