Halyk Bank қытайлық танымал WeChat – QR WeChat мессенджерін қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлеудіңжаңа әдісін іске қосты. Енді қазақстандық кәсіпкерлер WeChat Pay қосымшасында банктің POS-терминалдарындасканерленетін QR-код арқылы Қытай азаматтарынан төлемдер қабылдай алады.
Төлем жасау үшін смартфонда WeChat Pay ашып, QR кодын сканерлеп, транзакцияны растау жеткілікті. ТөлемдерHalyk Bank процессингі арқылы тікелей жүзеге асырылады, бұл жоғары жылдамдыққа, қауіпсіздікке және қосымша төлемдердің болмауына кепілдік береді.
“Біз қытайлық туристерге тауарлар мен қызметтерді есептеудің таныс және қолжетімді әдісін ұсына отырып, төлемді жеңілдетуге тырысамыз”, — деді банктегілер.
Айта кетейік, бұл қызмет қазірдің өзінде бірқатар сауда нүктелерінде қолданылып жатыр. Оны қосу үшінкәсіпкерде Halyk Bank-тен есеп айырысу шоты мен POS-терминалы болуы қажет.
WeChat Pay – Қытайдағы ең танымал сандық төлем жүйелерінің бірі. 2023 жылы платформаның белсендіпайдаланушылары айына 900 миллионнан асқан, ал WeChat экожүйесінде бүкіл әлем бойынша 1,3 миллиардтанастам қолданушы бар. Бұл қызметке ірі компаниялар да, жеке сатушылар да сұранысқа ие.
Парақшамызға жазылыңыз