Ұлттық статистика бюросында 2024 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың жалақысы туралы ақпарат берілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында бағалау бойынша жалақының орташа мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 308 717 теңгеге жеткен.
“Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 308 717 теңгеге жетті. Шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы IV тоқсанда 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 10,5%-ды, нақты мәнде – 1,8%-ға өсті. IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты”, – деп Ұлттық статистика бюросында жазылған.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі осы салаларда тіркелді:
- Ақпарат және байланыс-32,8%;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы-22,7%;
- Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар-20,3%.
- Денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы 7,6% – ға, білім беруде 5% – ға өсті.
stat.gov.kz
Бюроның мәліметінше, 2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстыру бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанында орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары өсуінің өңірлік бөлінісінде:
- Алматы және Шымкент-13,6%;
- Қарағанды облысы-13,2%;
- Солтүстік Қазақстан облысы-12,9%;
- Ақтөбе облысы – 12,6%
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есені құрады.
stat.gov.kz
Парақшамызға жазылыңыз