/

Америкадағы Ислам

1721 рет қаралды

Исламның Америка Құрама Штаттарындағы тарихы арыда жатыр. Арыда ғана емес, дамып, жылдан жылға өсіп келеді. Қазіргі саясат пен қоғамдық өмірге, сайлау нәтижелеріне өз ықпалын тигізіп те жатыр. Америкада Ислам қауымдастықтары, көмек фондтары, ислам дінің уағыздайтын телеарналар  және жылда өткізілетін халықаралық мұсылман конференциялары да бар. Аталған ұйымдар мен шаралардың барлығы бір күнде қалыптасқан жоқ, уақыт сыны оларды өз тезінен өткізген.

Алғашқы АҚШ Мұсылман Студенттер Қауымдастыға 1963 жылы 1-қаңтарда құрылды. Осы ұйым арқасында Солтүстік Америкаға ислам ене бастаған. Ақ нәсілділер мен қара нәсілділер арасындағы қақтығыстар нәтижесінде, сабырлықты қажетсінген афро-американдықтар мұсылмандықты бірінші болып қабылдаған. Себебі, Америкада афро-американдықтардың жағдайы қиын еді. Малколм Икс Миссисипи қозғалыстардың жетекшісі «Менің бар білгенім, Ислам тәрбиесінің нәтижесі. Мені бұзақы десеңіздер де болады. Мен одан ұялмаймын. Бар қателіктерімді мен христиан болып жүріп жасаған болатынмын. Қазір мен ислам дінің қабылдай тұрып, менің бір ді бір әрекетім үшін түрмеге қамай алмайсыздар»,- деген екен. Ислам америкаға келгеннен бастап «Біз баршамыз теңбіз, ақ та қара да» деген ұрандар шыға бастады.

XX ғасырдың басында АҚШ-та «қара мұсылмандар» термині қолданысқа еніп, ол жаңа өмірдің америкалық феноменіне айналған болатын. Көптеген афро-америкалықтардың әлеуметтік, мәдени және нәсілдік теңдікке ұмтылуы олардың Исламға келуіне себеп болды. Бұл ақ нәсілділердің «христиан» мәдениеті аясында шоғырлануының баламасы ретінде орын алды. Әйтсе де, көптеген афро-америкалықтардың Исламға келуі нәсілдік теңдікке байланысты өз талаптарын қанағаттандыру үшін жасалған қадамның символикалық бастамасы ғана еді. 1970 жылдары құрылып, бүгінге дейін қарқынды жұмыс істеп келе жатқан афроамерикалық «Ислам Ұлттары» ұйымы да жеке топтардың мақсаты үшін дүниеге келді. Өйткені, олардың әлеуметтік теңдік және қара нәсілділердің құқын қорғау үшін жасаған әділеттілік ұрандары ислами көзқарастан гөрі күпірлікке жақын болды.

Бүгінде Ислам әлемі мен АҚШ бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, ешқашан жолдары бір арнаға тоғыспайтын қос өркениет болып көрінетіні жасырын емес. Америкадағы мұсылмандардың жағдайы  11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін өзгерген, мұсылман болып жүру едәуір қиындап кеткен. Соның нәтижесінде мұсылман қауым саяси толқуларға байсалды көзқарастарын білдіре алмай, жұрттың барлық мұсылмандарға шетінен дайын тұрған лаңкестер сияқты қарауына алып келген. Бұл террорлық әрекеттен кейін зардабын имигрант-мұсылмандар көп шеккен болатын. Карана Джохара фильміндегідей Үнді елінен Сан-Францискоға көшіп барған Кхан мұсылманның қиын тағдырлы өмірн кешкен. Олардың бақыты сол күні қашқан болатын. Өзінің мұсылман екенінді білдіртпеу, намазды жасырын оқу, хиджабты шешіп тастау деген секілді қиын жағдайларға тап болған. Ұлының өліміне мұсылман дінің қабылдаған Кхан өзін кінәлайды. «Менің атым Кхан және мен террорист емеспін» деген сөзін президентке дейін жеткізгендігі жайлы айтылады. Бұл исламды қабылдағанның барлығы бірдей террорист емес екендігінің дәлелі.

Қазіргі кезде «Ислам мәдениеті» деген тақырыпта көрмелер  ұйымдастырылып, сол арқылы қоғамда ислам діні жайында қалыптасқан теріс пікірді жоққа шығарып, әр түрлі мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайту болмақ. Ұйымдастырылып отырған көрмеге барлық ислам мемлекеттері қатысып, олар қазіргі ислам жайында жазылған кітаптар мен өнер туындыларын көрмеге қоймайып, таныстырады.

Деректер бойынша әлемдегі 1,5 мил­лиардқа жуық мұсылман қауымының 1 мил­лиарды – Азияда, 400 миллионы – Аф­рикада, 44 миллионы – Еуропада және 6 миллионы Солтүстік және Оңтүстік Аме­рикада тұрады екен. Мұсылмандардың 18 пайызы ғана араб елдерінде тұратын болса, Пәкістан мен Бангладеште 20 пайызы тұрады. Қазіргі кезде АҚШ-та 1209 мешіт жұмыс істеуде. Олардың ішіндегі ең үлкені Мичиган штатындағы Дирборн қаласында орналасқан. Америкалық үмметтің ішінде Исламдағы барлық ағымдардың өкілдері кездеседі. Жалпыұлттық ұйымдардың арасында мұсылман-сүнниттер құрған «Американ-исламдық қатынастар жөніндегі Кеңестің» (CAIR) беделі жоғары. (Осы жерде айта кетер жайт, бұл ұйым тек сүнниттік бағытты ұстанған мұсылмандар үшін ғана. Ал, шииттердің өз орталықтары мен мешіттері бар). Қазіргі кезде мұсылманды АҚШ-тың кез келген нүктесінен кездестіруге болады. Олардың білімі мен табыстары, жалпы әлеуметтік жағдайы, елдегі өзге топ өкілдерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Тіпті мемлекеттік қызметте де мұсылмандарға үлкен сенім білдіріледі. Мәселен, Кейта Эллисон АҚШ конгресіндегі жалғыз мұсылман әйел. Ал тегі ауғанстандық Залмай Халидад болса, бүгінгі таңда АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі болып табылады. Сондай-ақ, елдің қазіргі президенті Барак Хусейн Обаманың да сеніміне қатысты көптеген алыпқашпа әңгімелер айтылуда. Өйткені оның әкесі кениялық мұсылман екені белгілі.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменттінің мәліметтері бойынша, соңғы 10 жылда американ мешіттерінің санының артқанын айтады. Исламды жыл сайын 135 мыңдай американдықтарды қабылдайды.  Елдегі және әлемдегі діни ахуалға байланысты АҚШ-тағы мұсылман үмметінің ертеңгі күні қандай болары белгісіз. Олардың болашағы әлемнің Ислам өркениетімен қарым-қатынасына тікелей байланысты болмақ. Бұл бүгінгі таңда барша мұсылман үмметі үшін басты мәселе екені сөзсіз.

Айгерім Әзілханқызы

«Мінбер – ақпарат»

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар