//

Тони Блэр қазаққа тон жаба ма?

1439 рет қаралды
3

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев Ұлыбританияның экс-премьер министрі Тони Блэрд енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің кеңесшісі болатындығын жариялады. Ертісбаевтың айтуынша Қазақстан билігіне Тони Блэрдің экономикалық реформа, саяси мәселер бойынша кеңестері аса қажет екен. Блэрдің қазақ еліндегі жылдық жалақысы сегіз миллион фунт стерлинг(1 млрд. 869 млн) болатындығы да айқындалып үлгерген.  Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев :«Шет мемлекеттерден кеңесшілер тарту дамыған мемлекеттердің тәжірибесін кеңінен зерттеп, оны қажетінше пайдалануға мүмкіндік береді»,- дейді. Шетелдік кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша күні кеше ғана көз жұмған Каддафиге де кеңесші болып үлгерген Блэр мырзаның Қазақ елінен жұмыс тауып, экономикалық кеңесші болуына ел азаматтарының көзқарасы әртүрлі.

Әміржан Қосанов, саясаткер

Меніңше, биліктің Блэрге жүгінуінің басты екі себебі бар. Біріншіден, бұл, сөзсіз, шетел аудиториясына бағытталған пиар-акция. Екіншіден, Блэр Қазақстан билігінің кескін-келбетін сыртқы аренада жақсартуға өз байланыстарының бәрін салары анық. Солай келісілген де болар. Бірақ блэршілдіктің өз кемшін тұстары да жоқ емес. Ертең есі барда елін табатын Блэр, сөзсіз, Британия бизнесінің біздегі лоббисы болады. Ал оған біздің басқа стратегиялық әріптестеріміз қалай қарамақ? Шынымды айтсам, Блэр келіп, бүгінгі биліктің мінез-құлқын, саясатын өзгерте алады дегенге мен сенбеймін. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді атам қазақ. Осы мақалдың ескерусіз қалғанына ғана өкінесің әттең-ай деп…

Серік Мұратхан, инженер маман, блогшы

«Тони Блэр елбасының көмекшісі болды» дегенге келсек мен кімнің көмекші ететіне  емес, не мақсатпен көмекші ететіне мән берер едім. Оны, Блэрды қазақстанға еуропаның озық эконмикалық саясаттарыннан  үйреніп, жемқорлықты тоқтатып, ашық демократиялық ақпараттық қоғам құру үшін талпыныс ретінде көмекшілікке тартып жатса, әрине, жақсы болар еді. Онда қос қолдап қолдаймын. Ал «Еуропадан кеңесші алып, демократияға қадам жасап жатырмыз!» деген арзан атақ үшін бекерден бекер ақша шашып, еш өзгеріссіз қала берсек онда Тони Блэр тұрмақ Барак Обама келіп кеңесші болса да бәрі бір. Бұл бір PR-дің ең ұнамсыз түрі болып қала береді.

Толғанай Байысбековастудент

Меніңше Блэрдің келгенінің бізге оң ықпал ететін жақтары да бар да шығар деп ойлаймын, алайда Абылайдың кеңесшісі Бұхар жырау болғаны сияқты өз елімізден де ақыл айтар адам жоқ дегенге мен сенбеймін. Жыл сайынғы жалақысының мөлшері де біздің елдің кей адамдарының түсіне де кірмеген сан екен. Сондықтан, алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаған да жөн шығар.

Сұңқар Заманбайқызықытай қазағы

О заманда бұ заман қазақтан қазақ патшасына кеңесші болар қазақ табылмай қалды ма? Әлде экономика саласының жілігін шағып, майын ішетін қазақ жоқ па Қазақстан қоғамында? Бұл не деген сұмдық? Бәлкім, биліктің ойы Тони Блэр сынды беделді тұлғаның әлемдік аренадағы орнын пайдаланып, бір ұшпаққа шыққысы келген шығар. Алайда, өйтіп жетістік іздегеннен опа тапсақ баяғыда табар едік-ау. Онан да оған берген неше миллион ақшаны шеттен көшіп келе алмай жатқан ағайынға, тілі құрып бара жатқан біздің қытайдағы қазақ жастарын елге қарай тартуға жұмсап, әрекеттенбей ме деген сұрақ туындайды. Оның үстіне кеше ғана Ливиядағы тобырлар жағынан өлтірілген Каддафидың кеңесшісі болған деген ат кісіні селк еткізбей қоймайды.

Қазақтың соры мен бағына қатар біткен биліктің бұл көңілшектігі әлей болсын деп тілегеннен өзге қайран жоқ бізде.

Мұқаш ЖОШЫ

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Каддафидің кенесшісі болган Тони Блэрдың Елбасымызга қандай кенесші болары анык. Мұнай бар жерде бәрі “құдай” боолгысы келеді. Агылшын ешкімге еш уакытта дос та, туыс та болмаган. Империялистік Ресейден қалай алыс жүреміз десек, енді Империялистік Англия косылды…

  2. Қазақтың жағдайы тек қазаққа ғана аян! Енді жетпегені осы еді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар