///

Париж олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлері сыйақыларын алады

107 рет қаралды

Фото: olympic.kz

«Дядя Ваня» телеграм арнасы Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен Франция төрінде жақсы өнер көрсеткен ел спортшыларына тиесілі қаржылай қолдау әлі төленбай жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Франция астанасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде иеленді. Олимпиада жүлдегерлері ел үкіметі тарапынан қомақты сыйақы алуға құқылы. Қазақстан заңнамасына сәйкес, олимпиада ойындарында 4-6 орын алған спортшылар да ақшалай сыйақы алуы тиіс.

Олимпиадашылар өздеріне тиесілі қаржыны 9 айдан бері ала алмай жүргенін тілшілерге ойындарға қатысқан атлеттердің бірі хабарлапты. Бұл ақпарат шындыққа жанасатынын боксшы Назым Қызайбайдың «Тенгри спорт» басылымына берген сұхбатынан білуге де болады.

Бірақ күні кеше ел үкіметі 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау туралы қаулы қабылдады.

Онда:

– Бұл қадам мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қаулы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындалып, құзыретті мемлекеттік органдармен келісілді. Құжат халықаралық аренада жоғары спорттық жетістіктері үшін спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын мемлекеттік марапаттауды көздейді. Төлемдердің тәртібі мен мөлшері бұрын бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді, – делінген.

Сыйақы кімдерге және қанша беріледі?

Алтын  ($250 доллар): Елдос Сметов (дзюдо).

Күміс (150 сың доллар): Нариман Курбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс).

Қола (75 мың доллар): Александра Ле және Ислам Сатпаев (оқ ату), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо) және Назым Қызайбай (бокс).

Төртінші орын (30 мың доллар). Құрамада төрінші орын алған ешкім жоқ.

Бесінші орын (10 мың доллар): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Әйбек Оралбай, Сакен Бибосынов (бокс), Абиба Абужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Амир Маймұратов (шыңға өрмелеу).

Алтыншы орын (5 мың доллар): Александра Ле (оқ ату), Руслан Курбанов (семсерлесу жекелей сын), Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов и Ерлік Сертай (фехтование, командалық сын).

Түгелбай Бисен

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар