Ту түсін өзгертудегі түпкі ойы неде?

626 рет қаралды

Tu ReseyРесейдің елтаңбасын өзгеру туралы сөз болғаны естеріңізде шығар. Енді міне, іле-шала оның Туын, яғни мемлекеттік жалауын өзгерту туралы  пікірлер дүркіреп атқа қонды. Мұндай ұсынысты  атышулы ЛДПР партиясының басшысы, «іштен шыққан» Жириновский Владимир көтерген көрінеді. Оған, Тудың қазіргі үйреншікті түстері ұнамайды. Ол бұрынғы орыс империясының қара-сары-ақ түсті жалауын қайта әкелуді көксейді екен.

 

Ол би депті: «Америка 200 жыл бойы туының түсін өзгерткен жоқ, ал біз болсақ әр бір елу жыл сайын ауыстырамыз. Нақты ұсынысым: қара-сары-ақ түсті Ресей tu resey 1Империясының жалауына қайта оралу, ол тудың астында біз өте жоғары күш-қуатқа жеткен едік» деген екен жастардың патриотизмін дамытуға араналған дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде. «Қазіргі туы Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельциннің кезінде пайда болған ту, ол өлді, ту әлі тұр» деп сөзін жалғапты Жириновский.

Мәселе, тудың түсін өзгертуде ғана ма, түпкі ойы не екен? «Өте жоғары күш-қуат» дегенде нені көксейді екен, «шіркіннің»? Бір аталы сөз бар еді, «кәпірден досы болса…» дейтін.

 Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар