Шафхат Рахмонов пен Белал Мұхамад мамырда кездесуі керек еді. Өкінішке орай қазақ файтері чемпиондық жекпе-жекке шықпайтын болды. Ал Белал келесі жекпе-жегін мамырдың 10-ы күні күні “UFC 315” турнирі аясында австралияляқ Джее Делла Маддаленаға қарсы өткізеді.
Шавкат Рахмонов айқасқа шығудан жарақаты салдарынан бас тартқан.
– Чемпиондық белдік үшін айқасу ұсынысын бірінші болып маған берген UFS-ге алғысым шексіз. Бірақ жарақат салдарынан мен мамыр айына дейін қалыпқа келіп үлгермеймін. Белал мен Джек жекпе-жегінің жеңімпазымен кейінірек кездесуге дайын боламын, – деп жазды Шафхат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз