//

Заңдағы өзгерістер қазақстандықтардың өміріне «өзгеріс» әкеле ме?

77 рет қаралды

Фото: ЖИ

Өткен жұма күні Президент бірнеше мәселеге қатысты заңға өзгеріс енгізуге қол қойды. 

Жаңа өзгерісте денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері қарастырылған.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға түзетулер енгізілді.

Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған: онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген. Бірқатар түзету мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.

Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген БАҚ-тың шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.

«Ойын бизнесі туралы» заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Жаңалыққа қатысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов те facebook парақшасында пікір жазды. Ол депутаттардың бастамасымен қабылданған екі түзетуге тоқталған.

Фото: facebook.com

– Енді 2025 жылдан бастап кез келген Қазақстан азаматы тегін онкоскринингтен өте алады. Ал ракті ерте анықтау – өмірді сақтап қалудың басты жолы. Сонымен біз онкоскринингті 3,5 миллион МӘМС жүйесіне қатыспайтын азамат үшін де қолжетімді еттік. Бұл дегеніміз – ауруды ерте анықтау, емнің тиімділігін арттыру, өмірді сақтау. Бұл – мыңдаған отбасы үшін үміт пен мүмкіндік! Медицина ғылымы – тек теория емес!

Бұрын  PhD докторантурасы тек университеттер арқылы ғана жүзеге асатын. Бірақ медицина – оқулықпен шектелмейтін, тәжірибе арқылы меңгерілетін сала. Біздің түзету не береді? Ұлттық медициналық ғылыми орталықтарға докторантура бойынша тікелей гранттар бөлуге жол ашылады, сол орталықтар жанынан диссертациялық кеңестер құру мүмкіндігі пайда болады. Енді болашақ медициналық ғалымдар жұмыс орнында, операциялық бөлмеде, тәжірибе барысында білім алады, – делінген жазбада.

Сонымен заңдағы өзгерістер қазақстандықтардың өміріне «өзгеріс» әкеле ме? Оны уақыт көрсетеді. Жаңа заңның толық нұсқасы енді жарияланады.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Милад Мысырда топ жарды

Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы