Каддафи дәуірі аяқталды (фото баян)

1494 рет қаралды
6

Каддафи әскерлері Қазанның 20-сы күні Ливия өтпелі үкіметінің баспасөз хатшысы Abdul Hakim Belhaj Каддафидің өз туған жерінде өлтірілгендігі жайлы ақпаратты жариялады. “Мінбер – ақпарат” сіздерге әлем медиалары назарындағы осы өлім жайлы жасаған фоторепортажды ұсынып отыр.

Каддафи әскерлері
Каддафи әскерлері
Үкіметке қарсы топ әскерлері Каддафи үкіметінің туын өртеп, "Ақиқат жасасын!" деп ұрандатуда
Үкіметке қарсы топ әскерлері Каддафи үкіметінің туын өртеп, "Ақиқат жасасын!" деп ұрандатуда
Оқиға болғаннан кейінгі 90-шы минут. Естулерге қарағанда Каддафи үкіметінің осы әскерлері түгелімен өлтірілген
Оқиға болғаннан кейінгі 90-шы минут. Естулерге қарағанда Каддафи үкіметінің осы әскерлері түгелімен өлтірілген
Әбден шаршап, қалжыраған екі жақ әскерлері мен қирап түгесілген қала көрінісі
Әбден шаршап, қалжыраған екі жақ әскерлері мен қирап түгесілген қала көрінісі
Жергілікті уақыт 20-шы қазан. Либианың Мисурата қаласы. Каддафидың мүрдесі
Жергілікті уақыт 20-шы қазан. Ливияның Мисурата қаласы. Каддафидың мүрдесі
Жергілікті уақыт 20-шы қазан. Либианың Мисурата қаласы. Каддафидың мүрдесін қоршап суретке түсірушілер тобы анталайды...
Жергілікті уақыт 20-шы қазан. Ливияның Мисурата қаласы. Каддафидың мүрдесін қоршап суретке түсірушілер тобы анталайды...
Өлікті қоршаған топ оны алып кетуге мұрша берер емес
Өлікті қоршаған топ оны алып кетуге мұрша берер емес
Ливиялық жас жігіт Каддафидың тұрағынан оның алтын жанқұралын тауып алып журналистерге көрсетуде
Ливиялық жас жігіт Каддафидың тұрағынан оның алтын жанқұралын тауып алып журналистерге көрсетуде

Суреттер: people.com.cn сайтынан

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Марқұмның жаны жаннатта болсын! Либиалықтардың бағына туған жан еді, батыс сойқаншыларының құрбаны болып кетті.

  2. Арабтарыңыз да адамдықтан шыққан ба екен деп ойлап қаласыз осы суреттерге қарап отырып. Себебі, исламда өлікті қорлау, оған үймелеп қызықтау деген жоқ қой. Кәпір сияқты…

  3. Шынымен, мыналар нағыз дінсіз бәтшағарлар ғой. Патшасы өліп, батыры қорланып жатса соны суретке түсіріп, фотоаппараттары мен телефондарын төсеп жарқылдатып әлек… Тонаушы, азғын, құруға бет алған адамзаттың кейпі ғой бұл

  4. Каддафи өлді, енді Ливиялықтар Американың құлы боласыңдар. Бұл сценарий кешегі Ауған, Ирак елінің қайталануы. Батыстың алпауыт елдер өз мақсаттарына жетті. Жалпы жер бетіндегі соғыс, ғасырлар бойы жалғассада, мақсаты біреу-ақ болған ол: жерге таласу, байлық қазынаға жету. Егер Ливияда мұнай болмағанда бұндай дүмпу болмаған еді. Енді АҚШ мұнайға қол жеткізді, негізгі той мереке солардікі болмақ.

  5. дегенмен өз еліне тісі қатты батқан адамға ұқсайды,патшасына мұнша өшіккен халық болама?байқұстардың тауып алғандағы қуаныштарын айтсайшы…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар