Қаражат баспанаға және ем алу мақсатында жұмсалған. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроның telegram каналында жазылды.
Қаңтарда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтардан 58,9 мың өтініш түссе, өтініштің орындалған көлемі 48,4 миллиард теңгеге жеткен.
Бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда үштен бірге төмендеген. Бірақ алты айдан астам уақыт бойы белсенді келе жатқан процес, әзірге тоқтамайтындай көрінеді.
Қаңтар айында ем алу мақсатында алынған қаржы желтоқсандағы көрсеткіштен сәл төмен. Жалпы соммасы – 30,2 миллиард теңге (-8%) болса, іске асқан өтініш саны – 31,1 мың (-15%).
Жалпы қаңтардағы көрсеткіш екі бағыт бойынша да желтоқсанды есептемегенде алдыңғы айларға қарағанда жоғары болған.
Парақшамызға жазылыңыз