Кезекті стипендиялық бағдарламалар туралы ақпаратымызға назар аударыңыздар. Бұл жолы фундаменталды және пәнаралық зерттеулер жүргізгісі келетін ғалымдар өз бақтарын сынай алады.
HFSP (Human Frontier Science Program (HFSP, Страсбург, Франция) өмір туралы ғылым саласындағы фундаменталды, трансұлттық, пәнаралық зерттеулер аясында PhD дәрежесі бар зерттеушілерге стипендиялық бағдарламалар ұсынады. Бұл бағдарлама ғалымдарға өздеріне жаңа ғылыми салада зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді зерттеулер стипендиялық бағдарламасы (Long–Term Fellowships) биология саласында ғылым кандидаты дәрежесі бар, өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа бағыттарда зерттеулер жүргізгісі келетін үміткерлерге бағытталған.
Пәнаралық стипендиялық бағдарлама (Cross–Disciplinary Fellowships) физика, химия, математика, информатика салаларында ғылым кандидаты дәрежесі бар үміткерлерге арналған.
Бұл стипендиялық бағдарламалардың жеңімпаздары қаржылық қолдау алып 3 жыл бойы шетелде жұмыс істейді, соңынан елдеріне қайтуға міндетті.
Өтініштерді беру мерзімі:
2011 жылдың 25 тамызы– бағдарламаға тіркелу және кілтсөз алу
2011 жылдың 8 қыркүйегі – өтініштерді қабылдау аяқталады.
Толығырақ бағдарлама сайтынан HFSP қараңыздар.
Дайындаған Бақытгүл Салыхова
Парақшамызға жазылыңыз