АҚШ: Ирак соғысы мен Ливия бүлігінде

1168 рет қаралды

imagesCAFD69KYФранция, Англия, АҚШ әскерилері наурыз айының 19-күні Ливия үкіметінің қарулы күштеріне әуе шабуылын бастап, қорғаныс жүйесін қиратып, жер беті қосындарын ауыр шығынға ұшыратты. Осыдан 8 жыл бұрын АҚШ әскерилері бастаған бірлеспе қосын осындай формада Ираққа соғыс ашып Саддам үкіметін орнынан тайдырды, бірақ, АҚШ армиясы Ирактағы шытырман мәселеге байланысты ақталу мен басын алып шығудың өзі мұң болған-ды. Ал, бүгін көп ел әскери бөлімдері Ливияға соққы беруде Ирақ соғыс тактикасын қолданды ма? Бұл туралы сарапшылар былай деп есептеуде: «Стратегиялық тұрғыдан алғанда осы екі соғыстың көптеген ұқсастықтары бар. Біріншіден, әскери әрекет әуе шабуылынан басталып әуе қорғаныс, қолбасшылық, хабарласу жүйесі, әуежайы бомбаланып әуеде, теңізде соғыс жүргізу мүмкіндігінен айырды. Екіншіден, түрлі жолдармен қарсы жаққа соққы беріп, озық қарулар арқылы қысым түсіріп, пара беру немесе кеңес беру тәсілдерімен қарсы жақтың үкімет мәнсаптыларын өзіне тартып олардың жігерін мұқалтты. Бірақ, екі соғыстың көрнекті айырмашылығы да бар. Ең алдымен, әскери әрекеттің негізі ұқсамайды, БҰҰ құқық бермеген жағдайда АҚШ бастаған НАТО көп елдердің қарсылығына, әсіресе, Араб Одағының қарсылығына қарамастан Ирақ соғысын бастады, ол – заңдылық тұрғысынан алғанда халықаралық қатынас өлшеміне қиғаштық жасалған әскери шара есептеледі, Ливиядағы соғыс болса, батыс елдері БҰҰ-ның Ливияда ұшуға тыйым салынған район ашуды желеу етіп қозғалды. Тағы бір айырмашылығы, әскери әрекетттің себебі ұқсамайды, Ирақ соғысы – Саддам әкімшілігі жаппай қырып жоятын қаруды дамытты, Әл-Каида ұйымымен ымыраласты деген сылтаумен Саддам билігін аударуды айқын алға қойды, алайда онда көлемді жаппай қырып жоятын қару, Әл-Каида ұйыыммен ымыраға келген дәлел-дәйек қазірге дейін табылмады, Ливия соғысында АҚШ Англия, Франция елдері Ливиядағы қарапайым жұртшылықты қорғауды көлденең тартып әкімшілікті аудару соғысы емес деп қарады, бірақ, Каддафи тақтан түссін дегендер де болды. Әскери әрекет imagesCA4P9E6EБҰҰ құқық көлемінен асып, барған сайын үстемелеуде. Үшіншіден, әскери әрекеттің дайындығы ұқсамайды. Ирақ соғысын АҚШ бастаған көп ел қосындары толық мүмкіндікпен бастады, 270 мыңдай әскер жиналып, НАТО соғыстан бұрын Кувейт, Катар, Иордания елдерінде әскери жаттығулар өткізді. Осы реткі Ливиядағы әрекетте нысана бір болғанымен әскери күш әзірлігі жеткілікті болмай, авиаматкалары уәделі жеріне келмей қалды және соғыс ұшақтары да санаулы болды. Төртіншіден, әскери әрекеттің формасы түрліше болды. Ирақ соғысында көп ел қосындары Ирактың радио станциясы, телевизиясы сияқты хабарласу құрылғыларын, электр заводын, мұнай айыру орындарына түйінді жарылыстар жасап, Саддам әкімшілігінің мәнсаптыларын көзін құртуды нысана етті, Ливия соғысы БҰҰ-ның құқық беруімен басталған болса да, найза үші үкімет мүшелеріне қаратылмады, жер беті қосындары кірмеді, сонымен қатар АҚШ әскерилерінің соғыс ұшақтары Ливия жеріне өтпей, маңындағы теңіздерден Ливияны бомбалады, немесе сүңгуір кемелерден Ливияға басқарылмалы бомба атты. Бесіншіден, объектінің ел ішіндегі жағдайы ұқсамайды. Ирақ соғысы басталардан бұрын онда саяси жағдай негізінен орнықты болып Саддам үкіметіне қарсы күш қатер төндірмеген, Ливияда соғыстан бұрын үкіметке қарсы топтар бүлік тудырып оны халық қолдап, олар Ливиянң көп бөлім жерін меңгерді, оларды қатерден аман сақтау үшін біріккен күштер БҰҰ-ның шешім шығаруын тездетіп Каддафи әскерлеріне әуеден соққы берді. Алтыншыдан, әскери әрекеттегі жетекші құқықтың атқарылуы ұқсамайды. Ирак соғысында АҚШ бас болып қадағалай орналастыру жасап, әрқашан алда жүрді, Ливия соығсында Франция алғашқы оқты атып АҚШ-қа жетекшілік құқықты өткеріп беріп Франция, Англиядан кейін тұрды. Бұл АҚШ-тың Ирақ, Ауғанстан соғысынан қорытқан ащы сабағынан кейінгі қолданған шарасы болса керек.

Базан Құдайбергенұлы, ҚХР Орталық радиосы

Үйлестірген: М.Әуелхан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар