//

Даланы үрей кезіп жүр

1145 рет қаралды
7

Атыраудың орталығында үш бірдей жарылыс болғаны туралы құлағдар болған шығарсыздар. Бұндай жаманатты бүркеп қалуға біздің де дәтіміз жетпеді.Атыраудағы жарылыс қаланың “Сарыарқа” ықшамауданында болған.  Жарылысты белгісіз жанкешті жасаған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған “Тенгриньюс” “жанкештінің дене мүшелері әр жерде шашылып жатыр” деген ақпарат таратты.

Суыт хабар ел ішіне шапшаң тарап жатыр. «Қазақпарат» таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең облыстық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы бес қабатты тұрғын үйде тағы бір жойқын жарылыс болған. Пәтерлердің әйнегі ұшып, терезесі сынған.  Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары мен облыс басшылығы қандай да бір ресми ақпарат бермеген.

(Суреттер “Ақ жайық” газетінің azh.kz сайтынан алынды).

Сонымен қатар, облыстық әкімдік пен «Қазақтелеком» жанында таңғы сағат 9:30-да жарылыс болды деп хабарлайды «ҚазТАГ» ақпарат агенттігі. Жарылыстардың зардабы мен залалы туралы әлі толық мәлімет жоқ. Солай болса да дүркін-дүркін болып жатқан жарылыстар мен суыт-суық хабарлардың мақсаты мен мүддесі туралы үкімет жұмған аузын ашқан жоқ, томаға тұйықтық жағдай.  Ел алаң, жұрт үрейлі. Даланы қорқыныш кезіп жүр.

Ресми орындар ел кеудесін кеулеп алған, даланы кезіп жүрген үрейге неге мән бермейді? Неге тоқтау салмайды? Немесе халыққа пұл болмақ түгіл, күл бол дейме? Абай бол, ағайын. Өзіңе-өзің ие бол. Алланың берген аз ғұмырында байсалды, бақ-қуатты, саналы өмір сүр. Сандырақ сөзге ерме! Өз жүрегіңнің қалауын тыңда!

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Осының бәрі елде дұрыс басшының жоқтығы болып отырмай ма, біздің мәңгүрттер ненің маңызды, ненің маңызсыз екенін, кімді қалай, қайда жіберу керек екенін білмейді, кілең табанжалағыш, көтенсүйгіштердің қасында жүргеніне мәз. Елдегі мынадай былықпалықтан кейін әлгі көтенсүйгіштердің басы к..тен кіріп бастан бірақ шыққанын білмей қалған ғой…

  2. Иә, биліктегілердің білімсіздігінен осының бәрі болып отыр. Ақшаға қызығып не болса соны кіргізіп алып, енді соның “жемісін” халыққа жегізіп, қан асатып жатыр.

  3. ҚР үкіметі елге көк қағаздың арасынан қарамай, шын көзін салар кез келе ме? Мына түрі адамды түңілдіреді.

  4. Ей, жазғыштар, мұның бәрі қоғамның қожырағанынан болып отыр. Асты шіріп кеткендер кету керек те, жаңа адамдар келу керек.

  5. Жалпы адамзат түбіне ақша жетеді. Біздің адамдарды ақша жеп жатыр. Оны өздері білсе де құтылмастай құрыққа түскен.

  6. Жалпы бір ұлы дүбір керек сияқты, бірақ, мыналардың кейпі жан шошырлық қой… тырп еткізбей отыр ғой…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар