///

“Көліктер 2”(қазақша толық нұсқасы)

9690 рет қаралды
10

Өз жобаларында жанұялық құндылықтарды, қайырымдылықты, өзара қолдауды насихаттайтын «Уолт Дисней» ірі әлемдік киностудиясы үшін қазақ тілі әлемде бар 7 мың тіл арасында ресми дубляждың 39-шы тілі болды. Түркі тілдерінің арасында дисней фильм-дері бұған дейін түрік тіліне ғана дубляжданған. Аталған мультфильмнің негізгі мән-мағынасын ана тілімізде дәлірек беру үшін фильм ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылды. Дубляж халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Дубляждау жұмысы үш аптадан астам уақыт жүргізілді. Дубляждау кезінде 30-дан астам жеке дауыс қолданылған екен. Жазу процесі Алматы қаласындағы «Синема Тон Продакшн» студиясында жүзеге асырылса, ақырғы монтаж Лондондағы «Shepperton» студиясында жасалыпты. «Біз дубляждың сапасына ерекше көңіл аударамыз. Сондықтан да біз басқа мемлекеттерге белгілі бір талап қоя отырып, қазақ тіліне де сондай талап енгіздік. Лос-Анджелес, Лондон, Москва және Астана қалаларының мамандарынан құрылған топ үлкен жетістіктерге жетті. Сіздер бұл мультфильмді өз ана тілдеріңізде көре алатындарыңызға біз өте қуаныштымыз», – деді Марина Жигалова-Озкан. Бес басты кейіпкерді дыбыстайтын әртістер Лос-Анджелесте бекітілді. Бір дауысты бекіту үшін фильм режиссері кем дегенде 5-6 дауыс ұсынуы тиіс болды. Басқа кейіпкерлердің дауыстары Алматы қаласында «Уолт Дисней Компани ТМД» компаниясының Disney Character Voices бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен бекітілді. «Көліктер 2» мультфильмінің кейіпкерлерін қазақша дыбыстағандардың қатарында Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Нышанбек Жұбанаев және Азамат Қанапияев бар. Мультфильмді шығарушыларға Қанапияев дыбыстаған Мэтр ерекше ұнапты. «Біз естіп көрген Мэтрлердің ең үздіктерінің бірі», – деді олар. «Біз осы премьераны 5 жыл күтеміз дегенше, мультфильмнің кейіпкерлері қазақ тілін жетік меңгеріп алды», – деп қалжыңдады Вадим Голенко. Сөзін қорытындылай келе Марина Жигалова-Озкан осы жылдың аяғында мультфильм DVD– дисктерінде шығатынын айтты. Мультфильмді қазақ тілінде көргісі келетін әрбір адам осы дискіні алып көре алады. «Көліктер 2» – бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Болашақ» Қауымдастығы, «Меломан» компаниясы, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры және бүкіл әлемге әйгілі екі киностудияның бірігіп шығарған сыйлығы.

Мәліметтер: Уикипедиядан

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Бұл мультфильмнің бірінші бөлімі шыққанда отбасымызбен отырып тамашалағанбыз. Өте қызықты. Әсіресе Молния Маккуйннің ең сонында өз қарсылсына көмектесетін эпизоды өте катты ұнайды. Кейінінен бұл мультфильмнің комп.қа арналған ойындарында сатып алып әбдан ойнадық қой :)) Екінші бөлімін прокатка шыға салысымен міндетті түрде көремін деп едім алайда әлі күнге дейін уақытым болмай жүр. Мына постта тіпті мультфилімнің өзінде салып қойыпсыздар енді көрмеске болмайды :))

  2. Иә, Айнұр, енді көрмесең ұят. Меніңше аудармасы өте сәтті әрі табысты шығыпты. Риза болдым көріп. Кинотеатрдан мен де көре алмап ем.

  3. мультфильмді көру үшін бассаңыз “This video contains content from Disney, who has blocked it on copyright grounds” деп жызылып тұр. Оны көру мүмкіндігі жоқ қой, неге youtube-ке жүктегенсіздер?

  4. Басқа байнетұғырға жүктеп әкеліп қоюға уәде береміз. Оқырман(көрермен) қауымнан бұл үшін кешірім сұраймыз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар