/

Футзалшылар Алинұрға қолдау көрсетті

113 рет қаралды

Фото: instagram.com

Қатарластарынан теперіш көрген семейлік Алинур есімді жасөспірімді барша қазақ елі қолдады.

Қиын жағдайға түскен отандасын қолдаған халық Алинур үшін 24 миллион теңге жылу жинады. Ол қаржы үй сатып алуға жұмсалады.

Алинурды спортшылар да қолдады. Жуырда футзалдан өткен жылғы ел чемпионы “Семей” шағын футбол клубы Алинурды жаттығуға шақырды.


Қазақ футзалының белді ойыншысы Шыңғыс Есенаманов, даңқты қақпашы Лео Игита сынды аяқдоп шеберлерімен бірге жаттығу жасаған Алинур ерекше әсер алды деген ойдамыз. Футзалшылар оған жаңа жейде, фирмалық кросовка тарту етті.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар