Фото: magauin.com сайтынан
Бұл туралы ұлы Едіге Мағауин өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1965 жылы бастады. “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары “Жазушы” баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,
1984-1986 жылдары “Жазушы” баспасының бас редакторы.
1987 жылы еркін шығармашылық қызметте,
1988 жылдан бері “Жұлдыз” журналының бас редакторы.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
“Аласапыран” тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық “Түркі дүниесіне қызмет” сыйлығының сахибы.
Аласапыран
Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 жылдары жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ.) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.
Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғасырдағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген.
Қобыз сарыны
“Қобыз сарыны” (1968 ж.) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ.) жүйелі түрде талдады.
Жармақ
Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген “Жармақ” — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.
Шыңғыс хан
Шыңғыс хан. Деректі тарихи хикая. Алматы, “Дәуір” баспасы, 2011–2016, суреттер.
Бұл роман тетралогия болып табылады. 2011–2016 жылдары 4 кітап болып Алматыда басылып шықты. “Шыңғысхан” атты тарихи-халықтанулық, әдеби-көркем мемлекеттік (республикалық) журналында үзінділерімен 2012 жылдан 2016 жылға дейін жариялана бастады. Бұл тақырыпты тығыз зерттеуді ол 2000-шы жылдардан бері бастады. Алғашында “Шыңғыс ханның шарапаты” секілді мақалалардан (“Жұлдыз” журналы, №3, 2002) бастады. Роман қолжазбасы Чехиядағы Прага, Карловы Вары жерлерінде 2008 жылдың 12 қарашасынан жазыла бастап, 2015 жылдың 30 қарашасында АҚШ–тың Роквилл, Мэриленд жерлерінде жазылып аяқталды. Терең ізденісі, жазушылық қарым–қабілеті, тәжірибесі арқасында осындай іргелі де сүбелі еңбегі шықты.
Мінбер ұжымы қазақ халқына, туған-туысқандарына, отбасы, бала-шағасына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.
Парақшамызға жазылыңыз
Ұлы жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің топырағы торқа, жаны жаннатта болсын.
«Сылдырап аққан тас бұлақтың көзі еді.
Таусылмас, сарқылмас даналықтың өзі еді. Ғасырлар мұңын, алыптар жырын, мұңлықтар сырын тербеткен халықтың сөзі еді” (Софы Сматаев). Топырағы торқа, жаны жанната болсын. Қазақ барда Мағауин аты мұтылмас! Бақұл бол!