///

Жұмыссыздықтың көлеңкесінде: Алматы жастары өзін-өзі жұмыспен қамтуды жөн көреді. Неге?

333 рет қаралды
(сурет Canva қосымшасының ЖИ-і арқылы жасалған)

Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған, ал оның 349 мың халқы – жастар. NEET (жұмыссыз -және оқымайтын 18-35 аралығындағы ) жастар саны 2024 жылдың екінші тоқсанында 349 мыңға жеткен болса , бұл осы 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.  Алматы жастарының басым көпшілігі өзін-өзі жұмыспен қамтуға бет бұрып жатқанының бір себебі осы болса керек.  Бұл мақалада біз жастардың өзін-өзі қамтамасыз етуін  қажеттіліктен бе, әлде жастардың жұмысты өздері іздеуге құмарлығынан ба деген сауалдарға жауап іздейміз.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастар жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды деп мәлімдеген ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» деректерінде. 

2024 жылы Электронды еңбек биржасында 1,15 миллионнан 1,3 миллионға дейін жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Ең көп бос жұмыс орындары Алматы, Қостанай облысы және Астана қаласында ұсынылады.Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында 349  мың жастың әлі де жұмысқа орналаса алмай жүргенін паш етті. Сәйкесінше жастардың арасында өзін өзі жұмыспен қамтуды дұрыс деп қабылдайтындар саны 132 мың.

Халықаралық Еңбек ұйымдарының стандарттарына сәйкес өзін өзі қамтамасыз ету статистикасында 209 мың  16-24 жас аралығында жастар тіркелген.Әлемдік трендтерге сәйкес, Қазақстанда да жұмысқа орналасу мен кәсіпкерлік арасындағы теңгерім өзгеріп келеді. Шынымен де өзін-өзі жұмыспен қамту – тек заман талабына сай тренд пе, әлде жұмыссыздықтың өсуіне жауап ретінде туындаған қажеттілік пе?  

Бұл сұраққа экономист, Мухамеди Ұлан  Бақытжанұлы жауап береді:

  – Адамның жұмыспен қамтамасыз етілуі бірінші ретте Мемлекеттің Экономикасына байланысты, Яғни Окун заңы ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) өсу қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы эмпирикалық қатынас болып табылады,  бұл заң бойынша ЖІӨ өсу қарқынының 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейінің 1%-ға өсуіне әкеледі. Қазақстан мемлекетінің ЖІӨ  өсу қарқыны қарайтын болсақ, 2024 жылы өткен бес жылдан 15 % – ға жоғары өсу қарқыны көрсетіледі. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, халықаралық валюта қоры бойынша өзін-өзі қамтамасыз етушілердің табыс айналымы 693,415 млрд долларға жеткен, яғни 35 – ші орынды алып отыр.  Әрине осындай ЖІӨ өсу қарқыны жастарға жұмыспен қамту позитивті түрде әсер етуде.

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НЕМЕСЕ ФРИЛАНСЕРЛІКТІҢ  БАСТЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ҚАНДАЙ?

Бұл сұраққа заңгер Динара Рамазанова былай жауап береді:

– Қазақстандағы экономикалық жағдайға қарап, жастардың жұмыс табуда қиындықтарға тап болатынын байқауға болады. 2023 жылы Қазақстанда 16-24 жастағы жұмыссыз жастар саны 39 768 адамға жетті, ал бұл жалпы жұмыссыз халықтың айтарлықтай үлесін құрайды. Жастардың тұрақты жұмыс орнын табу мүмкіндігінің шектеулі болуы оларды өз ісін ашуға немесе фриланс сияқты икемді формаларды таңдап, өзін-өзі жұмыспен қамтуға итермелейді.

Фриланс жүйесінің артықшылығы – оның қарапайымдылығы мен тәуекелділікке баруы дер едім. Фрилансерлер кірістерін өздері басқарады, әрі медициналық қызметтерді пайдалана алады және зейнетақы стажын жинайды. Алайда, кемшіліктері де бар: салық төленбегендіктен, базалық қана зейнетақы мен минималды әлеуметтік төлемдерге ғана қол жеткізе алады. Сонымен қатар, банктер оларды несиеге қабілетсіз деп есептеп, ипотека сияқты ірі несиелерді бермеуі мүмкін. Бұл жүйе қосымша табыс көзін іздеген студенттерге немесе ауыл шаруашылығымен айналысатындарға ыңғайлы.

инфографика Canva қосымшасы арқылы жасалған

Қазіргі таңда белгілі бір жастар буынын жиі «зуммерлер» слэнгімен атайды. «Зуммерлер» 2000 жылдардың соңында және 2011 жылдардың басында дүниеге келген ұрпаққа жатады. Олар жаңа технологиялар дәуірінде өскен, цифрландыру мен заманға сай түрде қабылдайды.Осыған қоса, көптеген зуммерлер штаттық жұмысқа кіріп, бір мекемеде тұрақты жұмыс істеуден көрі, жеке бизнес бастап, ИП ашып, фриланс немесе стартап арқылы табыс табуды жөн санайды.

– Менің жағдайымда жеке бизнес, фрилансқа өту аздап бір қорқыныш сезімін ұялатады. Өзім бір тұрақтылық пен басқа да бір кез келген жұмыстарға жалданып тұрғаным тиімдірек деп есептеймін. Себебі, жалақым уақытылы әрі жұмыс орным тұрақты, құжат бойынша бәрі толтырылған. Ал фриланс пен жеке ИП  ашып, өзім кәсіпті бастап кету үшін де капитал да, тәуекел де біршама керек деп есептеймін, –  дейді  Алматы қаласының тұрғыны косметология саласында штаттық режимде жұмыс атқаратын Мақпал Бақытбекққызы.

Зуммерлер штаттық жұмысқа қарағанда өзін-өзі жұмыспен қамтуға немесе фрилансерлікке көбірек қызығады. Қазақстанда, әсіресе Алматыда, осы тенденцияның күшеюі байқалады. 

Қазіргі заман жастарының жұмысты дәстүрлі офистік ортада емес, өзіне ыңғайлы форматта жүргізуге деген сұранысы артып келе ме? Осы сұраққа Алматыда өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген таргетолог, SMM маманы және TikTok мақсатты жарнамасының маманы Әлия Арапова жауап береді.  Ол фрилансер ретінде жұмыс істеп, түрлі компанияларға жарнама таратумен айналысады:

 –  Иә, менің ойымша, қазіргі жастардың дәстүрлі офистік ортада емес, өздеріне ыңғайлы форматта жұмыс істеуге деген сұранысы күн санап артып келеді. Өзім де осы жолды таңдағандардың бірімін. Маған таргетолог ретінде жұмыс істегенде, уақыт пен орынды өзім таңдаған ұнайды, өйткені бұл маған шығармашылық пен шексіз еркіндік береді. Жастардың көпшілігі үшін жұмыс тек табыс көзі емес, сонымен бірге өмір салтына сай болуды қалайды. Офистегі қатаң кесте мен шектеулер оларды шектейді. Ал фриланс немесе онлайн жұмыс оларға икемділік пен тәуелсіздік береді. Бастысы, қазір технологиялар да осыған мүмкіндік беріп отыр, интернет арқылы кез келген жерде жұмыс істеуге болады.- дейді ол. 

  – Негізі осы 2021  жылдары сауда орталығында біреуге жалданып, аниматор болғаным есіме түскенде қазіргі миллиондап табыс тауып жатқан берекелі жұмысым маған көптеген тәжірибе мен табысымнан да жоғары. Басқа бір адамға жалданып, арнайы штаттық режиммен өмір сүрумен не даму да , не жалақымның өсуін де көрмеймін.-” деп жалғастырды ол ойын.

Бұл трендтердің барлығы Алматы қаласындағы жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуының өсуіне әсер етіп, экономикалық қажеттіліктен туған жаңа жұмыс стилі ретінде қалыптасып отыр. Алматы жастары арасында өзін-өзі жұмыспен қамту трендінің қалыптасуы мен өсуі статистикалық мәліметтермен де дәлелденеді. Мысалы, 2023 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі төмендегенімен, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері әлі де жоғары. Жұмыссыз халықтың саны жасы бойынша бөлінгенде, ең ірі үлесті 25-34 жас аралығындағы топ,  54 017 адам алып отыр. Осы бір тенденцияның туындауынан жеке кәсіп, ИП ашып басқа салаға кетіп жататындығы да мәлім болып отыр.

Алматы жастары үшін өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл тек мәжбүрліктен туған шешім емес, саналы таңдау. Алматы жастары үшін бұл – еркіндікті сезіну, жаңа мүмкіндіктерді игеру және өмір салтын икемді жолмен құрудың символына айналды.

Дана Бақытжан, 

SDU “Журналистика” мектебінің 4 курс студенті



Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар