//

Тарихи жеңіс: қазақстандық парабиатлоншы әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетті

90 рет қаралды

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысында әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетті. Ол мұндай жоғары нәтиже көрсеткен алғашқы қазақстандық биатлоншы. Аталмыш жетістік қазақ спорты тарихында 31 жылдан кейін қайталанды. Осыған дейін «Хрусталь глобусті» 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов әкелген еді.

Наурыздың 11-і күні Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол бұл жарыста екінші орын иеленіп, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында Хрусталь глобусқа қол жеткізді. Бұл маусымда Ербол бірнеше маңызды жеңістерге қол жеткізіп, 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Қазақстандық тағы бір парабиатлоншы Александр Герлиц те осы жарыста күміс жүлде иеленді. Ерболдың жетістігі ел спортындағы ең айтулы оқиғалардыңб ірі. Өйткені Қазақстан спортшыларының қысқы спорт түрлерінде Әлем кубогының жалпы есебінде топ бастауы  өте сирек кездесетін оқиға. Бұл жетістік – Қазақстан пара спортындағы жаңа белес. Ендігі мақсат – 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Паралимпиадада жеңіске жету.

Олимпиадашылардың жеңісі миллиондаған адамды шабыттандырады. Ал паралимпиадашы жеңісі көпке үлгі. Ербол Хамитовтың 2017 жылға дейін аралас жекпе-жек және греплингпен айналысты. Болашағынан үлкен күттірген файтердің аралас жекпе-жектегі мансабы тез аяқталды. Өйткені бұзақылар оған оқ атып, Ербол аяғынан айырылады. Сонда да берілмей шаңғы спортын игерді. Бастаған ісін жарты жолда тасмайтын ол жаңа спорт түрінен де жеңістерге жете бастайды. Пара шаңғышы ретінде 2020-2022 жылдары ел чемпионы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанады. 2023 жылғы әлем чемпионы (900 м спринт) деген атаққа қол жеткізеді.

Парабиатлонда да есесін жібермейтін Ербол 2022-2023 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері, сол жылдары әлем кубогі кезеңдерінде бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегер атанды. Биыл әлем чемпионатының және әлем кубогінің жалпы есебінің жеңімпазы. Бір сөзбен айтқанда Ербол Хамитов – Қазақстанның пара биатлон және пара шаңғы спортындағы ең табысты спортшыларының бірі.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Менің қазағымның ханымдары

Менің қазағымның ханымдары! Оңтүстік азияның күңдеріндей етегін сүйретіп именшіктемеген… Таяу шығыстың әйелдеріндей келбетін жасырып төменшіктемеген… Батыс