/

«Жаңа класты жаһандық валютаны құру…»

860 рет қаралды
1

IV Астаналық экономикалық форум Тәуелсіздік сарайында өтті. (03.05.2011ж).  Оған әлемнің 80 елінен 3000 астам адам қатысқан. Олар: көрнекті саяси қайраткерлер, ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері, орталық банктердің, қаржылық институттардың, экономиканың нақты секторының, бизнес-элитаның өкілдері.

Форумға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаһанданған әлемде бір елде болып өткен оқиғалар өзгелердің дамуына әсер ептей қоймайтынын атап өтті.

-Бүгінгі форум – осындай мәселелердің шешімін қарастыратын танымал алаңның бірі. Және менің сіздермен бүгінгі дағдарыстың сабақтары, келешек қауіп-қатерлер мен жаңа онжылдықтағы перспективалар туралы өз көзқарасымды бөліскім келді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы соңғы уақытта жағымсыз салдарларды еңсерудің мүмкіндіктері пайда болғанын атап өтті. Алайда, соңғы 70 жылдағы ірі экономикалық катаклизмдерге әкеліп соққан қордаланған проблемалар әлі де шешімін тапқан жоқ. Әлемде орын алған қазіргі дағдарыстың сабақтарына жан-жақты және объективті талдау жасау қажет. Басты сабақ болатыны – экономикалық саясаттағы дисбалансқа жол бермеу, Дағдарыста екінші сабақ болатыны индустриалдық-инновациялық саясаттың мән-мағынасының артуы. Көптеген елдер жаһандық бәсекелестікке инновация, жаңа технология және өздерінің корпоративтік чемпиондарын қалыптастыру арқылы қосылып отыр. Саналы әлеуметтік саясатты жүргізу қажеттігін түсінудің арта түсуі негізгі үшінші сабаққа айналды. Араб елдеріндегі және тіпті бірқатар дамыған елдердегі белгілі оқиғалар халықтың әлеуметтік жағдайына үнемі назар аударып отырудың өзектелігін көрсетті.

-­Өкінішке орай, нарықтық күштер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік қорғалу мен тұрақтылықты теңбе-тең қамтамасыз етудегі міндеттердің бірыңғай шешімін таппай отыр. Жалпы, аталған дисбаланстың нәтижесі дамыған және дамушы экономика; сауда даудары; валюталық кикілжіңдер; мемлекеттер қарызының өсуі; жұмыссыздық пен аз қамтылған адамдар қатарының өсуі арасындағы бөлінушілікке әкеліп соқты.  Дағдарыстың орын алған салдарын мойындай отырып және одан сабақ алып, біз  XXI ғасырдың екінші онжылдығында әлемдік экономикадағы қауіп-қатерлер мен перспективалық міндеттерді қарастыруға кірісуімііз қажет, – деп атап өтті Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономика алдында үш негізгі секторындағы жаһандық қауіп-қатерлер тұрғанын атап өтті: олар – қаржылық, индустриалдық-инновациялық және азық-түлік-ресурстық. Ең соңында, әлемнің барлық экономикасы ұлттық естептік-төлем бірлігін, одан кейін жаңа класты жаһандық валютаны құру және енгізу қажеттігіне мойынсұнады. Индустралдық-инновациялық қауіп-қатерлер әділ сауданы және экономиканың өнеркәсіптік дамуын теңестіру қажеттігінен туындайды. Азық-түлік-ресурстық қауіп-қатерлер әлемдік энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен түсіндіріледі.

-Тек мемлекеттердің бірлескен күш-жігері ғана орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін ағымдағы және жаһандық қауіп-қатерлердің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға көмектеседі. Менің көзқарасым бойынша, келешек дамудың жалпыәлемдік саясаты біріншіден, макроэкономикалық саясатты үйлестіруге, екіншіден, жаһандық нарықты шикізаттан қаржылық реттеуге, үшіншіден, тиімді валюталық-қаржылық жүйеге негізделуі тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы халықаралық үйлестіруді күшейту үшін барлық елдің жаһандық реттеу туралы Пактіге қосылу қажеттігін атап өтті. Бүгінгі қауіп-қатерлерді шешу жолдарын талқылаудағы жоғарыда айтылған көзқарастар аталған құжатта көрініс табуы керек. Бұл Пакті халықаралық экономикалық саясаттың негізгі элементтерін келісу үшін нақты құрал бола алады. «akorda.kz»

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛДЫ ИНОВАТЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫ ҮШІН ЕМЕС АРНАЙЫ МАМАН ДАЙЫНДАУ КАДР ДАЯРЛАУДАҒЫ РОЛІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ КЕРЕК.Нақыпбеков Бақдәулет Сырдария университетінің студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар