//

Жасырын камера куәлікке жүре ала ма?

13057 рет қаралды
9

Жанерке, рахмет сізге! Диктафон және жасырын камераны істету, оны сотта куәлікке тарту жайында заңда қандай шектеулер мен нормалар бар осы жайлы айтып берсеңіз. Мысалы, осындай видеолар мен аудио материалдардың барлығы сотта куәлікке жарай ма?

ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес дәлелдемелер жинау тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi және алуды қамтиды.

Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.

123-бапта көрсетілгендей Құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады.

Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетiлген мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге осы Кодекстiң 125-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген тергеуге дейiнгi тексерулердiң материалдары (түсiнiктеме және басқа да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актiлерi, анықтамалар), сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. Қайырлы күн! Меніңше, қазір журналистердің көбісі әсіресе, сот процестеріне барғанда құқықтары өрескел бұзылып жатыр. Мынадай жайт жиі кездеседі: сот отырысын судьяның өзі ашық жариялайды. Оған барсаң, арнайы қосымша рұқсат алып кел сот төрағасынан деп кіргізбейді. Бұл қаншалықты заңды? сосын соттың ғимаратының ішін түсере бастасаң болды, камераңа жабысады. Бұл қаншалықты заңға сәйкес келеді?

  2. Мақалада(не бейнематериялда, радиохабарда) байқаусызда кеткен қате үшін сол журналистік материялда айтылған кісі жеке басыма, не құқығыма және абройыма нұқсан жетті деп шағым түсірсе, оған кім жауап береді? Редакция ма, әлде мақала авторы ма?

  3. Саламатсыз ба, бізге лекция оқыған бір апай егер диктофон, видео профессиональды (кәсіби) аппаратқа түсірілмесе, куәлікке жүрмейді деп еді. Сол рас па?

  4. Егер екі адам ұрсысып қалса, ол жанжалды екіншісінің рұхсатынсыз бейнекамераға түсіруге болмайды дейді ғой.

  5. Саламатсыз ба, Жанерке, сіздің кеңесіңіз журналистерге арналса да, мен несиеге байланысты сауал қйғым келеді. Менің ірі бір банкіде депозитім бар еді. Дәл осы банкіге менің апайым қарыздар екен. Қазір оны күнде шақырып әлек етуде. Олар менің депозитімді бұғауламай ма?

  6. Саламтасыздар, құрметті мінберліктер. СИК жоғалтқан едім, қанша уақытта, қалай қалпына келтіремін.

  7. Көп мәселенің мәніне жететін меніңше бейнекамералар, әттең бізде ол онша қатты дамымаған көргенді көрмедім, істегенді істемедім деп айтататын суаттар мен жылпостарға тамаша тор болар еді…

  8. Ассаламу алейкум. Менин жер учаскемде решение бар, акимшиликтен аныктама бар енди аким кол коймай жатыр. Госакт ке жиберуге акимнин колы гана жетпей тур. Кайда шагымдансам болады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар