Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірден озды. Қазыналы қартымыздың арты қайырлы болсын! С.Зиманов 1921 жылы ақпанның 19-ында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып еңбек етті. 1940 жылы Салық Зиманұлы әскер қатарына шақырылады. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Бас Кавказ жотасында жаудың жолын бөгейді. Бұдан кейін Кеңес Одағы әскерінің құрамында Кубань, Воронеж, Харьков, Кировоград, Кременчук қалаларын азат етуге, Данциг, Кенисберг қалаларын алуға қатысқан. Осылайша Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға үлес қосты. Полк штабының бастығы болған гвардия майоры Салық Зимановтың майдандағы ерлік жолы І-інші және ІІ-інші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен, соның ішінде «Кавказ қорғанысы үшін» медальмен бағаланған. Соғыстан кейін Бүкілодақтық заң институтының Қазан филиалын және КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын ойдағыдай тәмамдады. С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Ол – көрнекті юрист-теоритиктердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісі, қазақтың әдет-ғұрып құқығының білгірі, әрі республикадағы философия мен құқық ғылымын, сондай-ақ оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы.
Академик Салық Зиманов өмірден озды

Соңғы жазбалар
14 сәуірде Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари (шын есімі — Динара
Қарасай аудандық соты залынан қашқан күдікті ұсталды. Оған бала зорлады деген айып тағылған еді. Бұл туралы Алматы
Соңғы жылдары Қазақстанда декреттік төлемдермен байланысты алаяқтық әрекеттер көбейіп, бұл мемлекет бюджетінен миллиардтаған теңгенің заңсыз алынуына
Экология министрлігінің дерегінше, елде жыл сайын 4,5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады, оның 16%-ы –
11 сәуірде Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты сатиралық контент авторы, журналист Темірлан Енсебекті Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Фото: ҚР спорт және туризм министрлігінің телеграм каналынан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем
Фото: pin.it Қазір Қазақстаннан барлығы 121 бағыт бойынша аптасына 660 рейс ұшады. Бұл туралы көлік министрлігі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қамқалы ауылындағы Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектепте оқушы саны жыл сайын азайып
2022 жылдан бері еліміздің үздік спортшы оқушылары ISF U-15 жазғы мектеп гимназиадасына қатысып келеді. Талабы таудай
Фото: facebook.com Кешеден бері бір оқиға ақпарат кеңістігінде халықтың басым көпшілігін, әсіресе, журналистер мен азаматтық белсенділерді
Беу, ЖАЛҒАН дүние-ай! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын!
Ия, Алланың нұры жаусын, топырағы торқа болсын…