//

Halyk ҚазҰУ студенттеріне жаңа зертхана сыйлады

1861 рет қаралды

Жаңа семестрден бастап ҚазҰУ студенттері инновациялық IT жабдықтарымен оқи алады

30 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Halyk Academy көпфункционалды зертханасымен коворкинг-аймағы ашылды. Бұл – Halyk банкі мен еліміздің  IT-саласындағы жетекші университеттердің бірлескен жобасы. Жаңа академия ҚазҰУ студенттеріне IT-саланы зерттеу үшін жаңа технологиялар менмүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, студенттер Halyk банкінің бизнес бойынша департаменттерінің мамандарынан дәріс алып, әрі қарай банкте тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады.

“Бүгінде Қазақстанда ел ішінде де, жаһандық нарық үшін де озық сервистер мен технологияларды құруға қолайлы инфрақұрылым қалыптасты. Бұл қаржылық қызметтердің бүкіл әлемде теңдесі жоқ. Қазақстандықжоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің осы прогреске қатысуға мүмкіндігі бар. СондықтанHalyk-та банк ішінде ғана емес, сондай-ақ, еліміздің бас жоғары оқу орындарында да жоғары технологиялықзертханалар құруға басымдық бар. Біз үшін Halyk Academy-ді Қазақстанның әйгілі университетіндеашуымыздың маңызы зор. Себебі ҚазҰУ көптеген жылдар бойы қазақстандық және халықаралықкомпаниялар үшін мамандар шығарып келеді”, – деді Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

ҚазҰУ-дағы жаңа Halyk Academy бағдарламалау мен жобалауға арналған инновациялық технологиялар менжаңа жабдықтарды, сондай-ақ жаңа идеяларды бірлесіп қалыптастыруға және өз жобаларын жасау үшінхакатондарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы коворкинг-аймақты біріктіретін болады.

“Бүгін біздің университет үшін маңызды оқиға, өйткені Halyk атынан еліміздің ең ірі қаржы жұмыс берушісі бізде ақпараттық технологиялар факультетінде Halyk Academy зертханасын ашып жатыр. Жаңа зертханадабіздің студенттер білім алып, қажетті дағдыларды игереді, соның ішінде банк саласындағы жұмыс бойынша. Бір қызығы, Halyk Academy ақпараттық технологиялар факультетінде ашылды, онда бүгінде біздіңэкономикамызға және әлеуметтік өмірімізге жасанды интеллектті дамыту және енгізу бойынша ең ірі зерттеулер жүргізіліп жатыр, ал бұл ғылымның дамуына зор пайда әкеледі”, – деді ҚазҰУ-дың біріншіпроректоры Еркін Дүйсенов.

Halyk және ҚазҰУ ынтымақтастығының арқасында студенттер Орталық Азияның басты банктерінің бірі – Halyk-та тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады және Банктің IT-департаменттерінің штаттық қызметкерлеріретінде кәсіби даму мүмкіндігіне ие болады.

Ашылу салтанатынан кейін Halyk senior-қызметкерлерінің бірі ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне дәріс оқыды, оның барысында Data Science саласындағы тәжірибесін бөлісіп, Halyk-тың озық банктік технологиялары туралы айтты.

Бұл –  Қазақстанның жоғары оқу орындарында ашылған бесінші Halyk Academy. Бұған дейін Halyk мұндайзертханаларды ҚБТУ, ХАТУ, Satbayev University және СДУ-ға сыйға тартқан болатын. Сондай-ақ, жақында Halyk AlmaU-да бизнес студенттері үшін арнайы коворкинг аймағын құрды.

Айта кетейік, Halyk start бағдарламасы бойынша соңғы жылдары тағылымдамадан өтушілер мен штаттық қызметкерлер лауазымына 130-дан аса қызметкер қабылданған болатын. Олардың 70%-ы банктің серіктес жоғары оқу орындарынан келген. Болашақта Halyk серіктес университеттер желісін кеңейтуді, Halyk Academy бағдарламасы бойынша дәрістер мен курстар өткізуді және студенттік хакатондар мен кейс-чемпионаттар ұйымына демеушілік жасауды жоспарлап отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар