//

Дата және жасанды интеллект: Қазақ журналистері заманауи трендтерге қаншалықты дайын?

902 рет қаралды

Алматыда өткен «Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі журналистика саласының өкілдерін жинап, жаңа технологиялар мен заманауи трендтерді талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

SDU ассистент профессоры және “Minber” қоғамдық қорының жетекшісі, медиатренер Есенгүл Кәпқызы  журналистиканың жаңа трендтері мен жасанды интеллект құралдарының маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, заманауи журналистикада жаңа технологияларды игеру өте маңызды.

Асхат Еркімбай, INTERNEWS KAZAKHSTAN ұйымының медиа эксперті және SDU дата журналистика оқытушысы «Журналист жасанды интеллект құралдарын қалай қолдана алады? Датаны білудің маңызы» тақырыбында арнайы сабақ өткізді. Ол журналистерге деректерді тиімді пайдалану жолдарын көрсете отырып, жаңа технологиялардың ақпарат жинаудағы рөлін атап өтті.

Factcheck.kz өкілі Жансерік Тілеухан «ЖИ пайдаланған контенттерді анықтау жолдары» тақырыбында түсінік беріп, жасанды интеллектпен жұмыс істегенде назар аудару керек мәселелерді баяндады. Оның пікірінше, контенттің шынайылығын анықтау журналистер үшін маңызды дағды болуы тиіс.

Медиатренер, SDU журналистика мектебінің аға оқытушысы, Азаттық радиосының тілшісі Елнұр Алимова «Жасанды интеллект және медиа этика» тақырыбын қозғап, жаңа технологиялардың журналистикадағы этикалық аспектілерін талқылады. Ол медиа саласында этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл фестиваль журналистерге заманауи технологияларды игеруге және журналистиканың жаңа трендтеріне дайын болуға ықпал етті. Дата журналистикасы мен жасанды интеллекттің тиімді қолданылуы ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі.

Гүлжазира Сейдахметова,

Дереккөз: Алматы ақшамы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар