/

Талғарда кісі қолынан қаза болған жасөспірімнің ата-анасы Салтанат Нүкенованың ағасынан көмек сұраған

1873 рет қаралды
1
Pexels.com

Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Полат Шерзаттың туыстары Салтанат Нүкенова атындағы қордың негізін қалаушы, құқық қорғаушы Айтбек Амангелдіден көмек сұраған. Бұл туралы құқық қорғаушының өзі хабарлады.

Құқық қорғаушы марқұм Шерзаттың отбасына тегін заңгерлік көмек көрсетуге келісіп қойған.

«Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен», – деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның отбасына адвокат Асқар Қаймақов, Карина Көшербаева, Марал Жайлаубаева көмектесетін болады. Сондай-ақ бұл іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова қосылған.

Құқық қорғаушымен тілдескен марқұмның ата-анасы баланы 13 адамның ұрып-соққанын айтқан. Қайтыс болған жасөспірімнің отбасына тиесілі дүкенге келген азаматтардың біріне дүкен иелері сағат 22:00-ден кейін сыра сатудан бас тартқан. Осыдан кейін жанжал туындап, арты қайғылы оқиғаға ұласқан.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдікті 7 азамат 2 ай мерзімге қамауға алынған. Бұған қоса, қылмысқа қатысы бар адамдардың нақты жауапқа тартылатынын айрықша атап өткен.

Прокуратура өкілдері куәгерлерден осы іске байланысты тергеуге көмектесетін ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрады.

7 қазан күні қайтыс болған баланың туыстары Талғар ауданы әкімдігінің алдына жиналып, істің әділ тергелуін талап еткен. Осы даулы жағдайдан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов оқиғаны өз бақылауына алғанын жазды.

 Оқиғаның мәнжайы қандай?

Ағымдағы жылдың 4 қазанында 16 жастағы жігіт жаппай төбелес кезінде қайтыс болды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкенде басталған. Қаралы түні үйдің отағасы түнгі ауысымда жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, ер адам сауда нүктесіне бір құты сыра ішуге келген, бірақ ол үшін ақша төлегісі келмеген, сөйтіп ұрыс-керіс басталған.

16 жастағы Шерзат пен оның ағасы әкесін жақтап, клиенттен кетуін өтінген. Бірақ оның орнына жанжал шығарған азамат достарына қоңырау шалып, дүкенге үш көлік келеді.

“Ұлым маған қоңырау шалып, қазір әкесі мен ағасын ұрып-соғатынын айтты. Бірден дүкенге жүгірдім. Бірақ мен жеткенше ұлым мен күйеуімнің ағасын ұрып-соғып үлгеріпті. Күйеуі пышақ ұстаған адамды олардан алып кеткен. Оны қаруланған деп қорыққан. Бірақ ол жердегілердің барлығында пышақ, тіпті мылтық болды. Ұлымды көз алымда көкала қойдай етіп сабаған. Оның қансырап жатқанын көрдім”, – дейді жігіттің анасы Гүлбара Бишембиева.

Қайтыс болған жасөспірімнің анасы ұлы мен қайын ағасын ұрып-соққан соң күдіктілердің оларды пышақтағанын айтады. Туыстары зардап шеккендерді ауруханаға апарған. Бірақ ол жерде жасөспірім көз жұмады.

“Шерзаттың әкесі тек клиенттің тауар үшін ақша төлеуін қалаған. Бұл дұрыс қой. Келген адам не себепті оларға тиісіп, төбелесіп, біреулерге қоңырау шала бастады? 15-20-дан кем емес адам келді. Олардың арасында үш-төрт қыз болды. Барлығы жас, бірақ өздерін аңдар сияқты ұстады. Тіпті мылтықтары мен пышақтары болған”, – дейді көз жұмған жігіттің тағы бір туысы Күләш Римова.

5 қазан күні марқұмның денесі үйге жеткізілді. Олардың отбасында бес бала болған дейді. Шерзат – ең үлкені. Сондықтан кішілерге үлгі болуды армандаған. 10-сыныпта оқып жүрген жасөспірім әскери училищеге түсуге дайындалыпты.

“Өте мейірімді және ашық-жарқын бала еді. Ешқашан ешкіммен қақтығысқан емес. Барлығына құрметпен қарайтын. Түнде ол төбелескісі келмегеніне сенімдімін. Физикалық тұрғыдан мықты болған және кез келген адамға қарсы тұра алатын. Бірақ олардың саны тым көп болды”, – дейді туысы Бақыт Римова.

Туыстары күдіктілер жергілікті тұрғындар дейді. Олардың барлығы бір ауылда тұрған, бірақ жеке таныс болмаған.

“Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – дейді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев.

Төбелеске қатысқан Шерзаттың ағасына үш рет пышақ салғаны белгілі болды. Қазір ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. […] кетейік, Алматы облысында жас жігіттердің төбелесі 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар