Брайан Л.Стеффенс
Мерзімді басылымдар көлемінің үлкен, яки шағын екендігіне қарамастан технологиялық және нарықтық жағдайлардағы өзгерістерге әрдайым бейімделіп отыруы керек. Қалалық, аудандық, селолық газеттер жергілікті жаңалықтарды оқырманға шапшаң, әрі толыққанды жеткізетін жаңа ақпараттық ғасырға қадам басты.
Брайан Л. Стеффенс – Миссурий университеті журналистика факультетінің профессоры және америкалық Ұлттық газет қауымдастығының директоры. 1885 жылы құрылған бұл ұйым жергілікті 2600 газетті шығаратын Америкадағы ең көне және ең үлкен қауымдастық.
Фотомонтаж: Дәстүрлі ақпарат құралдары оқырмандар үшін әлі де болса жаңалықтардың арзан түрі болып отыр. Интернет болса, апталық аймақтық газеттерге жаңалықтарды аптасына жеті рет, тәулік бойы соңғы жаңалықтарды өз сайтында жариялап, оқырмандарына газеттегіден көбірек сурет көрсетуге мүмкіндік жасады. (AP/WWP суреттері)
XXI ғасырда газеттер айналадағы жағдайға тез бейімделетін хамелеон кесіртке тәрізді. Шынында газеттер үнемі ғылыми дамуға ілесіп отырды: олар парақтық басылым түрінен ротациялық басылым машинасына ауысты, «линотип» жолдық машинасынан үстелдік баспа үрдісіне ауысты, ақ-қара түсті бейнеден түрлі-түсті бейнеге, ал қазір қағаздан электрондық құралдарға ауысып жатыр. Газеттер ақпарат жеткізудің және таратудың жаңа тәсіліне ауыса отырып, құнды да маңызды ақпарат көзі болып көп уақытқа дейін қала бермек.
Газеттер әлі күнге дейін, ең алдымен, жаңалықтарға, яғни дәлдігімен, нақтылығымен, шындыққа жетудегі талпынысымен ерекшеленетін, міндетті тексерістен өтетін ақпаратқа арналған жалғыз бұқаралық ақпарат құралы болып табылады.
Радиоға негізінен музыкалық және ауызекі сөйлеу жанры тән. Телевидениеде ойын-сауық бағдарламалар алдыңғы қатарға шығады. Интернет негізінен ақпарат көздерінің кең ауқымын беретін, алайда ақпараттың сапасына, мазмұнының растығына кепілдік бермейтін ақпарат іздеу құралы.
Қалалық, селолық шағын газеттер оқырмандарға өзгелер хабарлай алмайтын жергілікті жаңалықтарды жеткізуімен құнды.
Телевизиялық станциялар мен үлкен қалалардағы күнделікті ірі газеттер жалпы миллиондаған тұрғыны бар үлкен қаланың аудиториясын, кенттер мен селолық аудандарға қызмет көрсетеді. Ал кабельды арналар мен Интернет жалпыұлттық және халықаралық аудиторияны қамтиды. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында белгілі бір қалалық немесе селолық ауданда тұратын адамдарға қызықты болатын жергілікті жаңалықтарды үзбей беріп отыру үшін арнайы жұмысшы жалдап, уақыт лайықтап, ғимаратты жалға алу қажет емес. Ірі газеттер қалалық немесе селолық газеттердің басты тақырыбы болатын күнделікті өмір туралы емес, ірі оқиғалар мен маңызды даулы мәселелер туралы жазады. Ал жергілікті газеттер әдетте жергілікті басқару ұйымы туралы, мектеп, денсаулық сақтау жүйесі, спорт шаралары, мереке шаралары мен жергілікті клуб, шіркеулердегі жиналыс туралы ақпарат жазумен айналысады.
Бұл қалалық және селолық күн сайынғы шықпай қалатын газеттердің саны 5500-ден 7000 аса газетке өскеннің өзінде, күнделікті америкалық газеттер мен оларға жазылушылардың неліктен азаятындығын түсіндіреді. Күнделікті шықпайтын газет оқырмандарының саны үш есе көбейді және де қазірде бұл сан аптасына 70 миллионға жетіп қалды.
Жаңа технологиялар дәстүрлі газет бизнесінің алдына газет шығарудың әлі пайдаланылмаған, жаңа тәсілдерін тез меңгеру талаптарын қоюда. Сөйтіп отырып, жаңа технологиялар жергілікті газеттер алдында өзіндік бизнес жүргізуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Жергілікті газеттер жергілікті радиостанциялармен бәсекелесу деңгейінде
Жергілікті күн сайын шығатын газеттер жергілікті радиостанциялар алдында жаңалық немесе спорт шараларын беруде енді жеңілмейді.
Интернеттің келгеніне дейін бейсенбіде өткен әкімшілік жиналысы туралы немесе мектеп кеңесі туралы, кешкі жұмада өткен мектептік спорт сайысы туралы ақпараттар газеттерде келесі аптадан ертерек шықпаған. Интернет шағын қала, қалалық және селолық аудандардағы апталық газеттерге соңғы жаңалықтар мен спорттық жаңалықтарды беруде күнделікті газеттермен, радио-теледидармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Алайда Интернеттің өзі де ескіруде. Енді соңғы жаңалықтар мен спорт сайыстарын, ойын есебін менің жергілікті газетім тура менің ұялы телефоныма хабарлама арқылы сол уақытта жіберіп отырады. Жергілікті команданың тренері аяқ асты жұмыстан кеткенде, оны бірінші болып мен естігенмін. Баспа нұсқасын алу мүмкін болмады, басқа штатта болғандықтан, оның анық-қанығын білу үшін мен осы газеттің веб-сайтына кірдім. Үйге оралғанда, тренер кеткелі не болғанын білу үшін, соған байланысты сұхбатты оқу үшін келесі нөмірді тағатсыздана күттім. Американдықтар газет, компьютерді әрдайым өздерімен алып жүрмейді, алайда ұялы телефон қалталарынан түспейді. Қазіргі таңда газеттер оқырмандарымен кез-келген уақытта кез-келген жерде байланыса алады.
Газеттер бейнеде, видео мен суретте енді теледидарға дес бермейді. Қалалық, аудандық және селолық газеттер аймақтың телевизиялық станцияларына қарағанда, жергілікті жаңалыққа визуалды элементтерді көбірек бере алады. Мысалы, телевизиялық станция жұмада болған екі орта мектеп арасындағы ойын сайысы туралы тек қана бес секундқа жетер-жетпес сюжет көрсете алады, ал жергілікті газет веб-сайтында шексіз түсті фотосуреттерді орналастыруға немесе ауданның барлық орта мектептеріндегі ойындардың видеосюжеттерін жариялауға болады.
Шағын жергілікті газеттер өз тәжірибесінде веб-сайтқа көбірек фотосурет орналастырса, оның көшірмесін алуға адамдардан көп ұсыныс қабылдайтынын, яғни оның арқасында көбірек кіріс келетінін ұқты. Мысалы, бұған дейін егер газет Джоннидің суреті бар сайысқа байланысты бір фотосурет орналастырса, Джоннидің ата-анасы мен туыстары екі-үш газет сатып алатын. Ал енді Джонни мен басқа да ойыншылардың фотосуреттері веб-сайтқа шыққанда, оның туыстары мен басқа да ойыншылардың туыстары көбірек фотосурет сатып алғысы келеді.
Газеттер баспа нұсқасын алатын әдеттегі оқырман аудиториясын жаңа қарқынды дамып келе жатқан веб-сайты мен ұялы телефонға түсетін хабарламаны оқитын аудиториясының арқасында кеңейте отырып, өздеріне көп жарнама берушілерді тартады. Қазірде аталған газеттердің веб-сайты немесе электрондық басылымдары өтімді. Ал олардың баспа нұсқасы әлі де орта есеппен алғанда 20 пайыз құрайтын кіріс әкеледі. Бұл жаңа технологияларды қолданудағы оң нәтиженің мысалы.
Жаңа технологиялар жалпы газет шығаруға оң әсер етеді. «Крисчен сайенс монитор» жалпыұлттық америкалық газетті басып шығару оның электрондық баспасынан екі есе қымбат тұрады. Баспа нұсқасы неғұрлым көп сатылса, соғұрлым ол компанияға көп кіріс әкеледі деген көзқарас бар. Басқаша айтқанда, неғұрлым сатылымнан көп кіріс түссе, соғұрлым оның кірісі көп болады.
ШАТАСУ. Баспа нұсқасы мол кіріс әкелген, бірақ баспа нұсқа өзі де қымбат тұрады, оның өндірісі мен таратуы да қымбатқа түседі. Әр басылымнан түсетін қаржы электронды нұсқаның өндірісі мен таратылымынан түсетін қаржының тек жарты сомасын ғана құраған. Газет қағазынсыз, типографиялық бояусыз, қымбат тарату арналарынсыз электронды нұсқаны арзан сата отырып, көбірек кіріс алуға болады.
Газеттер өз тәжірибесі арқасында электронды таратудың дәстүрлі басылымдар алдында өміршең екендігін, әсіресе ол негізгі аудандардан тыс та таратыла алатындығын ұғынады. Демалыста жүрген оқырмандарға, зейнеткерлерге немесе басқа жаққа көшіп кеткен, алайда туыстары мен достарының өмірі жайлы біліп отырғысы келген адамдарға газеттер бірнеше аптаға кешігіп, ақпарат ескіріп жетеді.
Сандық басылымдар сол күні-ақ, еш өзгеріссіз жетеді. Туу немесе қайтыс болу туралы ақпарат, сондай-ақ жергілікті спорт жұлдызы туралы жаңалықтар достарыңызға, отбасыңыз бен демалыста жүрген зейнеткерлерге, бір сөзбен айтқанда, алыс-жақындағы адамдардың барлығына сол уақытта жетеді. Соның арқасында сіз дер кезінде құттықтайсыз немесе көңіл айтасыз.
Не де болса, жаңа технологиялар жаңалық көрсететін компанияларға оқырмандарына қызмет көрсетуді жақсартуға, шығындарын қысқартуға көмектеседі. Келесі онжылдықта миллиондаған американдықтар бұрынғыдай газеттің арзан бағасын, қолжетімділігін (компьютер сатып алу қажет емес), қолданудағы жеңілділігін (батарейка немес шнур сатып алу қажет емес) бағалайтын болады. Алайда газеттің баспа нұсқасынан да ақпарат берудің тездігін немесе хабарлама берудің жаңаруын (ұялы телефондар), мол ақпарат пен кең контекст (Интернет) бағалайтындар да болады.
Адам жүгіріп бара жатып, газет оқи алмайды, бірақ жаңалық үнхабарын (iPod-қа жазылатын соңғы жаңалық) тыңдай алады. Ал егер адам розеткасы жоқ поезд немесе автобуста келе жатса, оған газеттің баспа түрі немесе портативті компьютерге қоятын жақсы батарейка керек болады. Адам сымсыз портативті компьютерге кіруге мүмкіндігі жоқ, ұялы телефон сигналы өте әлсіз шалғайда болуы мүмкін. Газеттер оқырманның дәл қазір не істеп отырғанына қарамастан, оқырман жүрген жердің барлық жерінде болу керек және жаңалықтар оқырманға қолайлы тәсілмен жеткізілуі керек.
Жақын арада жаңалық жеткізу құралы қағаз, компьютер, ұялы телефон және iPod-тар болады. Болашақта ақпарат жеткізудің одан да жаңа, көбірек түрі пайда болуы мүмкін және де пайда болады да.
Жағдайға ілесе алатын және де жаңалықты оқырманның тұрған жеріне оқырманға қолайлы тәсілмен жеткізе алатын газеттің болашағы жарқын болмақ.
Адамзатты біріктіретін байланыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең өзекті тақырыптардың бірі азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді ат салысуы. Газеттер редакторға онлайн жіберілетін қызықты хаттар, жергілікті және жеке блогтар, онлайндық дискуссиялар және де азаматтардың өздері жіберетін материалдар форматы арқылы тәжірибе жасайды.
Кейбіреулер жергілікті газеттер жаңа технологияларсыз-ақ бұқарамен байланысын жоймаған деп есептейді. Шағын қалаларда оқырмандар редакторлармен, репортерлермен және нарықтағы басылым шығарушылармен байланыста болған және де болып та келеді. Бұл оқырмандар жаңағы редактор, репортер, нарықтағы басылым шығарушылармен клубта, шіркеуде немес шаштаразда кезігіп қалғанда әңгімелеседі. Кішігірім қалаларда оқырман мен газет арасындағы алшақтық ірі қалалар мен метрополияларға қарағанда, қысқа.
Кішігірім газеттер үшін жаңа технологиялардың тағы да бір күтпеген артықшылығы жақын арада пайда болған корреспонденттер жүйесінің кеңеюуі болды. Жергілікті газеттер жұмысшылардың-репортерлер мен фотографтардың аздығынан әрдайым зардап шегетін. Ол барлық шараларға: мектеп пен әкімшілік кеңесіне, спорт сайыстары мен шіркеу мейрамдарына баруға мүмкіндік бермейтін. Өйткені көбінесе шаралар бір күнде өтетін.
Фото: MyMissourian.com онлайн режимде Миссури штатының Колумбия қаласы тұрғындарының суреттері мен мақалаларын жариялайды. Олардың ең үздігі Коломбия Миссури апталық газетінде жарияланады.
Мұндай кішігірім газеттерде толық емес жұмыс күнінде қызмет істейтін немесе белгілі бір уақыттарда ғана жұмыс істейтін адамдар істейді. Олар редакция мүшесі қатыса алмаған шаралар туралы оларға ақпарат жеткізеді. Ноутбуктар мен сандық фотоаппараттар кішігірім қаланың кез келген тұрғынына репортер немесе фотограф болуға мүмкіндік береді.
Бұл газет пен бұқара арасын ғана емес, кішігірім қалалардағы адамдар арасын да жақындатты.
Көптеген американдық газеттер жергілікті тұрғындардың материалдарынана газеттерін толықтырып отырады. Миссури штатындағы, Колумбия, MyMissourian.com [http://MyMissourian.com] жергілікті тұрғындардың очерктері мен жазбаларынан тұратын жергілікті газет болып табылады. MyMissourian.com оны тек толықтырады. MyMissourian.com-да әдетте дәстүрлі форматтағы жаңалықтар жазылмайды.
MyMissourian.com-да нәрестелер мен түлектердің, үй жануарларының суреттері орналасады. Мұнда көршің туралы ең үздік очерк жариялауға болады.
Технология – керемет дүние. Кім оны қолданса, ол экономикалық өсудің жемісін көреді. Әрі кейде технологиялар жай ғана адамдардың бұған дейін де айналысқан ісі – бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуына көмектесетін тағы да бір құрал ретінде сақталып қалады.
“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай
Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)
Мақалада келтірілген пікірлер АҚШ үкіметінің саясатын немесе көзқарасын білдірмейді.
________
АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы «АҚШ э-журналы» белгісінің аясында төмендегідей бес журнал шығарады: «Экономикалық басымдықтар», «Ғаламдық мәселелер», «Демократия мәселелері», «Сыртқы саясат» және «Қоғам мен құндылықтар».
Жаңа журнал ай сайын ағылшын тілінде жарық көріп, бірнеше аптадан соң испан, португал, орыс және француз тілдеріндегі аудармалары жарияланады. Кейбір сандары сонымен қатар араб және қытай тілдерінде де басылып шығады. Әр журналдың шығу жөніндегі есептік мәліметтері бар. Томы, яғни баспа шыққаннан бергі реттік томы мен кезекті нөмірі және ағымдағы жылға сәйкес нөмірі.
Журналда айтылған пікірлер АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді. АҚШ мемлекеттік департаменті журналда көрсетілген сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Ол ресурстардың бар-жоқтығына оны шығарушылар жауапты. Журналдағы мақалалар, суреттер мен кесіндерді егер мақалаға қатысты авторлық құқыққа қатысты арнайы шектеу немесе нұсқау болмаса, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жариялауға және аударуға болады. Өйтпеген жағдайда журналда аты аталған автордан рұқсат алу керек.
Журналдың ағымдағы немесе өткен сандарын және алда жарық көретін сандарының электронды нұсқаларын Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының сайтынан «http://usinfo.state.gov/journals.htm» табуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді өз еліңіздегі АҚШ елшілігіне немесе төмендегі поштаға жолдаңыз:
Editor, eJournal USA
IIP/T/GIC
U.S.Department of State
301 4th Street SW
Washington, DC 20547
United States of America
Электронды адрес: ejglobal@state.gov
Парақшамызға жазылыңыз
Өте жақсы матенриал екен. Рахмет, http://www.minber.kz!!!!