//

Пікірге кім жауап береді?

1444 рет қаралды
4

Веб–сайттардың форумдарына келіп кетушілердің қалдырған ақпараттары мен пікірлерінің мазмұны үшін олардың иеленушілерін жауапқа тартуға бола ма?

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 1-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;

Осы баппен бұқаралық ақпарат құралының өніміне, жалпы қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі WЕВ-сайтта орналастырылған ақпарат  жатады деп  белгіленген.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 13-бабына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралын шығару (эфирге шығару) меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін. Әрі қарай дәйектеймін:
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 3-2-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15  және  16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негіз болып табылады.

Қорытындылай келе, WEB-сайттар бұқаралық ақпарат құралы  болып табылатындықтан онда орналастырылған ақпараттың мазмұны үшін жауапты болуы тиіс.

WEB-сайт редакторы ондағы ақпараттың шындығын, дұрыстығын, қадағалауға міндетті.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Кезинде тек монологты пикирге уйренген кулак, бугинги диалогты, полилогты карым-катынасты заманнын агымы деп жан-танимен укты ма,ким билсин жазар пикирлер мен айыптаулар, жеке баска кол сугу мен ар-намысына кир келтиру катты белен алып бара жатыр,ар пикир – ол ен алдымен озине деген “курмет” деп угынганын калар едим, жамагат.

  2. к…т бірдеңеде керек деген… Сайттар осындай дүниені ел аман, жұрт тынышта емес, аттандап сотқа сүйрелгенде іздейді ғой. Рахмет сендерге.

  3. осы ақпаратты қазақшалап берсе қайтеді. түсініксіз терминдермен миды ашытып жіберді.

  4. Ниеті бузык хакерлердін, озгенін интернет-паракшасын бузып,занга кайшы пікір калдыруы мумкін екендігі ескерілмеген!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар