Түрлі БАҚ-тарда дүйім елді дүрліктіріп, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып, адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар!» деп салды» деп айды аспанға бірақ шығарғанынан оқырман қауым құлағдар. Біз де дер кезінде БАҚ-дарда жарияланған материалдар мен сол күнгі дөңгелек үстелде Мамашев мырзаның сөйлеген сөзінен үзінді тыңдап: «Мамашев мырзаның аузынан «оралман» деген сөз шықпағанын, бірақ, оның аспай-саспай отырып әлде кімді сыбап «ұрғаны» көрініп тұр. Осы «ұрғаным бар» деген сөздің алдына «оралмандарды» дегенді автор қосып жіберген. Сонда қалай, «жаптым жала, жақтым күйе» деп «abai.kz» сенсация үшін отқа май құя салған ба? Олай болғанда бұл «атың шықпаса жер өрте» деген болмай ма?»дегеміз. Айтқанымыз айдай келді. Бүгін Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары баспасөз маслихатын өткізіп қазақ және орыс тілдерінде осы «шу» жөнінде «Менің нақты адамдарға айтқанымды журналистер бұрмалап халыққа дұрыс жеткізбегендіктен, ағат түсінік алған ағайындардан кешірім сұраймын!» деді. Шын мәнінде бұл сөз бір-екі жылдан бері қыр соңынан түсіп жүрген бір-екі азаматқа ғана айтқаны екен. Мамашевтың қара ормандай қалың оралман бауырлардан үлкен басын иіп, кешірім сұрағаны кісіліктің белгісі, басқа шенеуіктерге үлгі боларлық тағлым болды. Қазақ атам «алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деуші еді.
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
Е, бәрекелді, мұнысы жөн болған екен.
енді кешірдің не, қойдың не, іс бітті, қу кетті емес пу!
Ауыт Мұхибек пен Рахым Айыпұлы мұнымен тоқтай қоймас! Өте-мөте өлермен жігіттер көрінеді. Біраз жерге барады, көр де отыр. Мамашев та тым байқамай қалған екен.
Тайынша тулап ыңыршақ шақпайды. Көп адамдар Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығын барлық жұмысты атқаруға қауқары жететін ұйым деп түсініп жүр, шындығында ол тек рухани келісімдерге ғана мұрындық болатын ұйым емес пе.
Меніңше ол Ауытты да, Рахымда да емес Жәди Шәкенді “ұрып” отырған болар. Өйткені, құрылтай кезінде Жәди Талғатты “ұрып” еді ғой…
Дегенмен оралмандар туралы қисынсыз, әрі, абыройсыз даудың шыға бергенін мен өз басым қаламаймын. Шеттегі қазақтар ортасында да бұл пікір өте қызу талқыға түсіп жатыр.
Ол жиында Жәди болмаған. Ал Мамашевтің төрде отырып алып “ұрып” отырғаны тізгін ұстаған, ат үстіндегі шенеуікке тән мәдениет емес. Кезінде осы кісі мәдениет министрі де болған. Сонда да мәдениеттен жұрдай екен ғой. Қалай бүкіл елдің м”дениетін басқарғанына таң қалмайсың!