Қолданушылары өшірген мәліметтерді өз алдына сақтағаны үшін Facebook компаниясының Ирландияда орналасқан халықаралық қызмет көрсету бас мекемесі тексерілу үстінде. Facebook-ке 100 мың еуро айналасында айыппұл салынуы мүмкін дейді сарапшылар. «Даудың басы Дайрабайдың сиыры» дегендей, аталған іс заң мамандығы бойынша оқып жатқан Австриялық студент Макс Шремның арызынан кейін қозғала бастаған. Ол жеке адам құқығын қорғау мақсатымен Facebook-те тұрған өзінің жеке мәліметтерін алып тастауды талап еткен. Соңында ол 1200-ден аса түрлі мазмұндағы мәліметтер жазылған бір дискіні тапсырып алған. Диск ішінде ол осыдан бұрын қабылдамаған достық шақырулар, өшірілген хабарламаларды қамтыған жекелік құпияға саятын мәліметтер бар екен.
Facebook компаниясының халықаралық қызмет өтеу бас штабы Ирландия астанасы Дублин қаласында орналасқан. Бұл штаб Еуропа, Орта Шығыс және Африка елдеріндегі қолданушылар үшін қызмет өтейді. Сондықтан Ирландия заң қызметкерлері Facebook-тың АҚШ және Канададан тысқары жерлердегі штабтарын тексеру құқығына ие. Ал АҚШ пен Канада қолданушыларының құқығы басқа заңдар арқылы қорғалады.
Тапсырып алған жеке сандық мәліметтер негізінде Макс Шрем және одан басқа 21 студент бірге Facebook-тің үстінен шағым түсіреді. Шағым мазмұнында компания қолданушылары білмеген жағдайда және олардың рұхсатын алмай тұрып сайт қолданушылар үшін жеке бет жасап және осы арқылы Facebook-те жоқ адамдардың да ықпалға ұшырау мүмкіндігі бар екендігі жайындағы сөздер бар. Бұл студенттердің арызына негізделгенде Facebook сайты тіркелген қолданушылармен бірге тіркелмеген адамдардың да телефон номері, поштасы сияқты жекелік мәліметтерді заңсыз жинаған.
Құны 80 миллиард доллар тұратын Facebook жөнінен алғанда 138 мың еуропалық айыппұл түкке тұрғысыз ақша, алайда, осы реткі тексеру Facebook-тың қолданушылары арасындағы сеніміне нұқсан келтіріп, бәсекелестері үшін таптырмас орай туындатып отыр дейді сарапшылар.
Дайындаған: Мейіржан Парақшамызға жазылыңыз
Біздің де талай мәліметтерді сақтап отыр деңізші онда 🙂 🙂 🙂