/

ҰЛТТЫҚ ЖОБА: Әліпби мәселесін шешу жолдары

2168 рет қаралды
7

 

Әліпби мәселесінің шешімі әбден кешігіп, жұртты жалықтыра бастады. Бұқара негізінен биліктің шешімін күтіп отыр. Біздің ойымызша, шешім шыққанға дейінгі істелер басты шаруа істелген жоқ: қоғам ұлттық жоба шешімінің сұлбасын да бажайламай отыр.

Болашақ қабылданар әліпби жобасы қазақтілді ортаның сараптамасынан өткен бір жобаға негізделуін ұсынамыз. Жан жаққа бытырамас үшін әрі тиімді талқы үшін төмендегі материал негізге алынса деген тілек бар. Талқыңыз бен ұсынысыңызды күтеміз.  

erserik@gmail.com

Серік Ерғали

 

 

ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ САТЫЛАРЫ

Кәзіргі кезде тіл тақырыбының өзекті де, маңызды практикалық мәселесінің бірі – қазақ әліпбиі. Алайда, халайықтың алдамшы бағытқа бұрылып бара жатқанын айтқым келеді. Біздің жұрт қарып пен әліпбиді шатастырып жүр. Қарып – бар болғаны дыбысты таңбалайтын таңба ғана, ал әліпби тілді жазбалауға арналған таңбалық жүйе. Кәзіргі кезде қазақ тілі үшін маңызды нәрсе – таңбаның қандай екендігінен гөрі, әліпбидің қандайлығы.

Егер біз осы мәселенің басын ашуға талпынсақ, онда көзіміз – қазақ әліпбиі деп жүрген кәзіргі әліпбидің қазақ тіліне қатысы шамалы екеніне көз жетер еді. Сонда қарыпқа емес, маңызды нәрсе болып табылатын әліпбидің мазмұнына назар аударар едік. Қысқасы, қазақстандық қазақтар қолданып отырған кәзіргі әліпби  қазақ тіліне арналған емес, ең әуелі орыс тілін аман-есен жазуға ыңғайланған әліпби екендігіне есі дұрыс адамның көзі жетіп жүр. Осы әліпбимен біз 70 жыл бойы иттесіп келеміз. Өз тілімізді өгей тілдің жазу үлгісіне салып, өзге тілдің әлеуетін меңгерумен әуреміз.Бір қызығы, ойсыраған осы қалпымызға ой тастаған ауызы дуалы, тұлғасы дуалды кісілердің ғылыми деңгейде мәселе көтермей, басын түйеқұсша жасыруы қайран қалдырады!

Шын мәнінде, қазақ тілінде сауатты жазып, барынша өз тілімізге жуық әліпбиді қолданып отырған шығыс түркістандық бауырларымыз екеніне көз жіберетін уақыт болды. Сондықтан да олардың тілі қытайшаға тәуелді емес, ал біздің тіл орысшаға бейім және соған барынша тәуелді. Тәуелді болғанда жазбаша да, ауызша да. Біз «ит» деп жазып, «шошқаны» танып жүрміз! Әрі кеткенде 30 дыбысқа 42 таңбаны арнап, басымызды шыр айналдырып, тілімізді барынша күрделендіріп, емленің «есін тандырып», өзіміз де, өзге де шошитын халға жеттік. Одан арыға барыспай-ақ қойайық – бәрі белгілі, талай айттық, талай жазылып жүр. Сонымен, мәселені неден бастау керек?

Мәселені ең әуелі, естуімізше, осыдан жетпіс жылдай бұрын бір ағамыздың, бір күнде жасап шыққан «кирилше» әліпбиін тілімізге икемдеуден бастау керек. Артық әріптерді жойып, қазақ тіліне керек дыбысқа сәйкес таңбаны ғана қалдыру арқылы, әліпби реформасының бір сатысына қол жеткізбекпіз. Алайда, артық әріпті қысқарту да оңай деуге болмайды, ол қазақ тілінің жазбасын қамтитын арнайы Тұжырымдамаға сүйенуі тиіс. Әліпбидің қарыптан айырмасы да сонда, оның жүйе екендігінде.Сол себепті, жүйенің болмашы жерін өзгерту арқылы өзге жүйе алатынымызды ескеру керек.

 Әйтпесе, кейбір даулы әріптерді қысқарту да дауға ұластыруы мүмкін. Мысалы, бір ғана «Алла» сөзін жазуға қолдану үшін араптық Һ әрпін (сол секілді В,Ф әріптері т.т.) атойлап қорғайтындар болатыны белгілі. Оның үстіне бір әріпті қысқартқанның өзінде тілімізде жаңаша емле пайда болатынын ескеру керек. Сондықтан Әліпби реформасының тұжырымдамасы (ӘРТ) лингвистикалық тұрғыдан барлық даудың басын ашатын ғылыми және ресми құжат болып табылар еді.

Айталық, 42 әріпті қысқартып, отызын қалдырдық дейік. Мәселе мұнымен шектелмейді. Әлгі қысқарған әріптердің орнына жаңа әліпби негізіндегі сөздердің жаңаша жазындысын сіңіру де оңай шаруа емес. Мысалы, Ч әрпін қысқарту арқылы оның орнына Тш жазу керектігін жұртты дағдыландыру мен қажетті электрондық және басқа аспаптарға енгізіп, сіңірудің өзі біршама уақыт пен қаржыны, программалар әзірлеуді қажет етеді.

Компьютерге арналған Дұрыс жазу тексермесіне (ДЖТ) арналған программаның өзі біршама жыр болуы мүмкін. Десек те, осының бәріне жанкешті әрі талай дауға басын тігуге даяр лингвист-ұлтпаттар  керек-ақ. Ондай ғалымдар тобы кәзірден бастап мәселені қоғамдық негізде болса да қолға алғаны жөн. Ал, Үкімет бұл мәселе жөніндегі құзырлы жұмыс тобын құрып, кіріссе қанеки! Алайда, оған үлкен күмәніміз бар.Қазақстанның ұлттық мемлекет еместігі де, қазақ тілінің шын мәніндегі мәртебесіздігі де осындай мәселеде көрініп жүргенін жасыра алмаймыз. Біздің өзбек, түрікпен, әзербайжан ағайындардан артта қалуымыз да осындай тұрпатымыздан еді.

Нақтылай айтсақ, әліпби мәселесі екі сатыны шешуден тұрады: бірінші, кәзіргі әліпбиді реформалау арқылы шынайы қазақ әліпбиінің уақытша «кирилше» нұсқасын қоғамға сіңіру; екінші кезекте, сіңіскен әліпбиді ағылшындық қарып негізіне көшіру. Уақыт жағынан, алғашқы саты 3-5 жылды қамтыса, соңғы саты бес жылдан артпайды.

Неге ағылшын қарпы? Егер де түрік, өзбек, әзербайжан бауырлар секілді латын қарпын жасақтасақ, екі есе ұтылуымыз мүмкін. Оның кәзіргі кирилшеден артықтығы шамалы болады. Себебі, барлық техникалық, электрондық программаларды қайта жасап, уақыт пен ақшаны шығындауға тура келеді. Ал ағылшын әрпі әзір тұр және оның қыруар техникалық әлеуеті де дайын. Тек қана әліпбиді соған негіздеу қалып тұр. Бұл турасында еңбектеніп жүрген азаматтар да жеткілікті.

Әрине, жазуды өзгерту аса жауапты жұмыс болғандықтан, ол үдерістен қоғамның барынша жеңіл өтуін қарастыру керек. Әліпби реформасын екі сатыға бөлудегі мақсаттың өзі – аталмыш жобаны жеңілдету, халыққа әрі жаңа әліпбиді, әрі жаңа емлені қақалатындай «асатудан» аулақ болу. Десек те, әр мәселені шешудің оңай жолдары бар. Мысалы, әрбір компьютерге енгізілген ДЖТ арқылы кез келген сөздің дұрыс жазылуын оңай бақылауға, тіпті, соның көмегімен жазуға болады. Сондай-ақ, электрондық кеңісті Жаңа әліпбиді сіңіру полигоны ретінде қолдану мүмкіндігі бар.

Қалай болғанда да, қазақ тілі үшін кәзіргі өгей әліпбиден құтылу жағын неғұрлым тезірек қолға алмасақ, уақыттан ұтыла түсетініміз айқын. Өкініштісі сол, ғылыми орта ресми бастаманы күтіп, ертеңгі мәселенің қиындығын халыққа түсетінін ескермей отыр. Егер де лингвистеріміз жағдайды кәзірден бастап талдап, мәселені барынша шынайы жағдайға жақындатса, ресми (биліктік) шешім қабылдау да оңай әрі дұрыс болар еді. Шамасы, авторитаризмге дағдыланған ұлттық сана бұл жолы да «сарайлық» шешіммен шектелгісі келіп отыр. Бұл кәзіргі жағдайды қалыптастырған қатерлі нұсқаны қабылдауға апаруы мүмкін.

Біз онсыз да келешек ұрпаққа мәселенің бәрін үйіп-төгіп қалдырып, ал оның несібесін бүгін ішіп-жеп жатқан елміз. Ең болмаса, әліпби мәселесінде батылдық пен  шешімгерлік танытуымыз керек-ақ.

 

ҚОЛАЙЛЫ   ӘЛІПБИ  МЕН  ЕМЛЕ

Біз  ақшадан гөрі, уақытты үнемдегіш заманда ғұмыр кешіп отырмыз. Уақытты үнемдеу дегеніңіз – барлық шығынды да үнемдеп, әрекеттен интенсивтік (барынша тиімді) нәтиже алу деген сөз. Бұл уәжді біздің бұған дейінгі қолданып келе жатқан жазбамызға қатысты айтып отырмыз.

            Кәзірде электрондық кеңісте екі түрлі алфавитті қолданып жүрміз, оның сөкеттігі жоқ. Ауызы алты қарыс орыстілді қауым да латындатып жүргені рас. Бірақ тақырыпты қарыптан гөрі қазақтілді жазбаны қалай оңай әрі тиімді етеміз деген мәселеге бұрғым келіп отыр. Сонымен…

Менің ұсынғым келіп отырғаны – бейресми қолайлы да ықшам, тіл заңдылығын негіз ету арқылы электрондық кеңістегі жазуды барынша ыңғайлы ету. Жазбаны ең болмаса күнделікті қол телефонның болмаса электрондық хабарламаға қолдануға ыңғайлы болатындай ету. Егер де қол («ұя» сөзінің телефонға қатысы шамалы болғандықтан қолданбаймын) телефон арқылы жіберілетін хабарламаның әрбір таңбасы теңге тұратынын есептесек, айтылып отырған бұл мәселе маңызды болып шыға келеді.

            Қазақ тілі ғылым тілімен айтқанда – агглютинативтік яғни жалғанбалы болып келеді. Тілдің бұл табиғаты шұбалыңқылыққа бейім. Ал, шұбатылған сөздерді жазу кәзіргі әріп терген заманда Уақыт пен Ақшаның жауы екені рас. Ендеше қазақтілді бейресми («бейресми» деп екі адамның арасындағы жазбаны алып отырмыз) жазбаны қысқартуға бола ма? Болады!

            Қалайша?! Тілдің үндестік заңына негіздей отырып, қазақ жазбасын 20-25 пайызға қысқартуға мол мүмкіндік бар. Өйткені, қазақ сөздерін сонша пайызға «шұбалтып» жүрген  екі дыбыс бар, ол – Ы мен І. Бұл дыбыстар тек қана дауысты дыбыстар емес, сондай-ақ, сөздегі буынды жуандатуға (жіңішкертуге) қатысатын, яғни, Үндестік заңын жүзеге асыратын бірден бір дыбыстар болып табылады. Олар өзге дауыссыздарға былайша қосарлану арқылы буынды жуандатады не жіңішкертеді:

ӘРІП ДАУЫССЫЗДАР(буыншақ дыбыстар)  
1- б- бы,бі, ыб, іб 
2- г- гі, іг
3- ғ ғы, ығ
4- д- ды, ді, ыд, ід
5- ж- жы, жі, ыж, іж 
6- з зы, зі, ыз, із
7- к кы, кі, ык, ік
8- қ  қы, ық
9- л ыл, лы, іл, лі
10- м ым, мы, ім, мі
11- н ын, ны, ін, ні
12- ң  ың, ің
13- п пы, ып, пі, іп
14- р ыр, ры, ір, рі
15- с сы, ыс, сі, іс
16- т ты, ыт, ті, іт
17- у ұу, іу
18- х хы,ых
19- Ш шы, ыш, ші, іш

 

            Енді осы заңдылықты мына сөздердің жазылуына мұқият назар аудару арқылы қысқартуға болатынына көз жеткізейік:

қы+а+лы+а = қала;  кі+ө+ші+е = көше;

 Ал+мы+ат+ы = Алматы;

 Ал+мы+ат = Алмат;

           ы+сы+ры+ап = ысырап.  Мұндағы көше, Алматы, Алмат сөздерін одан әрі қысқарту мүмкін емес, бірақ «ысырап» сөзін қысқартуға болады:

ысрап. Өйткені, «ыс» буынынан кейін «ы» дыбысы жазсаң да, жазбасаң да дыбысталады, бұл – үндестік заңының көрінісі және Ы дыбысының кестедегі қасиетінен туындап тұр.

Осылайша мынадай сөздер тізбегін келтіруге болады:

ресми нұсқа           жаңа нұсқа
1 ыд{ыс}         ыдс
2 іш{ік} ішк
3 ішкі ішкі
4 сөг{іс} сөгс
5 {шы}ғар{ыл}{ым} шғарлм
6 бас{ыл}{ым} баслм
7 {бі}р{ік}{ті}р{ін}ді брктрнді
8 түг{іс}кен түгскен
9 {бі}л{іс}кен блскен
10 {бы}л{шы}лдама блшлдама
11 {сі}р{ің}ке срңке  

 

Кестеге қарай отырып, сөздегі жуан не жіңішке буындарға қатысты сәйкес түрде Ы мен І әріптерін қысқартуға болады.

Жақшаның ішінде көрсетілген буыншақ дыбыстарды бір әріппен таңбалау арқылы қаншама шұбалыңқылықтан арылуға болатыны көрініп тұр.

Алайда, буыншақтағы ы, і үншелері мен дауысталатын ы, і дыбыстарын ажырату қажеттігі туындайды.

Біздің пайымымыз бойынша, мынадай үш жағдайда ы, і дыбыстарының буыншақтау қасиетінен гөрі дауысты дыбыс екендігі ажыратылады:

1.сөздің басында дыбысталатын ы мен і үншелері – дауысты: ішік – ішк;

2.сөздің аяғында дыбысталатын ы мен і үншелері – дауысты: ескі – ескі;

     3. сөз ортасында келетін үшінші жақтағы жіктеу есімдігінің жалғау ретінде дыбысталатын ы мен і үншелері – дауысты: тіліміз – тлімз; еліміз – елімз.

      Алайда, бұл тұжырым бойынша кейбір айырықша жағдайларға сәйкес қағыйда қажет: тілдің  – тілдң, тылдың – тылдң, тіліміздің – тілмздң, тырсыл –тырсл; мұндағы буыншақты үншелерді өз әріптерімен таңбалап, сол арқылы сөздің жуан не жіңішкелігін ажырату мүмкіндігін туғызу арқылы жазылымы бірдей, жуан-жіңішкелігі әр түрлі сөздерді нақтылауға болады. Бұл тұжырым тілді үндесім заңына мойынсұндыру арқылы тұтынушыға мойындатып, оның сақталуын бекіте түседі.

Осылайша қос әліпбидегі мәтін көлемін салыстырыңыз: ескі жазым («жазым» сөзі тілдің сөзжасам қабылетіне орай, бұйрық райлы (бөл, өл …) етістікке –ым, -ім, – м жұрнақтары жалғану арқылы жасалып отыр; «жазылым», «көрсетілім» сөздері бұл қағидаға қайшы) бойынша – 6 жол, жаңа жазым бойынша – 5 жол.

 Ресми әліпбише жазым: жоғарыда келтірілген емлелік және жаңа әліпбилік ұстанымды іске асыруда қазақша мәтін барынша қысқарады да (20-25%-ға), жазым үдерісінде үндесім заңы басшылыққа алынады; бұл жайт тілді игеруді оңайлатып қоймай, оны қағыйдалық қайшылықтардан арылтады, емлелік және орфоэпиялық ережелер бірыңғайланады, үйренушіні тұйыққа тірейтін кедергілерден құтқарады. 

 

Жаңа әліпбйше жазым: жоғарда келтрлген емлелк және жаңа әлпбйлк ұстанмды іске асруда қазақша мәтн барнша қсқарады да (20-25%-ға), жазлм үдерснде үндесм заңы басшлққа алнады; бұл жайт тлді йгеруді оңайлатп қоймай, оны теорйалық қайшлқтардан арлтады, емлелк және орпоепйалқ ережелер брңғайланады, үйренушні тұйққа трейтн кедерглерден құтқарады.  

Бастапқы кезде дыбыстық алфавитке дағдыланған адам үшін аздап, үйренісуге тура келеді, бірақ ол 2-3 сөйлем жазғаннан кейін бірден жолға түседі. Аталмыш бастама қазақ тілінің теориясының негізін қалаушылардың бірі Құдайберген Жұбановтың сингармо әліпби жсақтау жөніндегі өсиетінен туындады.

АҒЫЛШЫН ҚАРЫПТЫ ӘЛІПБИ

            Өткен жолы дыбыстанушы, филология ғылымдарының докторы ЖҮНІСБЕК Әлімхан ағамыздың әліпбилік жобасын жариялағанбыз. Жалпы алғанда, ол жобаның 28 әріптік дыбыстық жүйесін қолдап, соған тоқталуымыз қажет. Өйткені, ол барынша ғылыми дәйектелген және тілімізге мейлінше тән дыбыстық жүйені қамтыған жоба.

            Алайда, өз тарапымыздан Әлекеңнің әліпбиге латындық қарыпты қолдануын қолдағымыз келмейді. Себеп: аталмыш жобаның бізді тағы да техникалық тұйыққа тірейтін жағы – компьютер теруішінде үстіңгі дәйекшелі қарыптар жоқ, арнайы әзірлеуді қажет етеді.Бұл жайт, әсіресе, Ә,Ғ,І,Ң,Ө,Ш,Ұ,Ү  әріптеріне қатысты. Аталмыш мәселеге жауап ретінде ағылшын қарыпты дайын әліпби ұсынамыз.

АҒЫЛШЫН ҚАРЫПТЫ ЖАҢА ӘЛІПБИ

кирилше латынша үнше
1234

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

АаӘәБбҒғ

Гг

Дд

Ее

Ыы

Іі

Жж

Ққ

Кк

Лл

Мм

Нн

Ңң

Оо

Өө

Пп

Рр

Сс

Шш

Тт

Ұұ

Үү

Уу

Йй

Зз

AaAhahBbFf

Gg

Dd

Ee

Yy

Hh

Jj

Xx

Kk

Ll

Mm

Nn

Ngng

Oo

Qq

Pp

Rr

Ss

Cc

Tt

Ww

Vv

Uu

Ii

Zz

аәбы,бі, ыб, ібғы, ығ

гі, іг

ды, ді, ыд, ід

е

ы

і

жы, жі, ыж, іж

қы, ық

кі, ік

ыл, лы, іл, лі

ым, мы, ім, мі

ын, ны, ін, ні

ың, ің

о

ө

пы, ып, пі, іп

ыр, ры, ір, рі

сы, ыс, сі, іс

шы,ыш,ші,іш

ты, ыт, ті, іт

ұ

ү

ұу, үу, ыу, іу

 ій, ый

зы, зі, ыз, із

 

Ұқтырма

Әліпби ағылшынның 26 қарпынан жасақталып, 28 әріптен түзілді. Әріптің 26-сы біртаңбалы, екеуі ғана қостаңбалы, ал ағылшын әліпбиінде қостаңбалылар саны – 21, өзбектің латын әліпбиінде – бесеу (мұның екеуіне апостроф қосарланған). Екінші таңба ретінде і әрпі ретінде алынған h қарпы жіңішкертуші таңбаға таңдалып, ә дыбысының әрпіне сәйкес түрде а дыбысының жіңішке нұсқасы ретінде ah таңбасы; ал  ң әрпіне қазақ тілі үшін әбден жарамды ағылшын тілінің белгілі ng қосағы таңдалды. Айырықша атап өтерлік жайттар:

–         Қ әрпіне жуық бұрынғы Х таңбасы таңдалды;

–         Ұ дыбысы – W (қос «уай» дыбысы Ұ дыбысына жуық екені ескерілді) және оның жіңішке нұсқасы Ү дыбысы – V әрпімен (қос «уайдың» сыңары, Ұ-ның жіңішке нұсқасы Ү үшін таңдалды) таңбаланды; бұларға туындылас Ө әрпі де графикалық жағынан жуықтас Qq қарпымен (бұрыннан таныс әріптің ортаңғы сызығы төменге түсірілді) алмастырылды.

Осылайша графикалық жақындықпен Ғғ әрпі үшін ағылшындық Ff  алынды. Қалған әріптердің ағылшынша қарыпталуы кескіндес және кәдімгі латындық қолданыстағы нұсқалар болып табылады. Сонда қолданыстағы графикалық дәстүрден тыс  6 қарыпты жаңаша меңгеруге тура келеді. Бұл әліпбилік жүйеге ешбір техникалық және электрондық қосалқы әзірлік пен шығын керек емес, әлемнің кез келген жеріндегі электрон сайманы қазақ тіліне қолданысқа түсе береді.

Жоғарыда келтірілген емлелік принциптерді іске асыруда қос таңбалы әріптердің қатарлас келуі немесе қабаттасуы болмайды,оның үстіне өзбек әліпбиіндегідей жазуды қиындататын артық белгі (апостроф)жоқ; сондықтан оларды осылайша қолдану ешбір тұйыққа тіремейді де, ағылшын тергісінің (клавиатура) барлық мүмкіндігі сол күйінде қазақ тілінің де игілігіне айналады.

Асты сызылған осы мәтінді жаңа әліпбиге салсақ, әрбір төрт-бес жол біреуге қысқарып, мынадай жазба аламыз:

Jofaryda keltrlgen emlelk prinspterdh hske asruda xos tangbaly ahrpterdng xatarlas keluh nemese xabattasuy bolmaidy, sondxtan olardy oslaica xoldanu ecbr  twixxa tremeidh de, aflcn tergsnng barlx mvmkndgh sol kvinde xazax thlnng de ighlgne  ainalady.  

 

                        Байқалып тұрғандай, жаңа әліпби кестесінде әріптердің әдеттегідей атауы жоқ, әріп қатарында сәйкес үншелердің (фонема) дыбысталуы бар. Бұл қазақ тіліне тән үндесім заңдылығын жазбаға барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді және жазу емлесін мейлінше қарапайым етеді. Алайда, дыбыстық жүйеге негізделген ескі әліпбиге бойұсынғандар үшін бұл емле біршама ерсі көрінуі мүмкін.Алайда, мұны жас ұрпақ тез меңгереді. Шамамен алғанда, жаңа әліпбиді меңгеру жастар үшін 1-3 күн, ал ересектерге бір апталық мерзім жеткілікті.

                        Аталмыш әліпбиді жазбалық үдеріске салмас бұрын міндетті түрде қазақ тілінің электрондық дұрыс жазу тексермесін (мұндай электрондық программа барлық шет тілдерде бар) әзірлеп, компьютерге тегін енгізуді қарастыру керек. Сондай жағдайда, әрбір сөзді тере бастаған қолданушы компьютердің көмегімен басқы әріптерді тере бастағанда, сөздің дайын үлгісіне тап болады, сөйтіп, ешбір сөз қате терілмейтіндей және оны тексеретіндей электрондық мүмкіндік болмақ. Бұл тексермені жүзеге асыру үшін әуелі әлгі әліпбиге негізделен қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерді толығымен электрондық орфографиялық сөздікке айналдырып, дайындау жұмысын атқару қажет.

MENNG  XAZAXSTANM

 

Altn kvn aspany,

Altn dahn dalasy,

Erlktng dastany,

Elhme xaracy!

Ejelden er degen,

Dangxmz cxty foi,

Namsn bermegen,

Xazafm mxty foi!

Menng elm, menng elm,

Gvlng bolp eglemn,

Jyrng bolp tqglemn elm!

Tufan jerm menng – Xazaxstanm!

Салыстыру үшін:

ӨЗБЕК ӘЛІПБИІ

 

            Латиница Кириллица   Латиница Кириллица
A a А а   Q q  
B b Б б   R r Р р
D d Д д   S s С с
E e Е е   T t Т т
F f Ф ф   U u У у
G g Г г   V v В в
H h     X x Х х
I i И и   Y y Й й
J j Ж ж   Z z З з
K k К к   Ch ch Ч ч
L l Л л   G‘ g‘  
M m М м   O‘ o‘  
N n Н н   Sh sh Ш ш
O o О о   ng нг
P p П п   ’ – апостроф Ъ ъ (обычно

 

Барлығы 30 әріп-таңба қатыстырылған.

 

Біздің ұсыныс:  Ахмет атамыздың тұжырымына негізделген Ә.Жүнісбек мырза ұсынған ӘЛІПБИді қолдай отырып, оны ағылшын қарпымен алмастыруды ұсынамыз. Қолдаған азаматтар бірігіп, сынақтан өткізіп, оны әуелгі сатыда «ВОЛОПЮК» (бейресми қосар әліпби) ретінде ақылды саймандарда  қолдануды ұсынамыз.

 

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Жасаған әліпбиіңіз негізінен көңілге қонымды. мына дыбыстарды таңбалауыңызды қайта қарап көрсеңіз: Ы, І, Й; Біз “І” дыбысын, соған сәйкес ағылшынның “І” күйінде қалдырып, ал керісінше “Й”-ді “у” деп таңбалау қазір біршама жазбаларда да қалыптасып барады. Ал “ы” фонемасына таңба табу керек. Ал сіздің сөз арасындағы “ы” мен “і” -ні алып тастаймын дегеніңіз ақылға симайды. Өйтіп тілді кесуге болмайды. Онда үндестік жоғалады да тіл, тіл емес бірдеме болып шығады. бұл райыңыздан қайтыңыз, тап осы жерде қазақша ойлаңыз. санаңыздағы орыс тілінің ықпалын алып тастаңыз. Біздің мақсатымыз тілді кесу емес, керісінше өсіру ғой.

  2. журналистер, неге осындай маңызды мәселеге үн қоспайсыңдар, әлде сендер…

  3. Бұл жазғаныныз мүлде дұрыс емес, біз қалай ұ ү әріптерін ағылшындық в мен алмастырамыз?
     

  4. Бізге латынның 26 әрпі мен арнайы символдарды ғана пайдаланатын, қосымша өзгерістер мен стандарттарды енгізуді талап етпейтін әліппи жасау қажет! 6-8 әріп қысқаруы мүмкін!

    1 A a A a
    2 A’ a’ Ә ә
    3 B b Б б
    4 C c Ц ц
    5 C’ c’ Ч ч
    6 D d Д д
    7 E e E e
    8 F f Ф ф
    9 G g Г г
    10 G’ g’ Ғ ғ
    11 H h Х х
    12 H’ h’ Һ һ
    13 I i И и
    14 I’ i’ Я я
    15 J j Ж ж
    16 K k K k
    17 K’ k’ Қ қ
    18 L l Л л
    19 M m М м
    20 N n Н н
    21 N’ n’ Ң ң
    22 O o O o
    23 O’ o’ Ө ө
    24 P p П п
    25 Q q Ұ ұ
    26 Q’ q’ Ү ү
    27 R r Р р
    28 S s С с
    29 S’ s’ Ш ш
    30 T t Т т
    31 U u У у
    32 V v В в
    33 W w Ю ю
    34 Y y Ы ы
    35 Y’ y’ І і
    36 Z z З з

  5. Ал Һ һ (H’ h’) әрпін қысқарып жіберсек те еш нәрседен ұтыла қоймаймыз.

  6. I’ i’ Я я
    H’ h’ Һ һ
    W w Ю ю
    әріптері қазақ әліппиінде керегі шамалы-ақ, бірақ қалдырсақ та болады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар