/

Қазақша Википедианы дамытатын арнайы ұйым құрылды

1850 рет қаралды

2011 жылдың 16-маусымы, сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Ұлттық Баспасөз Клубында (Фурманов к-сі, 122) “Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Әлемнің 281 тілінде жұмыс істейтін “Википедиа” (Wikipedia) ашық энциклопедиясының қазақ тіліндегі тармағын дамыту жобасының ұйымдастырушысы – “Wikibilim” қоғамдық қоры. ҚР-ның байланыс және ақпарат министрлігі және “Қазконтент” АҚ-ғы жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Баспасөз мәслихатына Wikipedia Foundation (АҚШ) қорының Сенімді Өкілдер кеңесінің төрағасы Тинг Чен, “Wikibilim” қоры мен “Nokia” компаниясының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, “Қазконтент” АҚ-ның басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев, “Қазақ энциклопедиясы” кәсіпорынының басшысы Бауыржан Жақып қатысады.

Сол күні (16/06/2011) сағат 15.00-де “Қазақстан” қонақ үйінің “Алтын емел” атты конференциялар өтетін бөлмесінде қазақша Википедианы дамыту тақырыбына арналған семинар өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баспасөз мәслихаты мен семинарға шақырылады.
Қатысушыларға “Wikipedia” белгісі салынған естелік сыйлықтар таратылады.

“WikiBilim” қоғамдық қоры интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды (контентті) молайтуды көздейтін коммерциялық емес ұйым. Соның ішінде Wikimedia Foundation (АҚШ) қорымен келісе отырып, “Википедиа” (Wikipedia) ашық энциклопедиясының қазақша таруын дамытуды қолға алған.

Википедиа әлемнің 281-тілінде әуесқой пайдаланушылардың қолымен жасалатын ең танымал онлайн интернет энциклопедия. Қазір онда 18 миллионнан астам мақала бар. Соның ішінде миллион мақала межесінен асқан 3 қана тіл бар. Олар: ағылшын, француз және неміс телдері. Орыс тілінде 700 мың шамасында, ал қазақ тілінде 20 мыңға жуық қана мақала бар.

“WikiBilim” қоғамды қоры Википедиа энциклопедиясының қазақ тілді бөлігін дамыту мақсатында пайдаланушыларды осы іске өз үлестерін қосуға шақыратын науқан бастауды жоспарлауда. Науқанның мақсаты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 16 желтоқсанына дейін қазақ тіліндегі сапалы мақалалардың санын 200 000 жеткізу.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар