«Каддафи өлген жоқ!» – бүгін шетелдік ғаламтор беттерінде осындай ақпарат тарады. Қазақ оқырмандарын аталған ақпараттың мән-жайына қанықтыру үшін «Мінбер» сіздерге төмендегі сарапшылардың болжамын ұсынып отыр.
20 қазаннан бастап Каддафи жайлы тарап жатқан ақпарат әлемнің түкпір-түкпірін кезіп, естіген жанды елең еткізіп жатты. Диктатордың атып өлтірілуін, көптеген мемлекеттер жаппай айыптап, Ливия үкіметін тексеруді талап еткен болатын. Дәл осы уақытта Ресейлік сарапшы мамандар: «Каддафи әлі тірі, өлген кісі оның орынына ауыстырылған адам» деп салды.
Орыс сарапшылары аталған сөзіне дәлел де келтіре алатындығын айтып отыр. Олардың айтуынша, біріншіден, Каддафи қолды болған күнгі суретте жаңбыр жауып жатқан, бірақ, аталған оқиға жайлы хабардағы суретте құмды боран соғып жатқанын анық көре аламыз. Екіншіден, Каддафидің шашы қара түсті, ал оның өлімі жайлы ақпаратта берілген суретте Каддафи шашы қоңыр түске өзгерген, керісінше ауруханаға жеткізілгенде, Ливия экс-басшысының шашы қайта қара түске өзгерген. Үшіншіден, Каддафи ауруханаға жеткізілгенде оның денесінде екі жерден оқ ізі байқалған, бірі құлақтың үстінде болса, бір оқ кеудеден төменгі тұстан тиген. Ал, соңғы уақытта ғаламтор бетінде жарияланған суреттерде оның маңдай тұсынан тағы бір оқтың ізін көре аласыз. Төртіншіден, Каддафиге кезінде құрсақ тұсынан хирургиялық операция жасалғаны мәлім, біздің тұспалдауымызша операциядан қалайда бір із қалуы керек, ал өлімге байланысты хабардағы суреттерде ешқандай операция ізі жоқ.
Ресейлік мамандардың айтуынша: «Міне, осы себептер негізінде Каддафиді тірі деп айтуға болады. Өлгені Иһуанд есімді басқа адам». Бұл мәлімдеме Ресей үкіметінің аталған оқиғаға байланысты көзқарасын білдіріп отыр. Мейлі, қалай болған күнде де қазіргі Ливия үкіметі алдында өте қиын бір сауалдың көлденеңдеп тұрғаны анық. Каддафи әлдеқашан жасырын жерленді. Мүрдені ашып DNК-лық сарап жасай ма, жоқ па, егер медициналық тексеру болса, оның нәтижесі қалай болмақ? Тіпті мүрдені ашып тексеру жүргізілмесе, өлген адамның шын не жалған Каддафи екендігі жайлы анық фактілер қайдан табылмақ деген күмәнді сұрақтар туындайтыны даусыз. Ал, Ливиядағы ыс-түтекке толы жағдай, мейлі Каддафидың шын өлгені, не өтірік «жер жастанғанына» байланысты өзгере ме, жоқ па оған бірдеңе деу қиын.
Дайындаған: Мейіржан
Парақшамызға жазылыңыз
не дейді тағы.акам ау дүние не болып барады?бәсе сол пәленің өлгеніне басында сенген жоқ едім.бір сорлы екен,адам құсап өлмейме бір ақ рет.
Неге “пәле”? Одан не қорлық көрдіңіз?
қалай болсада, быр шикылыктын бары анық. Ол өлсін өлмесін өз ұлтына қарсыздар емес. көзі тірісінде қолынан келгенін халқына жасады. есесіне туған елінің құрбанына айналды. Анығын айтсақ шетелдік сұрқия саясатын жазықсыз құрбаны болды…
Иа,бирдене айту киын. Кезінде Гитлерде бираз жылга дейін омир сурген гой. Жаксылык дурыс айтатын сиякты – бир шикілік бар,сірә
Осы Батыс пен Американың баска елдің ішкі ісінде не шаруасы бар екен. Соны түсінбей ақ қойдым. Біреудің елінің басшысын диктатор дейді де асып не атып тастайды.