Фото: спортты дамыту дирекциясынан
Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтіп жатыр.
Осыдан бірер күн бұрын Милад Карими еркін жаттығу сайысында топ жарған еді. Енді керме жаттығуында үздік атанды. 14.466 ұпай иеленген Милад 14,066 ұпай жинаған кипрлік Георгиу Мариос пен 13.866 ұпай алған швейцариялық Ноэ Сейфертті қапы қалдырды.
Мысыр астанасындағы додаға 19 елден 91 спортшы жиналды.
Айта кетейік, Милад Карими өз мансабындағы үздік маусымын өткізіп жатыр деуге болады. Биыл Карими Германияның Котбусында бір, Хорватияның Осиек қаласында өткен жарыста бір алтын иеленсе, Катардың Дохасы мен Мысырдың Қаирында өткен әлем кубогінде екі реттен алтын тұғырдан көрінді.
Оған дейін 2021 жылы Осиек, 2023-те Баку және 2024 жылы Дохада топ жарды. Осылайша Миладтың еншісінде әлем кубогі кезеңдерінің 9 алтын жүлдесі бар.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз