/

Алматыда «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» атты фестиваль өтіп жатыр

2368 рет қаралды

Бүгін Алматыдағы «Ramada» қонақүйінде ERG қолдауымен Мінбер журналистерді қолдау
орталығы ұйымдастырған дата фестиваль өтіп жатыр. Бір күндік іс-шараға шамамен 60-тан
аса адам тіркелген.

Фестиваль екі панельдік сессия мен төрт шеберлік сағатынан тұрады. «Дата және жасанды интеллект. Қазақ журналистері заманауи трендтерге қаншалықты дайын?» деп аталатын бірінші панельдік сессияда контентті заманауи талаптарға сай етіп бейімдеу жолдары талқыланды. Спикерлер ретінде IT-аналитик Тимур Бектұр, ҚазҰУ Ассоц-профессоры Қарлыға Мысаева, Internews Kazakhstan CAIA бағдарламасының менеджері Бэлла Қасымқызы, Factcheck.kz журналисі Жансерік Тілеухан, “Азаттық” радиосының интернет-редакторы Мақпал Мұқанқызы және “Мінбер” жобасының координаторы, стратегиялық коммуникация маманы Бақыт Аманжолқызы шақырылған.
«Мінберге 15 жыл: Қазақ журналистикасында не өзгеріс?» атты екінші панельдік сессия түстен кейін өтеді. Мұндағы спикерлер – “Айқын” газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы, медиа сарапшы, журналист Асылхан Мамашұлы, “Kursiv.media” іскери порталының шеф-редакторы Риза Исаева, медиатренер Жұлдыз Әбділда және ERG өкілі Жанболат Серікбай. Бұл жақта қазақ журналистикасындағы тың өзгерістер, цифрлық трансформация мен стандарттар туралы айтылады.
Ары қарай Асхат Еркімбай жасанды интеллектіні қолдану құралдары туралы, Елнұр Әлімова және Оразай Қыдырбаев жасанды интеллект және этика туралы шеберлік сағаттарын өткізеді.
Newsroom журналистерінің жұмысында жасанды интеллект қолдануға қатысты Тимур Бектұр, қысқа уақытта видео дайындау туралы Аян Ғиззат айтатын болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар