/

Кедендік одақ не берді?

2226 рет қаралды
8

Елімізді елеңдеткен Кедендік одақ не берді? Ресей, Беларусиямен бірігіп  тауар айналымын кеңейтеміз деп жүріп, халықтың қалтасын қағып жатқан жоқ па? Қазіргі таңда ірі кәсіпкерлердің  хал-күйі қалай? Бұған  биліктегілер не демек?

1-шілдеден бастап кеденде жаңа ережелер күшіне енді. Қазақстан, Ресей, Беларусь – шекараларында кедендік бақылау жойылды. Есесіне Қазақстан-Ресей шекара қызыметіндегі 42 пунк кедендік кодекс бойынша жұмысын бастады. Қазақстан кедендік бекеттеріндегі айналымды бақылап отыру үшін Ресей тарапынан бізге мамандарын жіберді. Бұл тәуелсіз елдің саясатына қалай сиғаны әзірше түсініксіз. Десек те, бұл ретте ресейлік кәсіпкерлердің тасы өрге домалары анық. “Қазақстандық бизнес Ресеймен салыстырғанда дамымаған. Орта және шағын кәсіп бәсекеге қабілетсіз”. Алайда, кедендік одақ арқасында, Ресей мен Беларусияның тауарларының қызығын тек сыртқы шикізат тасымалдайтын компаниялар көріп жатыр. Шет елдерден тауар таситындарға біршама жеңілдік берілді. Алайда, бұл жеңілдіктің де шегі бар. Тауардың салмағы 50 келіден, бағасы 1 500 еуродан аспауы тиіс. Бұрын шеттен, құны 10 мың доллардан аспайтын салмағы 2 тоннаға  дейін тауарды әкелуге болатын. Баж салығы келісіне небәрі 0,6 еуро болғандықтан саудагерлерге қолайлы еді. Сондай-ақ, көлік тасуда оңай болатын. Мәселен, 12 мың еуролық жеңіл машинаның баж салығы небәрі 1,5 еуро болды. Еліміз биыл Кедендік Одаққа кіргелі бұларға бірқатар шектеулер қойылды. Автожүргізушілердің тәуелсіз одағы қоғамдық бірлестігі төрағаның орынбасары Григорий Кременецкийдің айтуынша: “Шеттен келетін көліктердің баж салығы 100 есеге дейін көтерілді. Мысалға, 30 мың еуро тұратын көлікке тура сондай сома салық төленетін болады”-деді. Ал біздің шетелден автокөлік алып-сатарларға үлкен қиындық туғаны белгілі. “Қазірдің өзінде базардағы көліктердің бағасы 10 пайызға өсті. Бүйте берсе қара қазақтың “Жигулиден” басқаға қаражаты жетпейді. Алып көршіміздің діттегені де осы. Ет, сүт көкеністен жақсы дамыған Беларусь елі жақында күтпеген жерден дағдарысқа ұрынды. Соның кейіпін кюге аз-ақ қалдық.-дейді саудагер Марат Бауланыв. Қазіргі таңда Алматының өзінде 8 жекеменшік қойма жұмыс істейді. Апта сайын, әр ауданда жәрменке өтеді.  Дегенмен базардағы азық-түлік пен киім-кешек бағасы 10-15 пайызға артты. Халықтың қалтасы қағыла бастады. Қиындықтан шығатын жол іздеген үкіметтегілер, азық-түлік сатып алу үшін 1миллиард 550 миллион қаражат жұмсады. Алайда, қымбатшылықтан құтылар түріміз жоқ. “Еліміздегі бағалар 20 пайыздан 100 пайызға дейін қымбаттайды” дейді тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының  президенті Талғат Акулов.

  Кеден Одағының пайдасы мен зияны анық біліне бастады.  Көршілерімізбен арадағы 39 кедендік бекет жабылды. Ортадағы түсімдердің 90 пайыздайы ресей еліне бұйырып қалаған 10 пайызын қазақ пен Беларус қылдай бөлмек. Бейне кеңес өкіметі кезіндегі 94 пайызды Мәскеуге беріп отырған кейіпіміз қайта келгендей. Кәсібінен айырылып, жұмыссыз қалғандардың қатары артты. Экономистер шағын және орта бизнестің пайдасы ішкі жалпы өнімнің 4-ақ пайызын құрап отыр. Елбасы тапсырмасы бойынша 2015 жылға шейін 40 пайызға жеткізу керек. Біздің экономистер жеткізе аламай қалармыз ба деп алаңдайды. Келер жылы біртұтас экономикалық кеңестік күшіне енеді.  Көрші елдің кәсіпкерлерімен жұмысшылары қаптайды. Сонда тіл, діл деген мүгедек дүниелеріміз мүлдем марқұм етіп алмасақ жарар еді. Өкініштісі бұл одақтың қандай пайдасы мен кесепаты барын халық әлі саралап үлгермеді.

Назым Қыдырбайқызы

“Мінбер – ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Кедендік одақ – отанды отаршылдыққа апаратын жол. Қазақтар естеріңді жиыңдар!

  2. Кедендік одақ тілдің, діннің, ұлттың құлдырауы. Жұмыссыз халық басым болмақ.

  3. нән қазақстаннң бірінші және соңғы президенті болғсы келіп жүрғои құдаи қазаққа бірірет тәуелсіздік силап еді нән оныда көпкөрді бірірет сол одақта қазекең болып халқнң жартыснан аирылып тілінен дінінен аирылып мәнгүртболып еді залым орыстан құтлғанмызға қуанып жүредк оныда көпкөрді шіркін нән құдаи жарбоп бір иманды патшажібергеи деп тілеиік енді

  4. Сендер зарлай бермей тусиндириндерши неси зиян екенин?

  5. Алтайшы, сен ергеншексіз есік деген сөзді білесің бе? Есік жоқ жерден ит те, кіріеді бит те кіреді емес пе? саған сол да түсініксіз бе? Сен зарламасаң, мен зарламасам, сонда кім зарлайды. Қой екеш, қой да жан тапсырарда бір рет тыпырлайды ғой. Қой ғұрлы болмағанымыз ба?

  6. достар маған көмектесіңізші! мен осы тақырып бойынша ғылыми жоба қорғайын деп жатыр едім! тағы да материалдар керек! 2012 жылдың 10 желтоқсанына дейін. aigerim_97.96@mail.ru осы логинде болам. Кедендік одақтың аты ғана болмаса оның бізге беріп жатқан еш пайдасы жоқ. оның пайдасын керісінше Белоруссия мен Ресей көріп отыр

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар