//

Мінбер-15: қазақ журналистикасындағы жасанды интеллектінің рөлі қандай

831 рет қаралды

Алматыда “Дата журналистика және жасанды интеллект” фестивалі өтті

“Қазақ журналистикасына жасанды интеллект, виртуалды журналистика сынды жаңашылдықтарды енгізу қажет”. Бұл – “Дата журналистика және жасанды интеллект” фестиваліне қатысушылардың пікірі. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара Алматыда өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

60-тан астам журналистің басын қосқан жиында екі панельдік сессия мен төрт шеберлік сағаты болды. Онда контентті заманауи талаптарға сай етіп бейімдеу жолдары талқыланып, қазақ журналистикасындағы өзгерістер сөз болды.

Айта кетейін,  “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы бұған дейін республиканың үш аймағында өңірлік тілшілерге арналған тренинг ұйымдастырған.

“Мінбердің” арнайы тренерлері бар. Асхат Еркінбай, Елнұр Алимова, Баубек Сағындық және мен, тренингті тұрақты өткіздік. Сондай-ақ тренинг аясында шеберлік сыныптары өтіп жатыр. Іс-шаралар қатысушыларға сапалы жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп жатыр”, – деді  “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы.

Дереккөз: Almaty.tv

 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар