Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

4027 рет қаралды
33

Құрметті оқырман!

Былтыр  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өткізген еді. Негізгі мақсат – жаңа медиа технологияларын қазақтілді ақпарат тәжірибесіне енгізу болған. Біздің алға қойған мақсатымыз толығымен болмаса да, ақталды. Сол семинардың нәтижесінде Өркен Кенжебек, Бүркіт Нұрасыл, Тоты Атышева, Ербол Азанбек, Амангелді Құрмет . Кәмшат Тасболат, Динара Мыңжасарқызы, Еркін Қуатайұлы т.б.  секілді аса танымал қазақ блоггерлері туып шықты. Биыл әз-Наурыз мейрамы қарсаңында  “Мінбердің” мұрындық болуымен өткізілген Блогқұрылтай да осы блог семинардың жемісі.

Жаңа медиаға деген ынта-ықыластың жыл сайын өсе түсуіне байланысты біз блог-семинарды дәстүрлі болдыруға тырысып отырмыз. Биыл «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбындағы семинар-тренинг еліміздің бас қалалары – Алматы мен Астанада өткізілмек. Қолдаушылар – Сорос Қазақстан қоры, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Алматыда мамырдың – 27-28 і қүндері, Астанада – маусымның – 24-25-і күндері өткізу жоспарлануда.

Алматы қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларымен тиісінше  осы облыстардан үміткерлер өтініш білдіре алады. Ал, Алматы қаласынан 9 адам шақырылады. Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған, Арқалық, Петропавл және Астана қаласынан өтініші білдіруге болады.

Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар жандар шақырылады.
Тренинге қатысамын деген үміткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс. Ертерек жолданған өтініштердің қабылдану мүмкіндігі жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауалнама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін енгізуі тиіс. Сондай-ақ, әрбір журналист осы шараның ақпараттық қолдаушысы болғаны абзал.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
www.minber.kz
minber.kz@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

33 Comments

  1. Саламатсыздар ма, Мінбер сайты!
    Сіздердің қазақ журналистикасының жаңа заман талаптарына сәйкес дамуы үшін жасап жүрген еңбектеріңіз айтарлықтай. Әрине, ерте ме, кеш пе қазақ болған жерде қазақ жорналистикасы да сөзсіз дамиды. Десек те, сіздер сияқты бұл жолда еңбек етіп, істің алға жылжуына себепкер болатындар да қажет-ақ. Қалай болғанда да, еңбектеріңіз Алладан қайтсын.
    Енді өзіме келетін болсам, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Жасым 36-да. Түркиядан журналистканы бітірдім. Ақтөбе, Алтын Орда газеттерінде қызмет қылдым. Қазір Қазақтүрікмұнай мекемесінде аудармашылық қызметін атқарамын. Журналистканы үнемі қадағалаймын. Мен де жоғарыдағы семинар үшін мақала жібергім келеді. Семинарға қатысу үшін жас шектеуі жоқ деп ойлаймын.
    Құрметпен, Қуат Мұқтар

  2. Әрине, Мұхтар, біз ешқандай жас шектеуін қойып отырған жоқпыз. Бірақ, бір талабымыз бар: ол ертең сіз семинарға қатысып қана кетпейсіз, бастаған блогыңызды міндетті түрде жүргізетін боласыз.

  3. Жаңа медиа саласының қазақ журналистикасына ендей кіріп, журналистер ортасында оң ықпалын, игі нәтижесін көрсетуіне “Мінбердің” ықпалы аса зор. Қазақ қоғамына Тәуелсіз ойлаудың тың жолы мен жаңа бастамасын жалғастырғалы жатқан шараларыңыз сәтімен болсын!

  4. Тізімде Ақтөбе жоқ. Ол бәзбіреулердің (?!??!) семинарға қатысып-қатысып, кейін блогты толтырмай кетуі себепті қара тізімге түсіп қалған болуы керек. ;)))

  5. Жоқ, Асқар. Байқаусызда тізімге кірмей қалған ғой. Әйтпесе, Ақтөбе қара тізімге кірген жоқ. Сенің блогтыц жақсы жүргізіп жүргеніңді білеміз. Қапелімде аузымызға ілінбей қалса, өкпелеме!

  6. Бәрекелді! Алғашқы үміткердің жазбасы келіп түсті. Орын шектеулі. Қапы қалмай, қатысып қалуға ұмтылыңыздар!

  7. Ойбуй, Есенгүл апай, мені аса т анымал блогшылардың қатарына қосып қойыпсыз ғой. Мынадан кейін өзім ұялып отырмын… Бәрінен де ол ақпараттың газетке шығып кеткені қызық болды. Кейбір журналистер “аса танымал блогшы екенсің ғой” деп жатқанда ұялып кеттім десем…Әй, жарайды, бұдан былай сіздің ойыңыздан шығуға тырысамын…”Мінберге” үлкен рахмет!

  8. Отандык журналистиканы дамытуга косып жаткан улестерыныз коп-ак! Алла жаксы истерды насип етсын!

  9. Әрине, Керім, міндетті түрде қатысасыз, бірақ ол үшін қойылған талаптар барын ұмытпаңыз!

  10. Салем! “Мінбер” сайты әрқашан тың бастамаларды қолға алып жургенінен хабарым бар. Мына откізгелі отырган семнар да осының бір жарқын дәлелі болар. Өзім Жезқазған қаласындағы аймақтық газеттің бірінде жұмыс жасаймын. Шынын айтайын кезінде жеке блогымды ашып, уакытылы жаңартпай, оны ескерусиз қалдырғам. Сол кезде не жағдай болғаны есімде жоқ. Енди мына семинарға қатысып, блогтың қыр-сыры жайлы толық білуге мүмкіндіктің туып тұрғаны. Ол үшін…

  11. Тотының айтқанына қосыламын! Берері көп. Мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар.

  12. Сәлем, Әйгерім, ол үшін бірінші бізге не үшін блог жүргізгіңіз келеді, соны жазыңыз. Екінші, ақпараттық демеушілік танытып, ақпарат беріңіз. Үшінші, блогты әрі қарай жүргізетініңізге кепілдік беріңіз.

  13. Тоты былтыр сіздің “Блогшы болғым келеді” деген тақырыппен мақалаңыз шықты дейді ғой осы сайтта. Іздеп таппадым 🙁 егер өз блогыңызда жариялаған болсаңыз ссылканы бере аласыз ба осы жерге?

  14. Тіркелу деген осы шығар 🙂 Орта толсын бауыр-қарындастарым. Қасиетті иен даламыздың кең пейілді халқы жайлы, тұрмысы мен болмысы жайлы, өткені мен болашағы жайлы (айта берсек жәйттер тізбектеле бермек) саралы да саналы, құнарлы нәрлі ойлар тоғыссын деп тілеймін!!!

  15. […] Жаңа медиаға деген ынта-ықыластың жыл сайын өсе түсуіне байланысты біз блог-семинарды дәстүрлі болдыруға тырысып отырмыз. Биыл «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбындағы семинар-тренинг еліміздің бас қалалары – Алматы мен Астанада өткізілмек. Қолдаушылар – Сорос Қазақстан қоры, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Алматыда мамырдың – 27-28 і қүндері, Астанада – маусымның – 24-25-і күндері өткізу жоспарлануда. […]

  16. Блоггер болғым келеді
    Мен ақпан айында қазақ интернетінің дамуына титтей де болса үлес қосу мақсатында estetika91.wordpress.com атты блог ашқан едім. Қазір сол блогты жүргізіп келемін. Аштым деген аты болмаса, көп ештеңке біле бермеймін шыны керек.
    P.S.Жаңа медианың мол мүмкіндіктерін үйреніп, соны практика жүзінде іске асырсам деймін.

  17. Мындағы сауалнама барын байқамаппын, анкета дей ме қалай? Бүгін ғана көрдім, өкіметтің жұмысына бас сала кіріп кетіппіз…

  18. Назира, бізге өзіңіздің байланыс телефондарыңызды жазып жібересіз бе?

  19. Сәлеметсіздер ме! Жалпы блог туралы түсінігім, әр бір журналисттің жеке көзқарасын білдіретін құрал деп түсінемін. Қазақстандағы Өркен, Ақарыстың блогтарының тұрақты оқырманымын. Блог туралы түсінігімді кеңейтсем, мүмкіндік болса жеке блоггымы ашсам деген ниетім бар. Көмек бересіздер деп үміттенем. Сәлеммен Ерлан.

  20. Төмендегі әлеуметтің желілердің қайсысымен жұмыс істеп көрдіңіз * (бірнешеуін көрсетсеңіз болады)

    Төмендегі бағдарламалардың қайсысымен жұмыс істеп көрдіңіз * (бірнешеуін көрсетсеңіз болады)

    Бірнешеуін қалай көрсетеді? Онда тек біреуін ғана таңдау құқы берілген емес пе?

  21. Өте жақсы бастама. Алдағы уақытта “Мінбер” сайты дами берсін дегім келдеі. Әрбір журналистің жеке көзқарасын білдіретін блогтар көбейе берсін.

  22. Амансыздар ма! Сіздердің игілкті істеріңізге сәттілік тілеймін!!! Тіркелуге үлгермеген шығармын десем, 20 мамырға дейін шығарма жіберу керек екенмін…

  23. Менің IT-дан білімім мәз емес. Бірақ қазір жаңа ақпараттық технолгиясыз, интернетсіз өмір сүру мүмкін емес. Оның үсітне журналист болгандықтан,( ұстаздық етемін) осы саланы игеріп кетсем, әрі интеренетте қазақ тілді контент тым жадау болғандықтан, қазақша жаңа медианы дамытуға титтей болса да үлес қосқым келеді. Алматыдағы “Мінбердің” тренингіне қатыса аламын ба

  24. Кеш көріп қалдық. Ендігісі Маусымдағы Астанада өтетін семинарға ілігіп кетуге болмай ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар