Харбинде ІХ қысқы Азия ойындары ойындары өтіп жатыр. Жалпы есепте қарсыластың барлығын шаң қаптырған Қытай құрамасы көш бастап тұр.
Шығыс көршіміздің осындай жоғары нәтиже көрсетуіне сол жақта туған қандастарымыз да өзіндік үлесін қосып жатыр. Биылғы Ақ Азиядада Қытай құрамасында төрт қазақ өнер көрсетіп отыр.
Олар: коньки киіп жүгіруден спортшылар Ақнар Ардақызы мен Қанағат Мұхамедұлы және Баян Жалынқызы мен Самғар Серікұлы. Соңғы екеуі шаңғышы.
Фото: t.me/sportministri
Төрт спортшының үшеуі Азиада жүлдегері атанды. Алдымен Самғар Серікұлы шаңғымен сырғанау сайысының спринт жарысында қола еншіледі. Біздің Константин Борцовтан кейін мәре сызығын кескен Самғар негізі төртінші боғанн. Бірақ жапондық Харуки Ямашита тәртіп бұзып жарыстан шеттетілді. Соның арқасында Костяға күміс, Самғарға қола жүлде бұйырды.
Фото: baq.kz
Самғар әлі жас 2005 жылы қаңтардың 10-ында Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі Алтай аймағы Алтай қаласында дүниеге келген. Алғашқы рет 2023 жылғы Қытай чемпионатында көзге түсті. Былтыр Шыңжаң құрамасы сапында Қытай қысқы спорт спартакиадасының чемпионы атанды. Биыл Азиада жүлдегері болды.
Қытай құрамасындағы шаңғышы қазақ Баян Жалынқызы 5 шақырымдық спринт додасын еркін әдіспен жүгіру жарысында топ жарды. Ол қос отандасы Динигер Иламужан мен Чы Чуншуэні басып озды.
Баян біздің Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга да жете алмады.
Баян Жалынқызы ҚХР Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол Шаңғы спорты түрлері бойынша Қытай ұлттық құрамасында біраздан бері өнер көрсетіп жүр. Бейжің қысқы Олимпиадасында өнер көрсеткені де ел есінде.
Ақ Азиададағы Қытай құрамасындағы ең танымал қазақ – Ақнар Ардаққызы. Бейжіңдегі қысқы олимпиадада алғашқы рет көзге түскен Ақнар құрамадағы орынын ешкімге оңайлықпен бере қоймайтын спортшы. Жекелей сында жолы болмаған Ақнар командалық жарыстың финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай құрамасының алтын жүлдегер атануына үлес қосты.
Ақнар Ардаққызы 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі, Хутуби ауданы Шытызы ауылында дүниеге келген.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз