//

Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам

16622 рет қаралды
8

«Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын», – деп жазған екен Бауыржан Момышұлы өз естеліктерінде.

Одан бері қаншама уақыт өтті…
Алтынай Мақажанова Алматы қаласында тұрады. Апай немересіне ертегі айтқысы-ақ келеді. Алайда немересі әжесінің ертегісін тыңдамайды. Наруто, Мадагаскарды артық көреді да. Апайдың әңгімесіне қарағанда немересі қазақтың ертегісін тыңдамақ түгілі, қазақша сөйлей де аламайды екен. Алтынай апай бұл жағдайға, бірінші, өздерін, екінші, қоғамды кінәлайды.
Рас, қазір қала балабақшаларында орыс тобының жағдайы қазақ тобына қарағанда жақсырақ. Сол үшін орысшаға бердік дейтін ата-аналар да бар.

– Балабақшаның барлығы орысша. Немеремнің тілі қазақша шыққан еді. Балабақшаға барған соң орысшаға үйренді. Теледидардан көрсететін мультфильмдердің көбі орысша. Қазақшаға қызықпайды. «Балапанды» мүлдем көрмейді, – деп ақталды Алтынай апай.

Ал, қаланың «современный» әжелері немерелеріне ертегі айтпайды. Кішкентай бүлдіршіндер шет елдің кейіпкерлерінен тәлім-тәрбие алып келеді. Баукең қандай дана адам болған.
Ал, ауылдағы жағдай басқаша.

Мектеп мұғалімі Күләш Айсаева: «Менің немерем ертегі айтпасам ұйықтамайды. Балаға кішкентайынан ертегі айтып үйретсең, өзі күнде сұрайтын болады. Баланы кез-келген нәрсемен алдауға болады. Теледидар немесе компьютер алдына отырғызып қойған ата-ананың өздері кінәлі». – дейді.

Қала әжесі мен дала әжесінің пікірі әрқилы. Ал, бастауыш сынып мұғалімі Тоғжан Дүйсебаева: «Әжесінің ертегісімен өскен баланы бірден байқауға болады. Зерек, ойға жүйрік келеді». – дейді.

«Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті. Апамыздың әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда». Сол әженің тәрбиесінен Бауыржан секілді батыр ер жетті. Зере әженің ертегісімен Абай, Айғаным әженің ертегісімен Шоқан да өсті.
Қазір Алматының кез-келген бұрышынан немересімен орысша шүйіркелесіп бара жатқан әжені көруге болады. Немересіне өз тілін үйрете алмаған қаланың әжелері ертегіні қалай айтсын?

Сурет: oyu.kz сайтынан


Сәния Әбдіғапар

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Бұл қазір шынымен де адамды алаңдататын мәселеге айналып барады. “Ел болам десең бесігіңді түзе” деген емес пе…

  2. Шынымен баламыз дүбара бола ма деген қорқыныш бар. Мультфильмнің бәрі орысша. Қазақ ертегілерін мультфильмге айналдырған бірнеше туынды бар, көруге ұяласың.

    • Көруге ұялсаң қарама, балалар қызығып қарайды. “Қазақ” десе бәріміз кетеміз, БАРДЫ КӨРЕ АЛМАЙМЫЗ, ЖОҚТЫ БЕРЕ АЛМАЙМЫЗ. Отандық мультфильмдерге қолдау қажет, бала да бірден дана болмайды

  3. Cәния, мақалаң жақсы. Мына сөйлемді басқаша жазуға болар еді:”Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті”.
    Қазіргі бала бақшаларда жан тыныштығын ойлап, DVD-ді қосып тастап, қайқайып отыратын тәрбиешілер көбейді. Соның әсерінен балалардың көздері жыпық болу өріс алып барады. Бала бақшалада DVD, ТV қоюды тию керек. Осы жөнінде жазсаңыздар.

    • ”Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті”… бұл үзінді Бауыржан Момышұлының сөзі ғой. Басын және қорытындыны солай жазайын дедім. Рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар