/

Айтматовтың ашынасы кім болған?

4097 рет қаралды
2

Бүгінгі күннің жер басып жүргендері үшін кешегі өткен,  жақсы-жаман іс-әрекеттерімен адамзат баласының жүрегінен өшпестей орын алған адамдардың қоғам, мемлекет алдында атқарған қыруар қызметін былай қойғанда олдардың пенделік тірлігінің өзі кейінгі ұрпақ, келер келешекке берер тағлым, тәлім, тәрбиелік мәнінің бар-жоғына қарамай назар аудартады. Адамдар соны білгісі келіп құлшынып тұрады. Білмесе ол туралы өсек-аяң, ойдан шығарылған түрлі аңыз-ертегілер өрбиді. Әсіресе олардың махаббат хикаялары тіпті де әсерлі болады. Сондай адамдардың бірі, қазіргі көзі тірілердің көкейінен кете қоймаған тұлға қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов болса керек. Айтматов та өз дәуірінде   отбасы, сүйіп қосылған қосағы, бала-шағасы бола тұра, ашына ұстап, аз өмір  махаббат хикаяларын басынан кешірген екен. Ол «Айтматовтың ұлы махаббаты» деп дәріптеуге, атауға келеме, келмейме оны оқырман сана сарабына қалдырып, М.Шахановтың «Қырғыз Эвересі»… атты жинағынан алып «Айтматовтың ұлы махаббаты» эссесіннен тинамдай үзінді  ұсынып отырмыз. Арғы жағын…

«…Иә, егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, әлемдік деңгейде күні бүгінге дейін ол биікке көтерілген адамдар некен-саяқ… Адам баласы үшін сол таңғажайып  шыңға шығуды мақсат тұтудың, солай қарай бет бұрудың өзі үлкен жетістік. Енді, біреулер үйленуді, ұрпақ өсіруді, өмір жолында бірлесіп қимылдауды махаббатқа балап жатады. Дұрыс. Әйтседе, бұл махаббаттың жеке-жеке бөлшектері ғана.

Шаханов: Сізге іні болып, қатар жүрген ұзақ жылдар ішінде ішкі сезімдеріңіз жайында бір ауыз тіс жарып, әңгіме қозғап көрмеппін. Енді, жан дүниеңізді толқытқан, талай таңды дөңбекшумен атыруға себепші болған асыл сезімдеріңіз жайында сыр суыртпақтасам – айып етпессіз?

Айтматыов: Әр адамның өз пешенесіне жазылған тағдыры бар. Мынау ғалам қандай шексіз болса,  ол да сондай шек-шексіз, құпиялы да күрделі. Әркім өзінің өмір жолында бұйырған адамына жолығады. Бірігіп, әр қайсысы өз түсінігіндегі бақытын іздеуге аттанады.

Қазірде естелікке айналса да, ойыңа түскенде, көкірегіңді шым еткізетін қимас сәттер біздің де бастан өткен. Жасыратыны жоқ, студент кезде, жастық шақта би алаңында, той-томалақта талай қызбен танысқан болармыз. Ең бір тәтті сөздерді тізбелеп жазған, хат алған күндер де бастан өтті. Есіміңді шетіне әдемі жіппен өрнектеп жазған сұлулар сыйлаған орамалдың қаншасын қалтаға салдық екен?!  Күлесің, соған қарағанда сенің де қалтаңа талай орамал түскен-ау, шамасы…

Бірақ, бәрі жанды да, өшті. Гүл басына көбелектің қонып-ұшқаны сынды қас қағым сәт. Олар маған пәлендей әсер ете алған жоқ.

Солардың ішінде өзінің жанымен де, тәнімен де, бүкіл бітім-болмысымен еркімді билеген бір сәулелі махаббат есімде қалып қойды. Әдейі іздеп кездескенім жоқ. Кездейсоқ табыстық. .. сол кездейсоқтық мен үшін барша мақсаттан да биік, жоғары еді.  Ол – қырғыз өнерінің маңдайына біткен атақты бишісі Бүбісара Бейшеналиева болатын…

Әлі күнге түсіме еніп, елесімен жебейтін, көңілімді еліктіріп, өткен күндерге қиялмен болса да оралтатын, сол қымбат бейнемен қалай кездескенім қазірге дейін көз алдымда»….

Сөйтіп Айтматов 1950 жылдардың соңында Бүбісарамен танысып,  1973 жылы науқастан Бүбүсара қайтыс болғанға дейін «Мың бір түннің» хикаясындай ғашықтық серуен-сайран кешеді… Айтматов  қосылуға емеуірін танытса, Бүбүсара сөздің бетін басқа жаққа бұра береді екен. Бірде ол: «Үйленгеннен кейінгі тірліктің күйбеңі ұлы сезімдерді жеп қояды. Махаббатымызды некеге байлап қайтеміз» деп Айтматовтың аузын жапқан екен. Ал Айтматов бола, «ол кезді өзің білесің, әйелінен ажырасқан адамды моральлдық жағынан азды деген желеумен лезде есекке теріс мінгізіп жіберетін ғой» деп ақталған болыпты М.Шахановқа берген жауабында… Уақыттарыңызды алмас үшін осымен доғардым.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. бұл мақаланы түсінбедім. Кітапта жазылғанды қайталаудың қажеті қанша?
    Әлде сайттарыңа материал жетіспей қалғанда осылай істейсіңдер ме???

  2. Бұл мақаланы бурын да оқығанмын. Бірак бұнын тақырыбы өте ерсі естіледі екен. Менін ойымша казирги қогамдагы жастарыдын махаббатымен салыстырганда бул махаббат “Ұлы махаббат!” екени созсиз. Журекке әмір журмейді демекші, омирде барлык жагдайлар болады емеспе. Бул өмірде олим де айтып кеелмейді, сол сияқты ұлы махаббатта… Әрине менин пикирим биреулер ушин дурыс еместе шыгар, бирак мен Шынгыс агамаыздын осы ұлы махаббатын сыйлаймын! Мундай Ұлы махаббат 100жылда 1-ак адамнын тагдырында кездеседи деп ойлаймын!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар