Жақында атағы бір басына жетіп артылатын Александр Машкевич, бүкіл әлемге «Ең ірі деген ақпараттық жаңалық тарататын алып Медиа орталық ашамын, бұл орталық әл-Жазирамен бәсекеге түсе алатын болады», – деп жар салған болатын. Ол бұндай орталықты аша алады делік, оған ешкім де күмән келтіре алмайды. Ал әл-Жазирамен бәсекеге түсе ме, жоқ әлде одан асып түсе ме оны келешекте көре жатамыз. Біз қазір оны емес, болашақ Медиа орталықтың иесі қазақстандық, израильдік, қазір тек қана израильдік миллиардер магнат олигархтардың бірі, Форбс журналынан үш жыл қатарынан түспей келе жатқан Машкевич жайлы сөз қозғамақпыз. Ол қарапайым деканнан мультимагнаттық жолға қалай аяқ басты? Байлығының қайнар көзі болып табылатын Қазақ жерін қалайша сүлікше сорды және кімнің арқасында, кім арқылы сорды. Әңгіме міне осы жайлы.
Филолог пен ветеринар
Александр Машкевич пен Алиджан Ибрагимов. Екеуінің таныстығы сонау 1971 жылы қырғыздардың бір үйлену тойында басталған деседі Форбс журналының білгіштері. Бұның қаншалықты шындық екені белгісіздеу енді. Біріншісі белгілі адвокат пен дәрігердің ұлы Қырғыз мемлекеттік университетінің филология факультетінің І курс студенті, ал екіншісі бір үлкен қызметте, яғни «КиргизПотребСоюз» да қызметі бар дөйдің ерке баласы, Мәскеу малдәрігерлік академиясынның білімін кеміріп жүрген кездері екен. Екеуінің діндері екі түрлі біріншісі иудаизм, екіншісі исламда болса да олар бір-біріне жақын еді.
Токмак деген жай қала емес
Александр Машкевич 1988 жылы Қырғызстанда аяқ астынан филология факультетінің деканы қызметінен кетіп, бизнеспен айналыса бастады. Ол мұнда «Педагогика мен психологиялық теория негіздерінің тарихы» деген кандидаттық диссертация қорғап үлгерген болатын. Ал Алиджан Ибрагимовтің бұл уақытта «КиргизПотребСоюз» да қызмет атқарып жүргеніне 14 жыл болған еді. Басқа қалада емес тұп-тура осы Токмак қаласында. Білмейтіндерге құлаққағыс бұл Токмак қаласы Чу облысындағы, 54 мың тұрғыны бар ет, сүт, консерві, қант шығаратын зауыттармен қатар, сол кездегі СССР-дің қауіпсіздік қызметін қамтамасыз ететін радиотехникаларды шығаратын қуаты бар болатын. Бұл дегеніңіз: Бұларды басқарып отырған Ибрагимович кез келген тауарды, ең тапшы деген Қырғызстанда жоқ, тіпті статистика бойынша бай Қазақстанда жоқ тауарларға қол жеткізе алады деген сөз. Міне осы кезде 1989 жылы екі бизнесмен Алматыдан бірақ шығады. Ибрагимович бірден Қазақстандағы «Малахит» кооперативінен орын табады. Ал бірден жолы болмаған Машкевич алғашында ешкімнің көмегінсіз түсті металдарды шет елдерге сатуды қолға алған көрінеді. Ол кезде түсті металл осы металлдарды зертейтін ғылыми зерттеу институттардың артында тау-тау боп үйіліп жататын. Бірақ сонда да ол бір детальді ұмыт қалдырған еді. Ол – аяқтың астында жататын металлдарың иелерінің алпауыттар екендігі. Машкевичка отанына Фрунзеге, яғни Бішкекке қайта оралуға тура келеді. Міне осы кезден бастап Машкевитің өрлеуі басталады деп айтуға болады.
«Саебеко Групп» тағы достар
Қырғызстанға оралысымен, Машкевич сол кездегі Қырғыз ССР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Феликс Куловтын арқасында, «Саебеко» деген швецариялық компанияны құрған Борис Бирштейн деген адамның көзіне түседі. Машкевич Бирнштейннің назарын өзіне қалай аударғаны белгісіз, алайда ақиқаттың аты ақиқат. Ол 1990 жылы бірнеше айдан соң «СаебекоГрупп» компаниясының қырғызстандағы филиалын басқарады. Ал екі жылдан кейін компанияның вице-президентіне дейін көтеріледі. Міне дәл осы кезде үлкен дау болған болатын. Ол осы «Саебеко» компаниясы Қырғызстанның сақтап қойған 14 пен 16 тонна көлеміндегі алтынын белгісіз жерге алып шығарып тасыған. Сол кезде Машкевич советтік азаматтықтан бөлек, өзінің бірінші шет елдік азаматтығын Бельгия королдігінің азаматтығын алған еді.
Негізгі жұмыстардың бастауы
Әйтсе де Машкевичті Қазақ елі, жері қатты қазықтырды. 1993 жылы ол біздің елде қарасын қайта көрсете бастайды және сонымен қоса «Малахит» кооперативінің орынбасары қызметіне бірден отырады. Кооператив бұл кезде бірнеше орталықтармен істес болып үлген кезі еді. Басшысы сол баяғы Алиджан Ибрагимов болатын. Негізгі жұмыстардың бірі – халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысымен сауда жасау болатын. «Саебеко» мектебінен өткен Машкевич барынша таныс жинап, барша жартылай мафияланған ортада таныла бастайды. Бұл кездің өзінде ол жай адам емес еді, баяғы декан әлдеқайда алыста қалды. 90 жылдардың басында Измайловский компаниясының есеп-қисабы өз командасының қолында еді. Бұл дегеніңіз 300 миллион доллар. Машкевичтік, ибрагимовтық іргетас қаланып келе жатқан кезде бұларға одан да жақсы болды. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде жекешелендіру туралы жарлық шығарып үлгерген болатын.
Итергіштер ілгіштер
Басты істердің бірі «Евтазиялық банк» құру болды. Ол 1994 жылы Қазақстанда ресми тіркелген болатын. Осылай келе Машкевич ішкі экономикалық істерді жүргізетін президенттің көмекшісі Өзбекстаннан шыққан Патох Шодиев арқылы, Соколов-Сарыбай комбинатын өз қолына алуға тырысады. 1995 жылы Машкевич командасы комбинатты толықтай өз қолдарына алады. Осы істерден кейін Машкевич екінші азаматтығын алады, ол Ұлыбритания азаматтығы. Назарбаевтың жақын адамдарының бірі Сарыбай Қалмырзаев арқылы Машкевич, Ибрагимович, Шодиев өздері құрған «Евразиялық банк» арқылы Қазақстаннан шет елдерге еш кедергісіз, еш тіркеусіз бидай, шикі мұнай, мұнайлы өнімдерді, дәрі-дәрмек, былғары өнімдерін, орман ағаштарын, мақта, жібек, және түсті металлды шығаруға құзырлы болып алған болатын.
Сол кезден бастап бұл үштіктің активтері оншақты есеге өскен болатын. Бүгінде бұл үштік басқаратын Ұлыбританияда тіркелген ЕНРК корпорациясы бүгінде әлемде ең ірі электр қуатын жарақтандыратын, минералды ресурстарды өндейтін корпарация. Оның Қазақстанда ғана бірнеше филиалы бар мысалы, Казхром, Жайремдік ГОК, Соколов- Сарыбай комбинаты, АҚ алюминий Қазақстан, қазақстандық электролиздік зауыт, Евроазиаттық энергетикалық корпорация, және ЕНРК компаниясы. Бұдан басқа ЕНРК-ның әлемнің бірнеше елдерінде өз бірлестіктері жұмыс істейді, мысалы Конгада, Мозамбикте, Мали, Зимбабве, ЮАР, Қытайды, Бразилия мен Ресейде.
Назарбаев көз жұма қарады ма?
Бұл үштіктің жақын досы Назарбаев істеп жүрген тірліктерін білді ме екен деген заңды сұрақ туады. Әрине білді. Бірақ көзжұма қарады. Біліп қана қоймай, өзі көмектесті, ЕНРК басшыларына әлі де көмектесіп тұрады. Бұған дәлел Қытайдан алған 1,5 млрд доллар көлеміндегі кредиттін Соколов- Сарыбай комбинатын ары қарай дамытуға жұмсап отыр. Назарбаев неге жеке меншік, оған қоса қазақстандық емес ЕНРК корпорациясына көмектесуін жалғастыруда? Бұл сұраққа жауап әліде ашық күйінде қалып отыр.
P. S
Александр Антонович Машкевич бір сұхбатында «Менің бар тапқан байлығым Израйльдікі. Мен бар тапқан табысымды, байлығымды Израйльдің дамуына құямын», – деген болатын.
Мақсат Раджұлы.
Парақшамызға жазылыңыз
Жарайсың, Мақсат! Өте қызықты, әрі керекті информация…Дегенмен, бұған сенер, сенбесімді білмеймін. Қалай болған жағдайда да ойға қалдырады…Ал журналистік шеберлігің арта берсін)))
Маұсат Раджұлы! Жарадыңыз! Мұндай деректерді келтіруің журналист ретіндегі ізденісіңнің жоғары екендігін көрсетеді. Жақсы, өзекті Мақала! Табыс тілеймін! Қайсарлығыңнан тайма