/

Halyk Bank елімізде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға 1 млрд теңгеден аса ақша бөлді

214 рет қаралды
авторы Halyk Bank

20 ақпанда Алматыда өткен Women in business форумында Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова ел экономикасы үшін әйелдердің жұмыспен қамтылуы мен табысының өсуі қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

“Біздің банк әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды. Біз осымен жетінші рет “Бизнестегі әйелдер”бағдарламасы аясында 1 млрд теңге бөлдік. Айта кету керек, бұл қаржыландыру тек банктің жеке қаражатыесебінен жүзеге асырылады. Менің ойымша, елімізде белсенді, сауатты, білімді, іскер және табысты әйелдернеғұрлым көп болса, біздің қоғам соғұрлым жақсы болады”, – деді Шаяхметова.

авторы Halyk Bank

Halyk төрайымының айтуынша, бұл бастама алғаш рет 2018 жылы іске асырылған және жыл сайын өткізіліп келеді. Айта кетейік, осы уақыт ішінде еліміздің әр өңірінен 600-ден аса әйел Halyk Bank-тен 7 млрд теңгеге тиімді шарттармен яғни 6-8%-бен несие ала алды.

Сондай-ақ, Үміт Шаяхметова “Бизнестегі әйелдер” бағдарламасына қатысушылардың негізінен шағын және ортабизнес иелері екенін атап өтті. Оның айтуынша, әйел кәсіпкерлердің басым бөлігі қызмет көрсету және саудасаласында жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің арасында жеңіл және тамақ өнеркәсібімен, сондай-ақ медициналыққызметпен айналысатындар да бар.

Еске сала кетейік, Halyk Bank экономиканың маңызды  секторларына белсенді түрде несие береді. Банк портфеліндегі қарыздардың 50%-дан астамы заңды тұлғаларға тиесілі. Бұл несиелер экономиканың барлық дерліксегменттеріне, соның ішінде өнеркәсіп, байланыс, сауда, ауыл шаруашылығы және тағы басқаларына берілген несиелер.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Богдан Шкларски: Біздің Трамптың орнынан кеткенін күтуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ ол кеткенше біраз дүниені бүлдіретін түрі бар

 Варшава университетінің Ассоциативті профессоры, Америка зерттеулері орталығының жетекшісі қызметін атқарған (2012-2016), саясаттанушы Богдан Шкларски (Bohdan Szklarski)