//

Оралман қалай азаматтық алады?

30815 рет қаралды
15

Қазір оралмандардың азаматтық алу мәселесі қалай болып жатыр, көші-қон туралы жаңа заң қабылданғаны белгілі, осы заңда қандастарымыздың құжаттарына жеңілдіктер бар ма, бар болса қандай, олар квотаны қалай ала алады(делдалсыз) деген сұрақтарға да жауап бере кетсеңіздер мүмкіндік болса. Рахмет!

Көші-қон туралы заңының 1 бабының 11 тармағына сәйкес, оралмандар: шетелдіктер немесе ұлты қазақ, азаматтығы жоқ тұлғалар,  Қазақстан Республикасының егемендігін алған уақытта шетелде тұрақты және Қазақстанға тұрақты тіркелу мақсатымен көшіп келген тұлғалар. Бұл ретте 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін алған күні деп анықталынады.

Осы заңның 9-бабына сәйкес оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу көрсетілген

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша оралмандардың алдағы жылға және (немесе) перспективаға арналған көшіп келу квотасын белгілейді.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандардың көшіп келу квотасын уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөледі»;

Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралманның отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарауды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешім қабылдауды уәкілетті органның аумақтық органы уәкілетті органның аумақтық органында тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген критерийлерді ескере отырып және тәртіппен жүзеге асырылады. Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелері енгізілмейді. Оралманға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіздеме болады. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.

27-бап бойынша оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының мынадай бірге тұратын мүшелері енгізіледі:

1) жұбайы (зайыбы);

2) ата-анасы;

3) балалары (оның ішінде асырап алынған) және олардың отбасыларының мүшелері;

4) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, отбасылары жоқ аға-інілері мен әпке-қарындастары (сіңлілері).

Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақылар да заңда көзделген. Олар:

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган: мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуді;

2) уәкілетті орган: тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді; тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді; біржолғы жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз етеді.

3) зейнетақы төлеудi қамтамасыз етеді;

4) “Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төленеді;

5) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде квoтa бөледі;

6) Сыртқы iстер министрлiгi ҚР-на келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатады;

7) Қорғаныс министрлiгi ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн береді;

2) “Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетедi: жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетедi; мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын бередi; мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға  және олардың отбасыларының мүшелеріне  жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.

Оралмандарға  және олардың отбасыларының мүшелеріне  жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңының 15-бабына сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

15 Comments

  1. Рахмет, осындай өтімді, елге қажет кеңестерді шығарып тұрыңыздар.

  2. Саламатсыздар ма, жала жабу мен қорлауды қалай айыруға болады? Жала жапқанда қылмыстық жауапқа тарыталды деген рас па? Мен білім саласындағы пара мәселесі жайында мақала жазған едім. Енді құзырлы шенеуніктер сені сотқа берсем, үш жыл бас бостандығынан айырыласың деді.

  3. 🙂 🙂 🙂 оралман жайлы сөз айтудан неге қашқақтап отырсыз dosan мырза(не ханым)?

  4. Меніңше осындай жүйелі заңдық кеңестің болғаны өте жақсы болған.

  5. Саламатсыздар ма, жаңа журнал ашайын деп едім. Не істеуім керек?

  6. Мен – Әметов Әли, 2011 жылы қараша айында Қарақалпақстаннан отбасыммен көшіп келдім. Менің 2 ұлым және 1 қызым жанұялаларымен Қазақстан азаматтары. Ал мен жұбайыммен және 1 қызым Өзбекстан азаматымыз. Осы үшеуімізге Қазақстан азаматтығына құжаттарымызды қабылдамай жатыр.Себебі белгісіз.Бізге Өзбекстан елшілігінен Өзбекстан азаматтығын тоқтату туралы анықтамасын алыңдар деген қосымша талап қойды, осы талап орынды ма? Ұлтымыз қазақ. Осы мәселені қалай шешемін? Кімге хабарласуым қажет?
    Уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіремін!
    Рақмет.

  7. men 2006 zhyly harasha ainda kitaidan keldim,uim kelmgen,ozim osi zhaktan okumdi bitrdim,okip zhurgen kezimde sebeptermen azamattq tapsira almai otken zhyli 11 aida tapsirp edim,ali shikpadi ,kelsim zhok nemese otvet jok dep tur,tapsirhali 5 ai bop kladi,endi kansha kutemin? bolmasa kimge habarlasum kerek? rahmet!!!!

  8. Менің ойымша, біздің ата заңымызға бір толықтыруды еңгізуіміз керек, ол мынандай шетелдегі қазақ қандастарымыз Қазақстан республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртібімен алады деп жазу керек. Мысалы Арменияның ата заңында осылай жазылған. Егер де менде билік болса мен міндетті түрде осы толықтыруды ата заңымызға еңгізетін едім. Тіпті шетелдегі қазақ қандастарымен байланысты нығайту үшін Диаспора министрлігі керек деп есептеймін.
    Қадірілі отандастар!
    Бүгінгі таңда қазақ қандастарымыз біраз шет мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Бірақ қазақ баласы қай жерде болмасын әрқашанда Отанның жағдайын ойлап, оның әрбір жетістігіне қуанып жүреді. Отаншылдық бұл тек қана жүректен шығатын сезім емес, сонымен қатар бұл Отан үшін жасалған саналы әрекет, бұны әрбір қазақ есіне сақтап жүру керек. Дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақ халқының әрбір өкілі біздің ұлтымыздың бірлігінің кепілі, ал бұның негізі Отанға шексіз сүйіспеншілік. Отаншылдықсыз біздің халқымыз жаны жоқ дене сияқты болып қалады. Сондықтан біз бірлік, тұтастық және жалпыұлттық мәселелерді шешуге батылдық арқылы күшейе береміз.
    Әрбір жас қазақ, менің ойымша, ана тілімізді білу керек, себебі егерде адам өз ана тілін білмесе ол біріншіден өзінің ұлттық болмысын жоғалтып алады, екіншіден тұлға ретінде әлсіздеу болады. Мен әрбір қазақ сауатты, жігерлі және бәсекеге қабілетті болғанын қалаймын, сонымен ол еліміздің дамуына өз септігін тигізеді, ұлтымызды дамытаты, Отанның өркендеуіне көмектеседі.
    Қазақ Республикасы өз тарапынан шетелде тұратын әрбір қандасымызға көмек көрсету керек деп есептеймін, мысалы шетелде тұратын қазақ жастарды елімізде оқытып. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе қазақ ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, қазақ ұлттық құндылықтарды насихаттау керек деп есептеймін. Өзімнің атынан балаларын нағыз қазақ болып тәрбиелеген отбасыларға алғыс айтқым келеді. Ұлтты сақтау үшін әуелі тіл керек. Біз ана тілімізді, дәстүрімізді, ұлттық мәдениетімізді сақтап қалсақ қана біз ұлтымызды сақтап қаламыз, бұны есімізден шығармау қажет. Сондықтан бізге мемлекеттік тіл жылы керек.
    Қазақ Елі мен шетелдегі қазақтар береке бірлікте болғанда ғана қазағымыз күшті болады. Біз Қазақстанда күшейеміз егерде бізді шетелдегі қандастарымыз әрқашанда қолдайтын болса және шетелдегі қазақ қандастарымыз күшейтін болады егерде оларды егемен, мықты, дамыған Атамекені Қазақ Елі әрқашанда қолдайтын болса. Сондықтан мен шетелдегі қазақ бауырларымызды жалпыұлттық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға шақырамын. Қазақстанды қазақ диаспорасыз және қазақ диаспораны Қазақстансыз елестету мүмкін емес. Сондақтан еліміздің шетелдегі қазақ диаспораларымен қарым қатынастарын күшейте беру керек, ол үшін арнайы мәдени және білім беру бағдарламаларды жүзеге асыру керек, елімізге келем деген қандастарға көшуге көмектесу керек, осы жұмысты Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және Үкімет сапалы атқару керек деп есептеймін.
    Құрметті шетелдегі қазақ бауырлар!
    Сіздерді Отанымызға жиі келіп тұруға шақырамын, Отанымыздың жетістіктерне куәгер болыңыздар, еліміздің алдында турған мәселелерді шешуге әкелетін өзіңіздің ұтымды ұсыныстарыңызды, салиқалы пікіріңізді айтыңыздар, бұл бізге керек. Отанның игілігі үшін аянбай еңбек етіп жатқан әрбір шетелдегі қандасымыздың айтқанына біз зер салуымыз қажет.
    Ардақты ағайын!
    Біздің қасиетті Отанымыз біздің алтын қазығымыз, қуанышта да, қайғы да да, жеңіс күндерде де біз қазақтар әрқашанда Отан аясында бірігеміз. Сондықтан жер бетіндегі бүкіл қазақтар бәріміз бірігіп Отанымыздың гүлденуі үшін жұмыс істейік!.
    Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз нұрлы болсын бауырлар!

  9. шетелден келген қазақ өкілдерінің оқыуына қатысты қандай заң ережелер бар

  10. 2014_акпанда тиркелгем кашан Каз азаматтык аламыз?каган арыз тапсырам азиррде ыхтиярхатпен журмиз

  11. Men Karakalpakstan respublikasinnan koship keldim ozimiz 5 adam bop keldik ot basimiz ben.Biz ixtyar xat aldik endi azamatik alu uwin kandai dakumenter kerek biz Imagrantarmiz ULLTIMIZ kARAKALPAK…Bizge kandai jenildik bar NAZARLARINIZGA RAHMET))))))

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар