//

Жүректен шыққан ән – жүрекке жетеді…

4833 рет қаралды
2

«Өмір мен өлім, махаббат  пен қасірет, шабыт, бәрі-бәрі музыкада. Адам адам болып көзін ашқалы азаттық үшін күресіп келе жатса, сол азаттық асқақ аңсарын адам тек музыка тілімен айта алады. Өйткені барлық дәуірлерде тек музыка ғана адамдар арасындағы кертартпа кесапаттың бәрін аттап өтіп, әр заман тек болашаққа жол тартты. Сондықтан басқа тілде айта алмаған арман-тілекті, қайғы- мұң, бәрі – бәрі тек музыка тілі айтылмақ болмақ жеткізуге. »

Шыңғыс Айтматов «Жанпида»

Әннің құдіреттілігі соншама, жабырқаулы жүрген жанға тірек бола алады, адамдардың үмітін жалғайды, қуанышты күндері сөзбен жеткізе алмаған сезімінді әнмен жеткізуге болады. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй», – деп Абай айтқандай,  жүректен шыққан әсем –  ән жүрекке жетеді. Алайда, қазіргі таңда теледидарды қосып қалсаңыз, даусы болсын-болмасын ән айтып тұрған әншілерді жиі байқаймыз. Тіпті, қай тілде орындап жатқандарын да ажырата алмай қалған кездерде болады. Әйтеуір орындап жатыр. Кей кездері оларға қарап отырып, «осы өздері не жайында ән орындап  тұрғандарын түсіне ме екен» деген ой туындайды. Бәз бір әншілер қалталарының қалындығына сенсе, ал бәз біреулері өз талантына сене біледі. Не керек, даусы болсын болмасын топтар, әншілер көбеюде. Осы тұрғыда  “Жебе” тобының  әншісі Аян Ташмаханбетовпен әңгіме өрбіткен едік:

Қазіргі кезде сахнаға шығып ән айтатын топтар көбейіп кетті, осыған қалай қарайсыз?

Топтың көбейгені жақсы, өзіміздің шоу бизнестің ілгері дамып келе жатқандықтың бір белгісі. Топ көбейсе, бәсекелес адамдар да көбейеді. Әрине, соның ішінде таланты бар адамдар ғана іріктеліп қалады.

Әнді орындағанда мағынасына әлде әуеніне қарайсыздар ма?

Ең бірінші сөзіне аса мән береміз, екінші кезекте әуені.

Көп әншілер жанды дауыспен емес (плюспен) фонограммамен  ән айтады. Осы туралы не ойлайсыз?

Негізінде плюстің де пайдасы бар. Мысалға, стадионға шығып ән айтқанда акустика болмайды. Негізінде сол уақытта керек. Ал, жанды дауыспен айту үшін, өзінің арнайы микрофондары, мониторлары болуы керек.

Қай топтарға көңіліңіз толады?

Меломан, Арнау, Арай, Қайрат  Түнтеков.

«Әр нәрсенің нағыз төрешісі – уақыт» демекші, уақыт өте келе нағыз талантты әншілерді де киелі сахнадан көре аламыз. Уақыт – сыншы. Бастапқыда көбейіп кетсе де, уақыт өте келе сүзбеде тек ірілері ғана іріктеліп қалады. Ал қалғандары қалай тез сахна төріне шықса, солай тез сөніп жатады.  Осыған орай Тансихов Алиасқар атты Алматы қаласының тұрғынына 2-3 сауал қойған едік. Қай әншіге көңіліңіз толмайды  деген сауалға, былайша жауап қайтарды:

– Біріншіден, Бейбіт Қорған, Ғаділбек. Өйткені, олардың дауыстары жоқ. Әсіресе, Бейбіт Қорғанның. Кеше сазды әлемге шыққан кезде де, айтқан өлеңіне даусы жеткен жоқ. Бір деммен айтатын өлеңді, демі жетпей ек-үш рет бөліп-бөліп орындады.

Қай топтарға көңіліңіз толады? Деген сауалға:

Музарт, Меломан , Жебе, Қайрат Түнтеков  ұнайды. Меломан тобының жігіттерінің даусы ашық. Даусы керемет  болмаса да Қайрат Нұртастың орындау шебері ұнайды. Өлеңдерінің бәрі де халыққа танымал. Өлеңінің сөзі де мағыналы, әні де тамаша. Оның тағы бір ерекшелігі әнді жүрегімен айтады. 

Барлығымыз  жексенбі күні тағатсыздана күтетін, «Еларна» арнасында  кешкі сағат 21:00-де басталатын «Саз әлемі» бағдарламасы. Сол туралы да қала тұрғынымызға бірер сауал тастаған едік. Аталған сұраққа былай жауап қайтарды:

  Бұл бағдарлама халыққа нағыз әнші кім екенін білуге мүмкіндік береді. Бірақ кейбір кезде қазылар алқасы дұрыс дауыс беріп жатпайды. Әншінің даусына қарап емес, кейбіреулері таныс-тамырына қарай дауыс беріп жататын да кездері болады. Айта кеттетін тағы бір жәйт, дауыс берген адамдардың саны халыққа жария етілмейді. Осының өзі күдік туғызады. Дауыс берген адамдардың саны, жасырын түрде қалады. Сондықтан да, бұл жерде шындық болмауы мүмкін. Мысалға, бір жексенбіде айтып шыққан топты, келесі жексенбіде қанша пайыз дауыс жинағанын айтуы керек.   Сонда бұл тартыс шындыққа ұласады,  халықтың да сенімі күшейе түседі.

Дегенмен, бұл екі-ақ адамның пікірі. Жалпы қоғам, қазақ көрермендерінің пікірі қазірше жұмбақ күйінде. Қазақта «әу демейтін қазақ жоқ». Қазақ әншілері осы ұстанымды ұстанып, өздерін керемет сезініп жүрген жоқ па деп қаламыз. Алайда,  оларды көкке көтеріп, жұлдыз қылатын да, жерге түсіретін де  –  халық. Біздікі айту ғана.

Гаухар Тойғұлова

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Кімнің ақшасы бар, соның “жұлдыз” болатын заманында “ЖЕБЕ” сияқты талантты жастардың сахнаға шығуы қуантады. Өзіндік дауыс мәнері мен киіну стилі бар. Болашақта үлкен жетістікке жете берулеріне тілектеспін. Мұны тек жерлестерім деп айтып отырғаным жоқ…. Талантты, талапты өнер иелерін халыққа жариялағанымыз, әлгі, атын шықпаса жер өрте деп “өте әде-м-і-і” түрін көрсетіп шығатын жұлдыздарымыздан он есе пайдалы деп ойлаймын. Сұхбат қысқа болса да жақсы шыққан…..

  2. Баяғыда бір айтқыш бұрын дауысы барлар әнші еді, қазір ауызы барлардың бәрі әнші деп!!! Сондықтан бұл бір таңғаларлық сұхбат болыпты деп айта алмаймын, сұрақтарынан да ешқандай өзгешелік байқамадым!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар