//

Әзірге үздік төрттіктеміз

156 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласындағы ІХ қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Оны 5000 метр қашықтық эстафетада сынға түскен ерлер құрамасы салды. Тарихи жеңісті Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Әйбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко сынды шорт-трекшілер жеңіп алды.

Алғаш жарыс күнінен бастап жазсақ, Харбиндегі азиаданың алғашқы жүлдесін 2000 метрлік аралас эстафетада бақ сынаған шорт-трекшілер жеңіп алды. Олар күміс медальға қол жеткізді. Одан соң конькимен 100 метрге жүгірген Евгений Кошкин күміспен күптелсе, Константин Борцов үшінші келгенімен, қарсыласы тәртіп бұзып жарыстан шеттетілгендіктен Костяның қола медалі күміске ауысты.

Жарыстың екінші күні қоржынға фристайл-акробат шебері Аяна Жолдас қола жүлде салды. Ізін ала жарыс алаңына шыққан шорт-трекші қыздар күміс иеленді. Құрамында Яна Хан Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова бар құрама Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Бұл күні аяғына коньки киген қазақ спортшылары жарады.

Шорт-трекші құрбыларынан соң конькиші қыздар командалық спринтте қола жүлде еншіледі. Конькишілер құрамы мынадай: Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина и Инесса Шумекова.

Екі жарыс күнінде бір алтын, 4 күміс, 2 қола жеңіп алған Қазақстан командасы жалпы есепте төртінші орынға жайғасты.

Түгелбай Бисен, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар