«Қазақстан темір жолы» компаниясы дұрыс жұмыс істеуі үшін әртүрлі ірі көлемде бюджеттің қаржысына тәуелді екендігі түсінікті. Дегенмен, оның сатып алуларының көбі күмән тудырады. Мемлекеттік сатып алулар порталындағы компанияның келісім-шарттарын зерделесеңіз, көптеген қызықты нәрселерді көруге болады. Мысалы, ҚТЖ «жылжымалы тұрғын үйлерді» – біреуін 50 миллион теңгеге, тағы үшеуін 70 миллион теңгеге сатып алған. Негізінде мұндай ғимараттардың қажеттілігін түсінуге болады – ҚТЖ қызметкерлері көбінесе ғимаратсыз ашық алаңда және жыл бойы кез келген ауа-райында жұмыс істейді.
Сатып алудың неліктен бір көзден жасалғаны туралы компания жағдайды былай деп түсіндірді:
«Сатып алу бір көзден алу әдісімен жалғыз акционердің шешімімен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) жылжымалы ғимараттардың отандық өндірушісі, патент иегері Қазақстандық технологиялық операциялық орталықтың (KazTEО) шешімі бойынша жүзеге асырылады».
Әрине патенті бар отандық өндірушіні қолдаған жөн. Дегенмен, ҚТЖ жылжымалы ғимараттарды өндіретін басқа да компаниялардың барлығын ұмытып кеткен секілді.
Осы жағдайларға қарамастан, сатып алулар бойынша туындаған сауалдар өте көп.
- 844 миллион теңгеге «Электробалласты» қай компаниядан сатып алды және бұл затқа ашық тендер болды ма?
- Компания кімнен 560 миллион теңгеге етік сатып алды?
- Үзіліссіз электрмен жабдықтау құрылғыларын қолданбай 70 ажыратқышқа дейін станцияларды релелік орталықтандыруды электрмен жабдықтауға арналған қуат қалқандары неліктен (3 дана 185 млн теңгеге және 1 дана 126 млн теңгеге) бір сатушыдан сатып алынды? Сатушы кім?
- Неліктен авторлық қадағалаумен айналысатын ұйымдар мегаполисте біреуден көп екеніне қарамастан, “Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу” жобасы бойынша авторлық қадағалау қызметтері бір сату көзінен 370 млн теңгеге сатып алынды?
- Өндірістік базалар туралы. Компания жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі үйлерді жалға алуға жүздеген миллион теңге жұмсайды. Ал, мұндай сатып алулар бір сатушы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Шар станциясында 26 миллион теңгеге, Қазалы станциясында 22 миллион теңгеге. Осыған дейін бұл үй-жайлар компания меншігінде болды ма? Жыл сайын қомақты сома төлегеннен гөрі бұл үй-жайларды сатып алған дұрыс емес пе?
Бюджеттік миллиардтар қайда кетеді?
Дегенмен, әлдеқайда үлкен сомалар туралы сұрақтар бар. Мысалы, тасымалдаушы 41 млрд теңгеге «Металл конструкцияларын жасау бойынша жұмыстардың» не үшін қажет екенін, бірақ бұл жұмыстардың кімнен және не үшін бір көзден сатып алынғаны – жоқ деп жауап берді.
Сондай-ақ бірқатар ашық тендерлерге қатысты сұрақтар туындады, соның ішінде:
1. «Көкшетау қаласының электрмен жабдықтау учаскесі үшін «Диспетчерлік үйірмелердің телемеханика құрылғыларын жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары» — 3,2 млрд.теңгеге.
2. «Алматы вокзалы темір жол торабы айналасында айналма темір жол желісін салу» – 150 млрд.теңге.
3. «Дарбаза – Өзбекстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісінің құрылысы» – 285 млрд. теңге.
4. «1520 мм және 1435 мм калибрлі Достық-Алашанькоу шекаралық стансалары арасындағы екінші жолдардың құрылысы» – 10,7 млрд.теңгеге.
5. «Ақадыр электрмен жабдықтау учаскесі үшін «Диспетчерлік үйірмелердің телемеханикалық құрылғыларын жаңғырту» және Сары-Шаған электрмен жабдықтау учаскесі бойынша «Диспетчерлік үйірмелердің телемеханика құрылғыларын жаңғырту» жобаларына әрқайсысына 2,5 млрд.теңге бөлінді.
Бұл мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы шамамен 453,9 млрд теңге. Сома өте үлкен. Алайда, ҚТЖ аталған тендерлерді ұтып алған компаниялардың атын атамай, оларды ашық дереккөздерден іздеуді ұсынды. Тұрақты келеңсіздіктерге, қызметкерлердің сотталуына және ұрлыққа байланысты мұндай құпиялық біршама күмәнді болып көрінеді.
Осылайша, қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолының» мемлекеттік сатып алуларға қатысты саясаты заңнамада сөзбе-сөз жазылған ашықтық пен жариялылық қағидатын бұзу болып көрінеді. Өз кезегінде, айқындықтың болмауы және мердігерлер мен өнім берушілерді атауларын айтпау заңнамада көзделген басқа да қағидаттардың – әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысудың тең мүмкіндіктерін беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысының алдын алу туралы қағидалардың бұзылуына нұсқауы мүмкін.
Бірақ, тасымалдаушы өкілдерінің қолдары тимеу жүруі мүмкін. Өйткені, компанияның қарызы әлдеқашан 2 триллион теңгеден асып кеткен. Оларды өтеу үшін компания көп жұмыс істеуі керек, өйткені оның 2024 жылы пайда көрсеткіштері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%- ға төмендеді. Бұл ҚТЖ еншілес ұйымының монополияға қарсы заңнаманы бұзуымен байланысты болуы мүмкін. Тасымалдаушы өз қызметтерінің бағасын айтарлықтай өсірген болатын.
ҚТЖ қып қызыл шығынға батып отырғанына қарамастан, өз басшыларына 790 миллион теңгенің сыйақысын жұмсаған.
Парақшамызға жазылыңыз