Терезесi тең ынтымақтастықты жақтаймыз, ал экспансияға жол бермеймiз!

611 рет қаралды

Қазақстан азаматтық қоғамының ҚР Президентiне ашық хаты

 

150211_mapmuslim-680x357Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiлдерi –Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.

Әртүрлi мәлiметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстандағы газоконденсант пен мұнайдың жылдық өндiрiсiнiң үштен бiрi қытайлық компанияларға тиесiлi екен. Осының өзi елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiне төнген қатер туралы айтуымызға толық негiз болады.

Мәселен, Ақтөбе облысында қытайлық инвесторлар негiзгi мұнай өндiрушi компания – «CNPC – Ақтөбемұнайгаз» бен маңызы жағынан екiншi және үшiншi орындағы «Қазақойл-Ақтөбе» мен «Ланкастер Петролеумге» иелiк етедi. Жалпы алғанда, облыста өндiрiлетiн мұнайдың – 97, ал газдың 95 пайызы осылардың үлесiнде.

Қызылорда облысындағы iрi кәсiпорын – «ПетроҚазақстан» қытайлық өндiрушiлердiң қолында. Қытайлық компаниялардың бұдан бөлек «ҚазГерМұнай» мен «Торғай Петролеумде» үлесi бар. Осылайша, облыста өндiрiлетiн мұнай мен газдың 61 пайызы қытайлықтардың бақылауында.

images1Маңғыстау облысына келсек, мұнда қытайлық инвесторлар «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Бозащы Оперейтинг», «Қарақұдықмұнай» компанияларына кiрдi. Сөйтiп, облыстағы мұнайдың кемiнде 30 пайызына иелiк етедi.

Атырау облысында қытайлық компаниялардың жұмыс iстей бастағанына көп уақыт болған жоқ. Соған қарамастан өндiрiлетiн мұнайдың 11 пайызы қытайлықтардың қолына өткен.

Қытайлықтардың үлесi бар өндiрушi компаниялардың тiзiмi төмендегiдей (01.03.2011 жылғы мәлiмет бойынша):

Компания атауы                                                                        Қытайдың үлесi, %-бен

1.«СНПС – Ақтөбемұнайгаз» ААҚ                                                      94,47

2.«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ                                                                 50

3.«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсез» АҚ                                            67

4.«Қазгермұнай» БК ЖШС                                                                   50

5.«ТорғайПетролеум» АҚ                                                                     50

6.БозащыОперейтинг ЛТД                                                                    75

7.«Қаражанбасмұнай» ААҚ                                                                  50

8.«ҚуатАмлонМұнай»БК ЖШС                                                           100

9.«СНПС–АйДанМұнай» БК ЖШС                                                     100

10.«Сазанқұрақ» ЖШС                                                                          100 

11.«ПотенциалОйл» ЖШС                                                                    100

12.«ПрикаспианПетролеумКомпани» ЖШС                                       100

13.«СағызПетролеумКомпани» ЖШС                                                 100

14.«Эмбаведьойл» ЖШС                                                                       100

15.«АдайпетролеумКомпани» ЖШС                                                   50

16.«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ                                                                     11

17.«ҚазақойлАқтөбе»ЖШС                                                                  25

18.«Қарақұдықмұнай» ЖШС                                                                50

19.«Арман» БК ЖШС                                                                            25

20.«Жамбай» ЖШС                                                                               12,5

21.«Ланкастер Петролеум» АҚ                                                            87,96

22.«Эмир Ойл» ЖШС (процесс үстiнде)                                             100

 

Бұдан бөлек Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстары арқылы Қытайға қарай өтетiн Азия газ құбырын салу шарттарына алаңдаймыз. Сарапшылардың мәлiметiне сүйенсек, «Азия газ құбыры» Бiрлескен кәсiпорны CNPC мен «ҚазМұнайГазға» тиесiлi. Әрқайсысының 50 пайыздық үлесi бар. Қазақстан парламентi осы бiрлескен кәсiпорынға салық, кедендiк және еңбек заңнамасындағы және мемлекеттiк сатып алуда ақылға қонымсыз жеңiлдiктердi заң жүзiнде бекiтiп берген.

Бiрақ ең қауiптiсi – қытай несиесiне (8 миллиард доллардан астам) салынған газомагистраль. Қазақстанның Қытайдан алған қарыздары тәрiздi осы несиенi бөлу жөнiндегi келiсiмшарт та қоғам үшiн жабық, жұмбақ күйiнде қалып отыр. Мамандардың пiкiрiнше, осы келiсiмшарт бойынша бiрлескен кәсiпорын 2014 жылға дейiн несиесiн өтемесе, онда оның барлық мүлкi, оның iшiнде үш облыс арқылы өтетiн газ құбыры да Қытай иелiгiне көшедi.

Небәрi екi жылдың iшiнде, 2009-11 жылдары қазақстандық құрылымдар Қытайдан 19 миллиард долларға жуық қарыз алғаны қатты алаңдатады! Мәселен, 2009 жылы Қазақстан Қытайдан 10 миллиард доллар несие алса, 2011 жылдың ақпанында тағы 8,7 миллиард доллар алыпты. Оның 7 миллиард доллары Қазақстанның даму банкiне берiлген. Соның iшiндегi 5 миллиард доллар мұнай-химиялық кешеннiң құрылысына жұмсалған.

Осы қаржының 2 миллиард доллары Еуразиялық топтың қажеттiлiктерiн қаржыландыруға бағытталған (дәл осы кезде олар 3 миллиард долларды Бразилияға инвестициялаған). Екi жыл бұрын да қытайлық қарыздың 3 миллиард доллары тура осындай жолмен «Қазақмыс» қажеттiлiктерiне жұмсалған болатын.

Табысы шаш етектен жеке шикiзат компаниялардың несиелерiне нелiктен мемлекет кепiлдiгi берiлетiнi түсiнiксiз. Iс жүзiнде оған әрбiр қазақстандық азамат жауапты болып шықпай ма. Оның үстiне осы компаниялардың жетекшiлерi өздерi үшiн шетелден ең қымбат жылжымайтын мүлiк сатып алғанымен ғана көзге түстi.

Бұл ретте Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 117 миллиард долларға жеткенiн атап айтқан жөн.

Қазiр Қазақстан мен қытай әрiптестiгi аясында жаңа iрi жобалар айқындалды. Мәселен, қытай жағы Астана – Алматы бағытындағы жүрдек темiр жол құрылысын қолға алмақ. Мұны салудың ешқандай қажеттiлiгi жоқ деп есептеймiз. Бұдан гөрi Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар айналымын онсыз да iске асыра алатын қолда бар темiржол магистральдерiн жөндеп, дамытқан дұрыс. Ал шын мәнiнде қажет көлiк және коммуникациялық жобалардың құрылысы Қазақстан Ұлттық қорының есебiнен жүзеге асырылуы тиiс. Бұған толық мүмкiндiк бар!

Сондай-ақ жел қуаты бойынша Қазақстан мен Қытай бiрлескен кәсiпорны құрылмақ. Осы кәсiпорынды құруға жол беруге болмайды. Тәуелсiз сарапшылардың мәлiметтерiне қарағанда, бiрлескен кәсiпорынға заттай гранттар ретiнде жер берiлмек! Қытайдың қатысуымен құрылған ешқандай бiрлескен кәсiпорынға грант ретiнде жер беруге болмайды!

Президент мырза, жоғарыдағыны қаперге ала отырып, елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн және Қазақстанның тәуелсiз экономикасын құру үшiн келесi шараларды iске асыруды ұсынамыз:

–                    Қытаймен жасалған келiсiмшарттардың барлығын және қытай несиесi Қазақстанға қандай шарттар негiзiнде берiлгенiн халыққа жария ету.

–                    Қытай жағымен бiрлесiп жоспарлаған жобаларды сарапшылар қауымдастығы мен қоғам толық зерттеп бiтпейiнше iске асырылуын доғару.

–                    Қытай Халық Республикасына Қазақстаннан 1 миллион гектар ауылшаруашылық жерлерiн беру идеясының тууы тарихын халыққа ашып айту. Бұл мәселенiң қазiргi жай-күйiне тоқталу.

–                    Жоғарыдағы мәселелердi зерттеп-зерделеу үшiн үкiмет, саяси партиялар мен қоғам өкiлдерiнен комиссия құру.

Осындай қадамдар Қазақстан мен Қытай әрiптестiгiн ашық, тең құқықты етiп, екi елдiң мүддесiне сай келетiн тату-тәттi көршiлiк сипат бере алады.

 

Ж.ТҰЯҚБАЙ, Б.ӘБIЛЕВ, «Азат» ЖСДП тең төрағалары; Ә.ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы; Ғ.АЛДАМЖАРОВ, Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық атқару комитетiнiң бiрiншi хатшысы: О.ЖАНДОСОВ, “Ракурс” экономикалық сараптау Орталығының директоры, ҚР Ұлттық банкiнiң бұрынғы төрағасы; М.ШАХАНОВ, республикалық «Мемлекеттiк тiл» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Т.ӘУБӘКIРОВ, Кеңес одағының батыры, «Халық Қаһарманы», ҚР тұңғыш ғарышкер-ұшқышы; Қ.ЖҰМАДIЛОВ, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; С.СМАТАЕВ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Д.ИСАБЕКОВ, жазушы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты;                            Ғ. ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметтi журналисi; Т.МЕДЕТБЕК, ақын, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты; Ұ.Есдәулет, ақын, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты; Т.ЖҮКЕЕВ, Қоғам қайраткерi; Б.ӘБIШЕВ,  «Азат» ЖСДП президиум мүшесi; С.ӘЛIБАЕВ, «Азат» ЖСДП президиум мүшесi; М.АСПАНДИЯРОВА, «Азат» ЖСДП президиум мүшесi; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы; М.ТАЙЖАН, Болатхан Тайжан атындағы қордың президентi, экономика ғылымдарының кандидаты;  З.БАТТАЛОВА, «Қазақстандағы Парламентаризмдi дамыту» қоғамдық қорының төрайымы; Е.Бапи, «Тасжарған» газетiнiң бас оқырманы; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетiнiң бас редакторы; Қ.АСҚАРОВ, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшiсi; Д.Қуат, «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы; Қ.АШАНҰЛЫ, жеке кәсiпкер; Б.ТҰРСЫМБАЕВ, қоғам қайраткерi; Қ. ИСА, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткерi; Б.АТАБАЕВ, «Ақсарай» мюзикл жастар театрының жетекшiсi; Ж.ӘКIМ, саясаттанушы, биология ғылымдарының кандидаты; Д.БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидерi; Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы; Қ.ҚҰРМАНӘЛI, Ш.Қалдаяқов атындағы ән фестивалi дирекциясының директоры, «Шәмшi» журналының бас редакторы; А.САРЫМ, саясаттанушы; Б.ИМАНҚОЖА, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы; Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы; Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президентi; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бiрiншi орынбасары; Д.ТҰРЛЫБЕК, Халықаралық Түркi әлемi телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Қ.РАХМЕТОВ, «Желтоқсан» Республикалық халықтық-патриоттық қозғалыстың төрағасы; С.САПАРҒАЛИ, «Ұлт.Рух.Отан.Жаңғыру.» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Г.ЕРГАЛИЕВА, тәуелсiз журналист, Х.Ерғалиев атындағы қордың төрайымы; Ж.МАМАЙ, «Рух пен Тiл» клубының жетекшiсi; М.БӨТЕЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; К.ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; I.БАЙЖАНОВ, Шымкент қалалық «Тәуелсiздiктi қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы; Е.РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Ж.Кенебай, «Таным» пiкiрсайыс клубының жетекшiсi; С.БАТЫРШАҰЛЫ, экономика ғылымдарыың кандидаты, Астана қалалық «Мемлекеттiк тiл» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы; Ж.АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргiнге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; Т.IРГЕБАЕВ, «Қабанбай батыр» атындағы қордың төрағасы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетiнiң бас редакторы; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; М.Тоқашбаев, «Президент және халық» газетiнiң бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткерi; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетiнiң бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетiнiң бас редакторы; Ж.ШЫМШЫҚОВ, экономика ғылымдарыың кандидаты; Қ.БIЛӘЛ, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткерi; Н.ҚАНАФИЯ, филология ғылымдарының кандидаты; М.ҚАЛЫБАЙ, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегi сiңген

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар