/

«Almaty Half Marathon» кезінде екі қатысушы көз жұмды

49 рет қаралды
Screenshot

Фото: instagram.com

Бүгін Алматыда өткен «Almaty Half Marathon» кезінде екі қатысушы көз жұмды. Олар – 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади.

Марафон кезінде екеуі де 21,1 шақырымды жүгіріп өткен.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыс ережеге сай өткен: медициналық қызмет, төтенше жағдайлар қызметі мен полиция болған. Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан басталып, Орталық стадионға дейін жалғасты.

Аққоян Рсалиев жарыстарға 2021 жылдан бері тұрақты қатысып жүрген. Бұған дейін Алматы жартылай марафоны мен Алматы марафонында 10 және 21,1 шақырымды сәтті бағындырған. Алайда бұл жолы жарыстың бастапқы кезеңінде – Әл-Фараби даңғылындағы алғашқы шақырымда өзін жайсыз сезінген. Сағат 08:15-те полиция қызметкерлері оқиға туралы хабарлаған. Бір минут ішінде жедел жәрдем жетіп, хаттамаға сәйкес реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, нәтиже болмаған.
Дәрігер Әлібек Қожаназаровтың айтуынша, алдын ала диагноз – артерияның тромбоэмболиясы. Сонымен қатар марқұмда созылмалы артериялық гипертензия тіркелген.

Екінші қатысушы – Нұрбол Ахмади. Ол 16 шақырымдық жартылай марафон кезінде есінен танып қалған. Дәрігердің айтуынша, сағат 09:18-де жедел жәрдем келген сәтте ұйқы артериясында пульс анықталмаған, тыныс алу мен қан қысымы нөл болған. Марқұмның өліміне алдын ала диагноз бойынша жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін.
Нұрбол Ахмади бұған дейін 2025 жылғы 10 шақырымдық қысқы жүгіру жарысына қатысқан.

Астана мен Алматыдағы жартылай марафондарға және Алматы марафонына тіркелген.

Қайғылы оқиғаларға байланысты пікір білдірген
«Смелость быть первым» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева марафон кезінде қатысушылардың қауіпсіздігі басты назарда болғанын айтты.

Оның сөзінше, әрбір қатысушы жарысқа тіркелу кезінде өз денсаулығына жауапты екенін растайтын қолхатқа қол қояды. Бұл – халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Сонымен қатар марафонға дайындық аясында жыл бойы тегін жаттығулар, сарапшылармен кездесулер өткізіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, екі қатысушының нақты өлім себептері сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.

Дайындаған: Жадыра Әділбекқызы

Дереккөз: almaty-marathon.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар